Қаратал ауданы әкімдігінің регламентін бекіту туралы

       

       Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 30-бабына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 2 сәуірдегі №22 «Астана, облыс, республикалық маңызы бар қала және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктерінің үлгілік регламенттерін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Қаратал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қаратал ауданы әкімдігінің регламенті бекітілсін.
  2. «Қаратал ауданы әкімдігінің регламентін бекіту туралы» Қаратал ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 31 мамырдағы №294 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  3. Қаратал ауданы әкімі аппаратының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

        осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

        осы қаулының Қаратал ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Қаратал ауданы әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

     

         Лауазымы                                                                       Аты-жөні

 

Қосымша

Қаратал ауданы әкімдігінің
2026 жылғы «___» __________
№ _____ қаулысына

 

Қаратал ауданы әкімдігінің

регламенті

 

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы Қаратал ауданы әкімдігінің Регламенті Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 30-бабына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және аудан әкімдігінің (бұдан әрі – әкімдік) отырыстарын дайындау және өткізу, әкімдік пен аудан әкімі (бұдан әрі – әкім) актілерінің жобаларын дайындау және ресімдеу тәртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті, Вице-Президенті, Үкіметі, Премьер-Министрі, облыс, аудан әкімдіктері мен әкімдерінің актілері мен тапсырмаларын орындауды ұйымдастыру тәртібін белгілейді.
  2. Әкімдік Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын тиісті аумақтың мүдделері мен даму қажеттіліктерін ұштастыра отырып іске асыруды қамтамасыз етеді.
  3. Әкімдіктің құрамын әкім аудан бюджеті қаржыландыратын әкім орынбасарларынан, әкім аппаратының басшысынан, атқарушы органдардың бірінші басшыларынан қалыптастырады.

Әкімдіктің дербес құрамын әкім айқындайды және аудандық мәслихат сессиясының шешімімен келісіледі.

  1. Әкімдіктің қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен және осы Регламентпен реттеледі.
  2. Әкімдік пен әкім қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді аудан әкімі аппараты (бұдан әрі – аппарат) жүзеге асырады.
  3. Әкімдіктің іс жүргізуін жүргізу және әкімдікке келіп түсетін хат-хабарларды өңдеу аппаратқа жүктеледі және Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің, нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес әзірленетін және әкімнің өкімімен бекітілетін тәртіппен жүзеге асырылады.
  4. Қаралатын мәселе бойынша әкімнің тапсырмаларына, сондай-ақ мемлекеттік органдардың сұрау салуларына ескертулер мен ұсыныстар болмаған жағдайда, ескертулердің немесе ұсыныстардың жоқ екендігі туралы ақпарат тек ресми электрондық пошта арқылы немесе заңнамаға қайшы келмейтін өзге де тәсілмен, оның ішінде электрондық құжат айналымы жүйесінің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, ресми хат жолдамай жіберіледі.
  5. Әкім орынбасарлары мен аппарат басшысы осы Регламентте белгіленген әкімдіктің қаулылары, әкімнің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын қарауға енгізу тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді.

2-тарау. Жұмысты жоспарлау

  1. Әкімдік отырыстарында қарау үшін мәселелердің тоқсан сайынғы тізбесін аппарат әкімдік мүшелерінің ұсыныстары негізінде әкімнің жетекшілік ететін орынбасарымен немесе аппарат басшысымен келісу бойынша жасайды.

Әкімдік отырыстарында қаралуы жоспарланған мәселелердің тізбесі жоспарланған тоқсанның алдындағы айдың 20-сынан кешіктірілмей әкіммен келісу бойынша аппарат басшысымен бекітіледі.

Бекітілген тізбе әкімдік мүшелеріне, сондай-ақ қажет болған жағдайда Үштөбе қаласының әкіміне, ауылдық округтердің әкімдеріне және басқа да лауазымды адамдарға жіберіледі.

Жоспарланған мәселені тізбеден алып тастау немесе оны басқа мерзімге ауыстыру туралы шешімді аппарат басшысы әкіммен келісу бойынша тиісті әкімдік мүшесінің отырыс өткізілетін күнге дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей енгізілген, негізді себептер көрсетілген жазбасы негізінде қабылдайды.

Қабылданған шешім туралы өз құзыреті шегінде мүдделі атқарушы органдар, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері және өзге де лауазымды адамдар хабардар етіледі.

Бір мәселені қайтадан алып тастау және/немесе оны қарау мерзімін ауыстыру мониторингін әкім орынбасарлары мен аппарат басшысы қамтамасыз етеді.

3-тарау. Әкімдік отырыстарын дайындау және өткізу

  1. Әкімдік отырыстары бейнеконференцбайланыс арқылы, сондай-ақ күндізгі немесе аралас форматтарда айына кемінде бір рет өткізіледі және оларды аппарат басшысы шақырады.

Кезектен тыс отырыстар әкімнің немесе әкімнің міндетін атқаратын тұлғаның бастамасы бойынша шақырылады.

  1. Әкімдік отырыстарына әкім төрағалық етеді, ал ол болмаған жағдайда – әкімнің міндетін атқаратын тұлға төрағалық етеді.
  2. Әкімдік отырыстары ашық болып табылады және қазақ және (немесе) орыс тілдерінде жүргізіледі.

Қажет болған жағдайда жекелеген мәселелер жабық отырыстарда қаралуы мүмкін.

  1. Әкімдік отырысы оған әкімдік мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда заңды болып есептеледі.

Әкімдік отырысында мәселені қарау нәтижелері бойынша қаулы қабылданады.

Қаулылар отырысқа қатысып отырған әкімдік мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады.

  1. Әкімдік отырыстарына Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттары, мәслихат депутаттары, Үштөбе қаласының әкімі, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ облыстық атқарушы органдардың және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде осындай құқық берілген өзге де лауазымды адамдар қатыса алады.
  2. Отырыста қарауға дайындалған қазақ және орыс тілдеріндегі материалдар отырысқа дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмей аппаратқа енгізіледі және мыналарды қамтиды:
  3. көлемі 5 (бес) беттен аспайтын анықтамалар, ақпараттық мәліметтер және материалдар;
  4. қаулылар мен хаттамалық шешімдердің жобалары;
  5. салыстырмалы кестелер, презентациялар (көлемі 10 (он) мегабайттан аспайтын және қаріп өлшемі кемінде 20 болатын, көрнекі ақпаратты көрсету форматына 16:9 сәйкес келетін түрлі түсті слайдтар);
  6. ақпараттық (талдамалық) баяндамалар (ұзақтығы 7-10 минуттан аспайтын);
  7. қатысушылардың тізімі;
  8. әкімдік отырысында қаралатын мәселелер бойынша басқа да материалдар.

Отырысқа арналған материалдар электрондық түрде енгізіледі, бұған Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңына сәйкес құпиялылық режимі мен отырыстарға қолжетімділікті шектеу талаптарын сақтай отырып енгізілетін қызмет бабында пайдаланылуы шектеулі ақпаратты немесе мемлекеттік құпияларды қамтитын құжаттар қосылмайды.

Отырысқа шақырылғандардың қатысуын аппарат қамтамасыз етеді.

Шақырылған тұлға аппарат ұйымдастырған отырысқа (кеңестерге) қатысуды және (немесе) қатысуын растауды қамтамасыз етеді.

Ерекше жағдайларда, әкімнің немесе әкімнің міндетін атқаратын тұлғаның тапсырмасы бойынша жоспарланған мәселеге өзгеріс енгізіліп, отырыс кезектен тыс өткізілген кезде материалдар аппаратқа оны өткізу күні енгізілуі және отырыс барысында қатысушыларға тікелей ұсынылуы мүмкін.

Материалдардың мазмұны мен оларды дайындау сапасын қаралатын мәселе өз құзыретіне жататын әкімдік мүшесі қамтамасыз етеді.

  1. Аппарат отырыстың күн тәртібінің жобасын жасайды және оны әкіммен немесе оның міндетін атқаратын тұлғамен келіскеннен кейін электрондық түрде әкімдік мүшелеріне және шақырылғандарға, ал қажет болған жағдайда басқа да лауазымды адамдарға отырысқа дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей аппарат басшысы бекіткен тарату көрсеткішіне сәйкес жібереді.

Отырыс материалдары уақтылы ұсынылмаған, сондай-ақ сапасыз ұсынылған жағдайда, әкімнің жетекшілік ететін орынбасары немесе аппарат басшысы жоспарланған мәселені қараудан алып тастау немесе оны басқа мерзімге ауыстыру туралы шешім қабылдайды және бұл туралы әкімге немесе оның міндетін атқаратын тұлғаға баяндайды.

Материалдарды уақтылы әрі сапалы ұсынуды тиісті органдардың бірінші басшылары және әкімнің жетекшілік ететін орынбасарлары және (немесе) аппарат басшысы қамтамасыз етеді.

Әкімнің тапсырмасы бойынша әкімдік отырысы шұғыл түрде өткізілген жағдайда қаралатын мәселелер бойынша материалдар аппаратқа оны өткізу күні енгізілуі мүмкін.

  1. Әкім немесе әкімнің міндетін атқаратын тұлға қол қойған және аппарат тіркеген отырыс хаттамасы 3 (үш) жұмыс күні ішінде хаттамада тиісті тапсырмалар берілген атқарушы органдарға, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелеріне және ұйымдарға орындау үшін электрондық түрде жіберіледі.
  2. Тапсырма берілген және өкілдері отырысқа қатысқан атқарушы органдар мен ұйымдар отырыстан кейін тапсырмаларды орындауға қол қойылған отырыс хаттамасының келіп түсуін күтпей, дереу кіріседі.

4-тарау. Әкімдік пен аудан әкімінің актілері жобаларын дайындау және ресімдеу

  1. Әкімдікке немесе әкімге тиісті шешім қабылдау үшін ұсыныстарды атқарушы органдар:
  2. мәселені шешу әкімдік немесе әкім құзыретіне кірген жағдайда;
  3. жергілікті атқарушы органдар арасында келіспеушіліктер туындаған кезде;
  4. мәселені шешу жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді талап еткен жағдайда енгізеді.
  5. 20. Әкімдік қаулыларының, әкім шешімдері мен өкімдерінің жобаларын (бұдан әрі – жобалар) дайындауды аппарат пен жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңына және осы Регламентке сәйкес жүзеге асырады.

Әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулыларының, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерінің жобаларын әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу тәртібі Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 5 шілдедегі №464 бұйрығымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №33048 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес жүзеге асырылады.

Жобаларды аудан бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өз құзыретіне сәйкес өз бастамасы бойынша немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың тапсырмалары бойынша әзірлейді.

Жобалар әкімнің тапсырмасы бойынша аппаратпен әзірленуі мүмкін.

  1. Қажетті материалдарды қоса бере отырып, әкім өкімдерінің жобаларын дайындау әкімшілік-өкімдік, жедел және жеке сипаттағы мәселелерді шешу үшін электрондық форматта жүзеге асырылады.

Өкімдердің жобалары аудан бюджетінен қаржыландырылатын мүдделі атқарушы органдармен және лауазымды адамдармен 3 (үш) жұмыс күні ішінде келісіледі.

Өкімнің жобасын келісуге алған кезде атқарушы органдар мен лауазымды адамдар оны басқа мүдделі органдардың алдын ала бұрыштамалауына жол бермей, бір мезгілде қарайды, сондай-ақ өзге де формальды себептер бойынша келісуден бас тартпайды.

Өкімнің жобасы 3 (үш) жұмыс күнінен немесе әкім белгілеген мерзімнен артық келісуде болған жағдайда, мұндай жоба әдепкі бойынша «келісілді» деп есептеледі.

Қызмет бабында пайдаланылуы шектеулі ақпаратты немесе мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын өкімдердің жобалары қағаз нысанында келісіледі.

  1. Жобалар:
  2. өз құзыреті шегінде мүдделі атқарушы органдармен, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен, бұл ретте жобаны келісуге мүдделілік қаралатын мәселелердің мәніне қарай айқындала отырып;
  3. қаржы саласындағы тиісті атқарушы органмен – қаржылық орындылығы және жобаның қаржыландырылуы қамтамасыз етілуі мәселелері бойынша;
  4. экономика саласындағы тиісті атқарушы органмен – экономикалық орындылығы және ел мен өңірдің экономикалық және әлеуметтік даму жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкестігі мәселелері бойынша;
  5. цифрландыру саласындағы облыстық бюджеттен қаржыландырылатын тиісті атқарушы органмен – цифрлық технологияларды, ақпараттандыруды, «электрондық үкіметті» дамыту, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру мәселелері бойынша келісіледі.
  6. Жобаны әзірлеуші жобаны мүдделі атқарушы органдарға, мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелеріне және ұйымдарға келісуге жібереді.

Жобаны келісуге алған кезде атқарушы органнан, мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшесінен және ұйымнан жобаны басқа мүдделі органдармен және ұйымдармен алдын ала келісуді талап етуге, сондай-ақ өзге де формальды себептер бойынша келісуден бас тартуға жол берілмейді.

Жоба органда немесе ұйымда белгіленген мерзімнен артық келісуде болған және ол бойынша жауап ұсынылмаған жағдайда, мұндай жоба әдепкі бойынша «келісілді» деп есептеледі.

  1. Жобаны әзірлеуші бір мезгілде жобада әкімдік қаулыларын және/немесе әкімнің шешімдері мен өкімдерін қабылданатын актіге сәйкес келтіру туралы нормаларды көздейді және/немесе оларды тиісті түрде келтіру туралы нақты мерзімдер белгілей отырып, тапсырма көздейді.
  2. Жобаларды әкім орынбасарларымен және аппарат басшысымен келісу міндеттерді бөлуге сәйкес жүзеге асырылады.
  3. Әкімдік қаулылары, әкімнің шешімдері мен өкімдері аппарат басшысы бекіткен таратуға сәйкес аппаратпен электрондық түрде жіберіледі.

Әділет органдарында тіркелуге жататын әкімдік пен әкім актілері тіркелгеннен кейін адресаттарға жіберіледі.

Құжаттарды уақтылы шығаруды және адресаттарға жіберуді аппарат қамтамасыз етеді.

  1. Әкімдік қаулыларының, әкімнің шешімдері мен өкімдерінің бұрын таратылған даналарын техникалық қателер болған жағдайда ауыстыру аппарат басшысының рұқсатымен ғана жүргізіледі. Бұл ретте бастапқыда таратылған құжаттарды аппарат кері қайтарып алады.
  2. Әкімдік пен әкім қабылдаған актілердің есебін жүргізуді, жүйелеуді және бақылау даналарын жүргізуді, оларға барлық ағымдағы өзгерістер мен толықтыруларды енгізуді аппарат жүзеге асырады.
  3. Әзірлеуші әкімдіктің немесе әкімнің Қазақстан Республикасының азаматтарының құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты немесе кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын қаулысын немесе шешімін алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде өзінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде, ал қажет болған жағдайда өзге де тілдерде баспасөз релизін орналастырады. Баспасөз релизінде әкімдік қаулысының немесе әкім шешімінің нақты мақсаттары, әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдары, сондай-ақ болжамды тиімділігі туралы ақпарат қамтылады.

5-тарау. Қазақстан Республикасы Президентінің, Вице-Президентінің, Үкіметінің, Премьер-Министрінің, облыс, аудан әкімдіктері мен әкімдерінің актілері мен тапсырмаларын орындауды ұйымдастыру

  1. Қазақстан Республикасы Президентінің, Вице-Президентінің, Үкіметінің, Премьер-Министрінің, әкімдік пен әкім актілері мен тапсырмаларының орындалуын ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі №976 «Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын дайындау және іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларымен жұмысты ұйымдастыру және олардың орындалуын бақылау, нормативтік құқықтық жарлықтарға мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы №10 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы» қаулысына, осы Регламентке және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
  2. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің, Үкіметінің, Премьер-Министрінің, облыс және аудан әкімдіктері мен әкімдерінің актілері мен тапсырмалары, сондай-ақ лауазымды адамдардың өз құзыреті шегіндегі тапсырмалары бақылауға алынады.
  3. Атқарушы органдардың бірінші басшылары орындауға жіберілетін Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің, Үкіметінің, Премьер-Министрінің, облыс және аудан әкімдіктері мен әкімдерінің заңдарының, актілері мен тапсырмаларының уақтылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.
  4. Әкімнің және оның орынбасарларының тапсырмасында құжаттарды орындау мерзімдері белгіленеді. Мерзімдер белгіленбеген жағдайда, құжат келіп түскен күннен бастап есептелетін бір айлық орындау мерзімі, ал «шұғыл» деген белгі болған жағдайда – он күндік мерзім белгіленеді.
  5. Тапсырма белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда, тапсырманы орындауға жауапты органның бірінші басшысы (немесе оның міндетін атқаратын тұлға) көрсетілген мерзімге дейін кемінде 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей кідірістің себептері туралы хабарлайды және белгіленген тәртіппен оны орындау мерзімін ұзарту туралы өтініш береді. Тапсырманы орындау мерзімін ұзартуға екі реттен артық жол берілмейді.
  6. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің, Үкіметінің, Премьер-Министрінің, облыс және аудан әкімдіктері мен әкімдерінің заңдарын, актілері мен тапсырмаларын орындау мерзімдерін бақылау жөніндегі қызметті қамтамасыз етуді әкім айқындайтын тәртіппен аппарат жүзеге асырады.
  7. Президентінің, Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің, Үкіметінің, Премьер-Министрінің, облыс және аудан әкімдіктері мен әкімдерінің заңдарын, актілері мен тапсырмаларының орындалу барысы туралы әкімді тұрақты түрде хабардар ете отырып, аппарат олардың орындалуын бақылау жөніндегі әкімнің қызметін қамтамасыз етеді.Әкім орынбасарлары, аппарат басшысы Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің, Үкіметінің, Премьер-Министрінің, облыс және аудан әкімдіктері мен әкімдерінің заңдарын, актілері мен тапсырмаларын орындаудың белгіленген тәртібін өрескел бұзу фактілері бойынша кінәлі лауазымды адамдарды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізуі мүмкін.
  1. Әкім, әкім орынбасарлары, аппарат басшысы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасының Вице-Президенті, Үкіметі, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, облыс әкімдігі мен әкімі қойған міндеттердің орындалуын және экономика салаларында мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етеді.
  2. Әкімдік мүшелері әкіммен немесе әкімнің міндетін атқаратын тұлғамен келісу бойынша әкімдік атынан орталық мемлекеттік органдардың кеңестеріне дербес қатысады, бұған Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Вице-Президенті, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Құрылтай Төрағасы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары, орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшылары қатысатын кеңестер жатпайды.

 

Дата публикации
30 сентября 2026