Қаратал ауданы әкімдігінің 2026 жылдың 3 тоқсанның қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау есебі

Қаратал ауданы әкімдігінің 2026 жылдың 3 тоқсанның қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау есебі

 

2026 жылдың 3 тоқсанның қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 1215.

Оның ішінде: Қағаз түрінде (11.1) – 0, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетудің баламалы мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен қағаз түрінде көрсетілгендер саны түрде (11.2) – 14,                       электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны  (11.3, 11,4)  328, "электрондық  үкімет"  арқылы www.egov.kz, www.elicense.kz – 797 және мемлекеттік корпорация арқылы (ХҚКО) – 76 қызмет көрсетілген.   

Бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы ақпарат.

«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына сәйкес, Қаратал ауданы әкімінің 2025 жылғы                                             10 желтоқсандағы № 93-ө н/қ өкімімен бекітілген Қаратал ауданы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы заңнаманы сақтау бойынша 2026 жылға арналған Ішкі мемлекеттік бақылау туралы жоспарына сәйкес 3 тоқсанда үш мекемеге ішкі бақылау іс-шаралары жүргізілді. Олар: «Қаратал ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» ММ—сі, «Қаратал ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ—сі, «Үштөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ—сі.

Тексеру нәтижесінде мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде бұзылған фактілер анықталып, 5 ұсыныстар жолданған. Атап айтқанда;

Бақылау іс-шара нәтижесі бойынша Қаратал ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінде көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі бұзылуының 7 фактісі анықталды.

Анықталған кемшілікке жол берген мекеменің бас маманы                                  А. Рамазанова  2026 жылғы 19 маусымдағы №17 ж/қ бұйрығына сәйкес, жүктілікке және босану демалысында болуына байланысты, тәртіптік жауапкершілікке тартылмады.

Үштөбе қаласы әкімі аппаратының жауапты маманында мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттырғандығы туралы курсынан өтпегені анықталды. Бүгінгі күнге «Ең-алдымен адамдар» тақырыптағы біліктілігін арттырғандығы туралы курсынан өтіп, сертификатын алды.

Қаратал ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінде бұзушылықтар анықталмады. Бүгінгі күнге 5 ұсыныс орындалды.

Іс-шаралар бойынша ақпарат

2026 жылдың 3 тоқсанның қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтердің қағидаларының бұзылуының алдын алу және көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу бойынша мемлекеттік органдар тарапынан 45 - дөңгелек үстел, семинар-кеңес, ашық есік күндер мен жәрмеңкелер, тікелей эфир, акциялар өткізілді. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру іс-шараларымен 3285 халық қамтылды. Сондай-ақ, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қағидалары мен мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу бойынша 3 мақала жарияланды.

Бұдан бөлек, аудан әкімдігінің қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат, партия депутаттары, сондай-ақ мемлекеттік емес ұйымдар қызметкерімен арнайы мониторингтік топ құрылды. Мониторинг тобымен мемлекеттік ұйымға бару арқылы, мүмкіндіктері шектеулі адамдарға, ережелер мен ыңғайлылықты сақтау бойынша 7 мекеме қаралып тиісті нұсқаулықтар берілді.

Сондай-ақ, аудандық қоғамдық кеңес отырысында мемлекеттік            қызметтер көрсететін 1 округ әкімінің есебі тыңдалды. Нәтижесінде, 2 ұсыныс берілді. 2 ұсыныс орындалды.

Электрондық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында аудан бойынша 47 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары орнатылған, есептік кезеңде бұрыштар арқылы 3280 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Сервистік әкімдік арқылы 2189 қызмет көрсетілді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру                        «Ең алдымен адамдар» тақырыбындағы курсынан 1 мемлекеттік қызметші өтті.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жаксарту мақсатында берілген ұсыныстар

"Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларының (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы                             1 қазандағы №301 бұйрығына 1-қосымшамен бекітілген) (бұдан әрі – Қағидалар) 2-тарауының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті беруішінің кеңсе жұмыскері тіркеуді жүзеге асырып, басшыға жолдайды. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы (бұдан әрі-Басшы) орындаушыны – ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органды 15 (он бес) минут ішінде айқындайды делінген. Алайда, Басшыдан жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органды орындаушы етіп тағайындалмайды. Тек мемлекеттік қызметті берушінің кеңсе жұмыскеріне ғана жолдауға мүмкіндік бар.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін кеңсе жұмыскері арқылы салынып, Басшыға қол қоюға жіберіледі. Басшы қол қойғаннан кейін жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органга жолдауға мүмкіндік болады.

Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның қызметкері өтінішті тіркеп, басшысына жолдайды. Бөлім басшысы мемлекеттік қызметке қол қояды. Нәтижесінде «Ауылшаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру» туралы аудан әкімінің қаулысы аудан әкімімен емес, аудандық жер қатынастары бөлімі арқылы шығарылып, қол қоюшы аудандық бөлім басшысы көрсетіледі.

Осыған байланысты, аталған қызметті «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесінде Қағидаларға сәйкестендіру бойынша жұмыстар атқаруды ұсынамыз.

Мемлекеттік қызметін көрсету кезінде заңнамалар талаптарының сақталуына ішкі байқау (мониторинг) бойынша ақпарат

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы                                      8 желтоқсанындағы №78 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының 56 және                                        57 тармақтарына сәйкес "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу"  мемлекеттік қызметін көрсету кезіндегі заңнамалар талаптарының сақталуына Тастөбе ауылдық округі әкімі аппаратына ішкі бақылау (мониторингі) жүргізілген.

Ішкі бақылаудың нәтижесінде, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі (бизнес-процесс) яғни, өтініштің уақытылы тіркелмеуі 1 факт (2025 жыл) анықталды.

Сондай-ақ, жұмыс кестесі бұзылуының 1 фактісі (2026 жыл) анықталды.

Тастөбе аулыдқ округі әкімі тарапынан округ қызметкерлеріне мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы анықталған кемшіліктер бойынша болашақта болддырмау мақсатында жиын өткізіліп, қатаң ескертілді.

Бүгінгі күнге 2 ұсыныс орындалды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар ауданда болмады.

Есептік кезеңде мемлекеттік органдармен мерзімі бұзылған және қызметті алушыларға қызметті көрсетуден  негізсіз бас тарту жағдайлары тіркелмеген.

  Есептік кезеңде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасы бойынша шағымдар түскен жоқ.

 

 

              Қаратал ауданы әкімі

        аппаратының персоналды

        басқарудың бірыңғай

        қызметі бөлімінің бас инспекторы                                М.Бодаубекова

Дата публикации
06 октября 2026