Қаратал ауданы әкімдігінің қаулысының күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Қаратал ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы облысының Қаратал ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 5 қаңтардағы «Қаратал ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы» №05 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4507 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Ұ. Досымбеков