Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің желілеріндегі резервтік, бос және қолжетімді қуаттар, сыйымдылыктар, орындар мен өткізу қабілеті туралы ақпарат Қаратал ауданы әкімдігінің «Қаратал таза су» ШЖҚ МКК-ның 2026 жылгы 4-тоқсаны бойынша

Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің желілеріндегі резервтік, бос және қолжетімді қуаттар, сыйымдылыктар, орындар мен өткізу қабілеті туралы ақпарат Қаратал ауданы әкімдігінің «Қаратал таза су» ШЖҚ МКК-ның 2026 жылгы 4-тоқсаны бойынша

Казакстан Республикасының 2018 жылғы 20 желтоқсандағы «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 26-бабына сәйкес табиғи монополия субъектісі тоқсан сайын өзінің интернет-ресурсында, ал ол болмаған жағдайда уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін «табиғи монополия субъектісінің желілері мен реттеліп көрсетілетін кызметтерді ұсыну кезінде пайдаланылатын өзге де мүлкінің резерві, бос және қолжетімді қуаттары, сыйымдылықтары, орындары, өткізу кабілеті, желілерді орналастыру схемалары туралы ақпаратты» жариялауға міндетті.

Қаратал ауданы әкімдігінің ШЖҚ МКК «Қаратал таза су» табиғи монополия субъектісі ретінде тұтынушылардың сумен жабдыктау және су бұру кызметтеріне косылу мәселелері бойынша акпаратка колжетімділігінің ашықтығын қамтамасыз ету максатында Сіздердің назарларыңызға Үштөбе каласы мен Қаратал ауданы ауылдарындагы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің бос және қолжетімді қуаттары, сондай-ак желілерінің откізу кабілеті туралы ақпаратты ұсынады.

Орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі Қаратал жерасты су кен орнындағы артезиандық жерасты көздерінен ауыз суды өндіруді, оны залалсыздандыруды және тұтынушыларға жеткізуді камтамасыз етеді.

Осы максатта сумен жабдыктау жүйесіне мыналар кіреді:

5 дана артезиандық ұнғыма;

2 дана таза су резервуары;

І және ІІ көтерілімдегі 2 дана сорғы станциясы;

ұзындығы әркайсысы 23 км болатын 2 су құбыры желісі;

жалпы ұзындығы 119,335 км су тарату желілері.

Жерасты суынын сапасы ГОСТ 2874-82 «Ауыз су» және 2015 жылғы 16 наурыздағы №209

Санитариялық қағидалары талаптарына сәйкес халықтың шаруашылық-ауыз су кажеттіліктеріне қойылатын талаптарға сай келеді. Су сапасын бақылауды Қазақстан Республикасы Денсаулык сактау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялык бакылау комитетінің ШЖҚ РМК «Ұлттық сараптама орталығының» аттестатталған зертханасы жүзеге асырады.

Үштөбе каласы мен Қаратал ауданы ауылдары халқының 76,5%-ы орталықтандырылған сумен жабдықтау қызметімен қамтылған.

Су құбырының белгіленген өндірістік қуаты тәулігіне 4,0 мың текше метрді құрайды. Нақты ен жоғары пайдалану көлемі тәулігіне 2,013 мың текше метрге жетеді. Тиісінше бос қуат көлемі тәулігіне 1,987 мың текше метрді құрайды.

Су бұру жүйесі саркынды суларды кабылдауды, тазартуды және бұруды камтамасыз етеді. Ауыз суды пайдаланғаннан кейін тұтынушылар оны кәріз желісіне ағызады.

Кәріз желілерінің жалпы ұзындығы 35,448 км, оның ішінде:

-өздігінен ағатын кәріз желілері 13,261 км;

-кысымды кәріз желілері 22,187 км.

Сарқынды суларды тазарту құрылыстары жүйесіне:

-10 дана кәріз сорғы станциясы;

-байланыс резервуарлары;

-сарқынды су кабылдағыштары;

-тұнба алаңдары;

-сүзу алаңдары кіреді.

Саркынды сулардың соңғы қабылдағышы ауданы 22,13 гектар болатын сүзу аландары болып табылады.

Келіп түсетін және тазартылған саркынды сулардың сапасын бақылауды аттестатталған зертхана жүзеге асырады. Мұндай кызметтерді көрсету үшін мемлекеттік сатып алу веб-порталы аркылы әр тоқсан сайын шарт жасалады.

Саркынды суларды нақты қабылдау көлемі тәулігіне шамамен 646,1 текше метрді құрайды. Кәріз жүйесінің жобалық қуаты тәулігіне 1200 текше метр. Тиісінше бос қуат көлемі тәулігіне 553,9 текше метрді құрайды.

Су бұру кызметтерімен халыктың 25%-ы қамтылған.

Қоса беріліп отырған желілердің орналасу схемасы тұтынушыларға су арнасына жүгінгенге дейін өз учаскесінде желінің бар-жоғын және қосылу нүктесінің қолжетімділігін анықтауға мүмкіндік береді. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің колданыстағы белгіленген қуаттары тұтынушының өтінішінен кейін қолданыстағы магистральдық желілерге қосылуға мүмкіндік береді.

Тұтынушыларды сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне косу 2019 жылғы 12 тамыздағы №73 Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүйеге косылуға арналған техникалық шарттар негізінде жүргізіледі.

Су пайдаланушыларды орналастыру болжанған нүктелердегі кұбырлардың материалдары, диаметрлері және құдықтардың болуы туралы ақпарат «Мемлекеттік қала құрылысы кадастры» РМК- ның Геопорталына енгізілген және ашық қолжетімді. Сондай-ақ, аталған акпарат «CorelDRAW» бағдарламасындағы арнайы геоақпараттық схемаға енгізілген және оны әлеуетті кызмет тұтынушылары Қаратал ауданы әкімдігінін «Қаратал таза су» ШЖҚ МКК-нан тікелей ала алады.

Дата публикации
14 октября 2026