Қаратал ауданы Қызылбалық ауылдық округі әкімін сайлау бойынша сайлау округін құру туралы

ҚАРАТАЛ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ

 

Қаратал ауданы Қызылбалық ауылдық округі әкімін сайлау бойынша

сайлау округін құру туралы

 

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы " Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңның 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Қаратал аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қаратал ауданының Қызылбалық ауылдық округі әкімінің сайлау бойынша сайлау округі құрылсын:
  • Қызылбалық ауылдық округінің әкімінің сайлауы – Қызылбалық сайлау округі Қызылбалық ауылдық округі шекараларында;
  1. Сайлау округтерінің тізімі, олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып, Қаратал аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және "Қаратал" газетінде жариялансын.

 

 

Аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                                А. Истыбаева

 

Аудандық сайлау

комиссиясының хатшысы                                Д. Тлектесов

                             

 

 

 

 

 

 

 

2023 жылғы 16 тамыздағы

№ 37 Қаулы

Үштөбе қаласы

Дата публикации
16 августа 2023