«Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын Қаратал ауданының жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Қаратал ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 27 cәуірдегі № 211 қаулысына өзгертулер енгізу туралы

                                                                                                Жоба

                        

«Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын Қаратал ауданының жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Қаратал ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 27 cәуірдегі № 211 қаулысына өзгертулер енгізу туралы

 

 

      «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 5–тармағына және «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16299 тіркелген) сәйкес, Қаратал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қаратал ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 27 cәуірдегі «Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын Қаратал ауданының жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» № 211 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

  1. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын Қаратал ауданының жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесінің 2-тармағының 12) тармақшасы, 5-тармағының екінші абзацы және 6-тарауы, сондай-ақ аудандық бюджеттен қаржыландырылатын Қаратал ауданының жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 9, 10 және 11-қосымшалар 2023 жылдың 31 тамызына дейін әрекет ететін болып белгіленсін.

3.Осы қаулының орындалуын бақылау Қаратал ауданы әкімі аппаратының басшысына Е.Жетібаевқа жүктелсін.

  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

        Қаратал ауданының әкімі 

Ұ.Досымбеков

 

Дата публикации
03 июля 2023