2021 жылғы 10 қаңтарда бірыңғай сайлау округінің аумағы бойынша Қаратал аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауы өтті.
Қаратал ауданы бойынша сайлаушылар тізіміне 29 804 азамат енгізілді, оның ішінде 27 591 адам немесе 92,57 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды.
Дауыс беруге 27 591 адам қатысты, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерлерде 238 сайлаушы дауыс берді.
Сайлауға 4 саяси партия қатысты.
Дауыс беру кезінде саяси партиялар үшін мынадай дауыс саны берілді:
Қазақстан Халық партиясы – 2 111 дауыс немесе беруге қатысқан сайлаушылар дауысы 7,66 %;
«Nur Otan» партиясы – 23 005 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 83,46 %;
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 2 044 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 7,42% ;
«ADAL» саяси партиясы – 403 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 1,46 %.
Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының жеті және одан да көп пайызын алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттарды бөлу келесідей белгіленген:
«Nur Otan» партиясы – 11 мандат;
Қазақстан Халық партиясы – 1 мандат;
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 1 мандат.
Қаратал аудандық сайлау комиссиясы