Қаратал ауданы Үштөбе қаласының сайланған әкімін тіркеу туралы

Қаратал ауданы Үштөбе қаласының

сайланған әкімін тіркеу туралы

        

         "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабы 9) тармақшасына, 45-бабына, 113-11-бабына сәйкес, 2023 жылдың 25 маусымында  өткен Қаратал ауданы Үштөбе қаласы әкімінің сайлауындағы учаскелік сайлау комиссияларының дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларының негізінде Қаратал аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қуат Тәттіғалиұлы Оңғаров, 1966 жылы туған, Қаратал ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы, Қаратал ауданы Үштөбе қаласының сайланған әкімі болып тіркелсін;
  2. Сайланған әкімді тіркеу туралы хабарлама жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын;
  3. Сайланған әкімге тиісті куәлік берілсін.

 

 

 

   Аудандық сайлау

   комиссиясының  төрағасы                                А. Истыбаева

 

   Аудандық сайлау

   комиссиясының  хатшысы                                Д. Тлектесов

  

 

 

 

 

2023 жылғы 26 маусымдағы

№ 35 Қаулы

Үштөбе қаласы

 

Дата публикации
26 июня 2023