Жетісу облысы Қаратал аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына № 8 сайлау округі бойынша депутатының сайлауын тағайындау туралы

ҚАРАТАЛ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ

 

Қаратал аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына

№ 8 сайлау округі бойынша депутатының сайлауын тағайындау туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 2-3)-тармақшасыны, 101-бабының 3-1-тармағына сәйкес Қаратал аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қаратал аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына № 8 сайлау округі бойынша депутатының сайлауы 2023 жылғы 29 қазанға тағайындалсын.
  2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2023 жылғы 29 қазанға тағайындалған Қаратал аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына № 8 сайлау округі бойынша депутатының сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Осы қаулы «Қаратал» газетінде және Қаратал аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.

 

 

Аудандық сайлау

         комиссиясының төрағасы                                              А. Истыбаева

 

         Аудандық сайлау

         комиссиясының хатшысы                                              Д. Тлектесов

 

 

 

2023 жылғы 29 тамыздағы

№ 43 Қаулы

Үштөбе қаласы

Дата публикации
29 августа 2023