Қаратал ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы

Қаратал ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы

 

Халық саны – 40288 адам, қала саны – 19422 адам, ауылдық саны 20866 адам, ұлттық құрамы: қазақтар – 63,2% (25625 адам), орыстар – 21,2% (6985 адам), кәріс – 7,8% (3176 адам), құрт - 4,7% (2957 адам), басқалары – 4,8% (1545 адам).

Ауданда 1 аудандық маңызы бар қала, 9 ауылдық округ,                      34 ауылдық елді мекен бар.

 

        Экономикалық белсеңді халықтың саны –  19327 (2022 ж. -  22181)

        Жұмыспен қамтылғандардың саны – 18231 (2022  ж. -  21115)

        Жалдамалы қызметкерлер саны – 12151 (2022 ж. -  13778)

        Өзін-өзі жұмыспен қамтыған қызметкерлер саны – 6080 (2022 ж. -  7337)

        Жұмыссыздар саны – 1096 (2022 ж. -  1066)

        Жұмыссыздық деңгейі  – 5,7  пайыз  (2022ж.- 4,8  пайыз).

        2023 жылы ауданда 2269 жұмыс орнын құру жоспарланған, оның ішінде 1350 тұрақты, 919 уақытша (2022 ж.-1599).

        2023 жылғы 01 қаңтар мен 30 маусым аралығында аудан бойынша 1793 жұмыс орны құрылды (оның ішінде 921 уақытша), бұл жылдық жоспардың 79,1 пайызын құрады.

        Ауданынымызда жастар саны 10659 бірлік. Ол тұрғындар санының төрттен бір бөлігін құрайды. Оның ішінде: қаладағы жастар саны – 6454, ауылдарда - 4205.

        Neet жастар саны – 156 бірлік, техникалық және кәсіптік білім ұйымдарында білім алатын (БСТК) студенттер саны – 299 бірлік.

        Аудан бюджетінің облыстағы үлесі 2,3 пайыз немесе 9 млрд. 868,4 млн. теңге, 2023 жылдың 1 шілдесіне қаржы жоспары 2 млрд. 750,0 млн. теңге.

 

Ауданның негізгі көрсеткіштерінің 2023 жылғы 6 айдағы нақты орындалуы туралы

Қаратал ауданы 2023 жылдың 6 айдағы негізгі көрсеткіштердің орындалуы:

2023 жылдың 6 айдағы өнеркәсіпте 3481,0 млн.теңге (2022 ж.-1504,2 млн.теңге) өнімі өндіріліп, өнімнің нақты индекс көлемі 194,4 пайыз орындалды.

Ауыл шаруашылығында өндірілген өнімнің көлемі 8416,7 млн. теңге (2022 ж. – 8460,0 млн.теңге), физикалық индекс көлемі 103,3 пайыз құрады.

 Бөлшек тауар айналымының көлемі 4161,2 млн.теңге (2022 ж. – 3541,3 млн.тенге) физикалық индекс көлемі 100 пайыз құрады.

2023 жылдың 6 айдағы тартылған инвестиция көлемі 6331,4 млн. тенге немесе физикалық индекс көлемі 2,1 есе құрады (2022 ж. –2864,5 млн.тенге).

Құрылыс жұмыстарының көлемі 3123,9 млн. теңге құрайды, нақты индекс көлемі 2,3 есе болды (2022 ж. – 1295,9 млн.теңге) және тұрғын үй құрылыс көлемі 3,9 мың шаршы метр, нақты индекс көлемінің орындалуы 115,6 пайыз құрайтыны (2022 ж. – 3,3 мың ш.м.).

Дата публикации
03 августа 2023