Жетісу облысы Қаратал ауданы
Үштөбе қаласының әкімін сайлау қорытындысы туралы
ХАБАРЛАМА
2023 жылы 25 маусымда Үштөбе сайлау округі бойынша Қаратал ауданының Үштөбе қаласы әкімінің сайлауы өтті.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Уштөбе қаласының әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау нәтижелерін анықтады:
Үштөбе қаласы бойынша сайлаушылар тізіміне 17269 азамат енгізілді, оның 11687-і, немесе 67,7% дауыс берді, жарамсыз бюллетендердің саны – 139, «бәріне қарсы» деген жолда – 522.
Кандидаттар саны – 3, 3 – өзін өзі ұсынғандар.
Әр үміткерге берілген дауыстар саны:
Зәбиев Ә.Қ. –3102; Құсайынов Ф. – 3864; Оңғаров Қ.Т. – 4060
Үштөбе қаласының сайланған әкімі Оңғаров Қуат Тәттіғалиұлы, 1966 ж.т., Қаратал ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы, Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған, «Amanat» партиясының мүшесі.
Қаратал аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-11 - бабының 1 тармағына сәйкес, 2023 жылғы 25 маусымда сайланған Қаратал ауданы Үштөбе қаласының әкімін 2023 жылғы 26 маусымдағы № 35 қаулысымен тіркеді.
Қаратал аудандық сайлау комиссиясы