Хабарлама Қаратал аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына депутат сайлауды 2023 жылғы 29 қазанға тағайындау туралы

Хабарлама

Қаратал аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына депутат сайлауды 2023 жылғы 29 қазанға тағайындау туралы

 

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 2-3) тармақшасына, 101-бабының 3-1-тармағына сәйкес:

 

Қаратал аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қаратал аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына № 8 сайлау округі бойынша депутатының сайлауын тағайындады.

 

№ 8 сайлау округі Қаратал ауданы, Үштөбе қаласының №№ 138, 142, 144 сайлау учаскелерінің шекараларында орналасқан.

 

Сайлау 2023 жылғы 29 қазанға тағайындалды, мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну 2023 жылғы 30 тамызда басталып, 2023 жылғы 28 қыркүйекте сағат 18.00-де аяқталады.

Мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ұсыну құқығы саяси партияларға, қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ олардың құрылымдық бөлімшелеріне (филиалдары мен өкілдіктеріне), егер тиісті өкілеттік Жарғыда көзделген жағдайда және Азаматтарға өзін-өзі ұсыну жолымен тиесілі болады.

 

Қаратал аудандық сайлау комиссиясы

 

 

 

Дата публикации
29 августа 2023