«Қаратал ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ-сінің «Қаратал ауданының орталық кітапханасы» КММ-сі бойынша 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері жөніндегі аналитикалық анықтамасы

«Қаратал ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ-сінің «Қаратал ауданының орталық кітапханасы» КММ-сі бойынша 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері жөніндегі аналитикалық анықтамасы

        Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау объектісі: «Қаратал ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Қаратал ауданының орталық кітапханасы» КММ-сі.

       Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабы 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлкеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №18 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының  2-тармағының 4-тармақшасына сәйкес «Қаратал ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ-сінің «Қаратал ауданының орталық кітапханасы» КММ-сінің 2023 жылғы 3 тамыздағы № 50 н/қ бұйрығымен құрылған жұмыс тобымен өткізілді.          
           Жұмыс тобы жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауды төмендегі бағыттар бойынша жүзеге асырды:

          1)  персоналды басқару, кадрлардың ауысуы:

Персоналды басқару қызметі өз қызметінде ҚР Конституциясы, «ҚР Еңбек кодексіне» сәйкес, сондай-ақ  Жарғыны  басшылыққа ала отырып мамандықтары мен біліктіліктері бойынша қызметкерлерді жұмысқа қабылдайды.

Персоналды басқару қызметінің міндеті – мемлекеттік органда ұжымдық мәдениетті қалыптастыру және еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын қамтамасыз ету болып табылады. Жұмыс күшіне қажеттіліктерді жоспарлау, жұмыс күшін тарту мен босату, кадрлардың біліктіліктерін арттыру және қолдана білу, кадр құрамының сақталуы және оларды қамқорлыққа алу, кадрлық қызметпен шешілетін мақсаттарды жүзеге асырудағы шығындарды жоспарлау арқылы жұмыс жүргізілуде. «Қаратал  ауданының орталық кітапханасы» коммуналды мемлекеттік мекемесінде  штаттық кесте бойынша  - 23 бірлік.

2023 жылдың 4 айында жұмыстан босатылған  қызметкерлер саны - 2, оның ішінде өз өтініші негізінде жұмыстан 1 адам босатылды.Бала күтіміне байланысты-1 қызметкер босатылды. Ескерту мен сөгіс алғандар жоқ.

Жақын туыс адамдардың бір мекемеде істеуі: Кітапханада -23 адам қызмет атқарады. Талдау қорытындысы бойынша мекеме директорының жақын туыстары мекемеде қызмет атқармайды.

         2) Мемлекеттік қызмет көрсету: Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің мәні аудан тұрғындарына кітапханалық қызмет көрсету.   

      Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты аудан тұрғындарына кітапханалық-библиографиялық анықтамалық қызмет көрсету болып табылады.     

      Ғылымының техниканың, әдебиеттің негізгі салалары бойынша кітап қорына қажетті әдебиеттер жинақтайды.

      Өз қорын мерзімдік баслымдарға жазылу жолымен толықтырады , сақтайды.

      Аудан орталығындағы және бүткіл аудандағы оқырмандарына абонемент, оқу залы арқылы кітаптар, журналдар мен газеттер береді.

      Оқырмандармен жеке жұмыс жүргізеді, кітаптар таңдауына көмектеседі, оларды қызықтыратын тақырыптарды зерделейді.

      Кітаптарды насихаттау бойынша көпшілікпен жұмыс жүргізеді, кітап көрмелерін, оқырмандар конференцияларын, әдеби кештерді, библиографиялық шолуларды, кітап тұсаукесерлерін  т.б. ұйымдастырады.

         

           3) Мемлекеттік сатып алу

          Мемлекеттік сатып алу бекітілген, нақтыланған жылдық жоспары негізінде ұйымдастырылды және өткізілді.  Мемлекеттік сатып алу бойынша қаңтар мен сәуір айлары аралығында алынған  электр жарығы – 75178,46 тг,интернет қызметіне-346000, А4 форматтағы ақ қағаз -24540 тг, картридж толтыру - 65000 тг, оргтехникаларға -139000,1С бағдарламасына -153997,2 тг, кеңсе тауарларына – 34805,6 тг, эстетикалық дизайн қызметіне-170000 тг. ,перефериялық кеңсе жабдықтарын  жөндеуге-68000 тг., маркер тақтасы- 200000 тг.жұмсалды.    

Қорытынды және ұсыныстар

          Мекемеде атқарылған іс шаралар жоспарға сай. Мекемеге шағымдар түспеді және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ деген қорытындыға келді.

           Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жақсарту бойынша ұсыныстар:

  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдардың алдын алу шараларын күшейту;
  • Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағаны үшін тікелей басшылықтардың тәртіптік жауапкершілігін күшейту;

 

1.      

Шамшидинова  Лаззат

Серіковна

 

 

 

Жұмыс тобының мүшелері

 

 

Қаратал ауданының  орталық кітапханасының әдіскері 

 

 

 

2.      

Мамирова Райхан

Қаратал ауданының орталық кітапханасының кітапханашсы

3.      

 

 

 

4.      

Кулуева Гульмира

 

 

 

Бектемысова Асель

 

 

Қаратал ауданының  орталық кітапханасының кітапханашысы

 

Қаратал ауданының балалар кітапханасының кітапханашысы

(келісім бойынша)

Дата публикации
21 августа 2023