ҚАРАТАЛ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ
Қаратал ауданының Қызылбалық ауылдық округі әкімінің сайлауын
тағайындау туралы
Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1 бабына сәйкес Қаратал аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қаратал ауданының Қызылбалық ауылдық округі әкімінің сайлауы 2023 жылғы 24 қыркүйекке тағайындалсын.
- 2023 жылғы 24 қыркүйекке тағайындалған Қаратал ауданының Қызылбалық ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы Қаратал аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және "Қаратал" газетінде жариялансын.
Аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы А. Истыбаева
Аудандық сайлау
комиссиясының хатшысы Д. Тлектесов
2023 жылғы 16 тамыздағы
№ 38 Қаулы
Үштөбе қаласы