"Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 15 қарашадағы № 427 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 20 қарашада № 35381 болып тіркелді.
Ескерту. Тақырыптың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2026 № 199 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 229-30) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2026 № 199 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1 және 2-тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
С. Жакупова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
|
|
Қазақстан Республикасы |
"Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2026 № 199 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары (бұдан әрі – АӘҚКО) – жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылған және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адамдарға (отбасыларға) стационар, жартылай стационар, уақытша болу жағдайларында және үйде арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы;
4) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қордың қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
5) цифрлық жүйе – цифрлық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған цифрлық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың үйымдық-реттелген жиынтығы;
6) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін цифрлық объект;
7) электрондық өтініш – электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
8) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы).
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.06.2026 № 276 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) Мемлекеттік корпорация;
3) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы;
4) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы ұсынады.
Үшінші тұлғалардың өтініші Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес сенімхат бойынша беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші мен Мемлекеттік корпорация қызметкері цифрлық құжаттарды іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді беру арқылы немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда алады.
Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын талаптардың 8-тармағында көрсетілген құжаттар туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері және көрсетілетін қызметті алушы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы осы Қағидарларға 4-қосымшаға сәйкес сұрау салу арқылы алады.
Цифрлық жүйелерде мәліметтер сәйкес келмеген (болмаған) кезде көрсетілетін қызметті алушы өтінішке құжаттарды қоса береді.
көрсетілетін қызметті берушіде – мемлекеттік қызметті тіркеу және алу күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі;
порталда – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.
Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік қызметті алуға өтініш берген кезде өтініш берушіден тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы электронды қолхат береді, онда қабылданған құжаттардың тізбесі, өтінішті қабылдаған қызметкердің тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), өтінішті берген күні мен уақыты, сондай-ақ дайын құжаттардың берілген күні көрсетіледі, өтініш берушінің өтініші бойынша қолхат қағаз форматында өтініш берушіге беріледі.
Растайтын мәліметтерді алған кезде портал арқылы сұрау салуды жүзеге асырған көрсетілетін қызметті алушы өзінің ЭЦҚ-мен электрондық өтінішті куәландырады.
Көрсетілетін қызметті алушы талап етілетін құжаттарды берген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация, портал арқылы жүгінген кезде өтініштен алынған деректер автоматты түрде "Е-Собес" беріледі".
Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелді) белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді
Көрсетілетін қызметті алушы мен қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа мұқтаж азамат бір елді мекен шегінде тұруы қажет.
Мұқтаж азамат АӘҚКО-да тұрған жағдайда, актіні жасау талап етілмейді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарламаны, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орнын жібереді.
Тыңдау рәсімі ҚР ӘРПК-тің 74-бабына сәйкес жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға 2 (екі) жұмыс күні ішінде оң нәтиже не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне", жеке өзіне немесе Мемлекеттік корпорацияға жіберіледі.
Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оны одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
1) қамқорлыққа алынушыны әрекетке қабiлеттi деп тану немесе қорғаншының немесе қамқоршының не қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның өтініші бойынша оның әрекет қабiлетi шектелуiнiң күшiн жою туралы сот шешiм шығарған;
2) қамқоршының және/немесе әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектелген кәмелетке толған адам қайтыс болған;
3) қорғаншының және/немесе әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектелген кәмелетке толған адам Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен;
4) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған мәліметтердің дұрыс еместігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Осы Қағидалардың 17-тармағының 1), 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген фактілер анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 9-қосымшадағы нысанға сәйкес қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу туралы шешімді шығарады және көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылады.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.06.2026 № 276 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсеткен кезде Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына не цифрландыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.
|
|
"Әрекетке қабілетсіз немесе |
|
|
____________________________ |
Өтініш
Сізден _______________________________ мекенжайы бойынша тұратын,
кәмелетке толған әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі (керегінің
астын сызу) __________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және жеке сәйкестендіру нөмірі
көрсетілсін)
қорғаншылық (немесе қамқоршылық) белгілеуді сұраймын.
Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларға тексеру жүргізуге қарсы емеспін.
"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес менің және қорғаншылық белгіленетін адамның дербес деректерін жинауға және өңдеуге, цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді сақтауға және пайдалануға келісім беремін.
"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 129-бабының 3-тармағына сәйкес қорғаншы (қамқоршы) міндетін пайдақорлық мақсаттарды көздемей орындауға міндеттенемін!
|
20__жылғы "___" ____________ |
____________ |
||
|
|
азаматтың (шаның) қолы |
||
|
|
"Әрекетке қабілетсіз немесе |
|
|
|
|
2-қосымша |
|
|
Өтініш
Сізден ______________________________________ мекенжайы бойынша
тұратын, кәмелетке толған әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі
(керегінің астын сызу)
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және жеке сәйкестендіру нөмірі
көрсетілсін)
қорғаншылық (немесе қамқоршылық) белгілеуді сұраймын.
Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларға тексеру жүргізуге қарсы емеспін.
"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес менің және қорғаншылық белгіленетін адамның дербес деректерін жинауға және өңдеуге, цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді сақтауға және пайдалануға келісім беремін.
"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 129-бабының 3-тармағына сәйкес қорғаншы (қамқоршы) міндетін пайдақорлық мақсаттарды көздемей орындауға міндеттенемін!
Өтініш берушінің байланыс деректері:
Үй телефоны ___________________ ұялы телефоны ____________________
Электрондық пошта _______________________________________________
ЭЦҚ _____________________________________________________________
ЭЦҚ _____________________________________________________________
Өтінішке қол қойылған күні мен уақыты: ____.____________._______ жылы
____ сағаты ____ минуты ____секунды
|
|
"Әрекетке қабілетсіз немесе |
|
|
3-қосымша |
Ескерту. 3-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.06.2026 № 276 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
|
"Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі |
||||
|
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
||
|
2 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы |
Жоқ |
||
|
3 |
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері |
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: 1) көрсетілетін қызметті беруші; 2) Мемлекеттік корпорация; 3) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал); 4) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы жүргізіледі. |
||
|
4 |
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі |
1) құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 19 (он тоғыз) жұмыс күні; 2) Мемлекеттік корпорацияның құжаттарын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут; 3) Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут. |
||
|
5 |
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны |
Электрондық (ішінара цифрландырылған)/ қағаз түрінде |
||
|
6 |
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі |
Аудандардың. облыстық маңызы бар қалалардың, астананының және республикалық маңызы бар қалалардың, әлеуметтік қорғау жөніндегі уәкілетті органының қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу туралы бұйрығы не мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптардың 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" жіберіледі және сақталады. |
||
|
7 |
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Тегін |
||
|
8 |
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және цифрлық объектілерінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін түскі үзіліспен жұмыс істейді. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін қабылдау және беру сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін жүзеге асырылады. 2) Мемлекеттік корпорация бөлімшелерінде – Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес мереке және демалыс күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның кезекші халыққа қызмет көрсету бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін. Қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз электрондық кезек тәртібімен жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады. 3) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: 1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында: www.edu.gov.kz; 2) www.egov.kz. порталда жарияланған. |
||
|
9 |
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға немесе портал арқылы мынадай құжаттарды ұсынады: 1) "Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 1, 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжат немесе қызметті алушының цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); 3) азаматтың әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп тану туралы сот шешімі; 4) неке қию немесе бұзу туралы куәлік; 5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 026/е нысаны бойынша дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысын (қамқоршылық белгіленген жағдайда); 6) "Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20665 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұрғаны туралы мәліметтердің жоқ екені туралы анықтамалар; 7) 18 жастан асқан отбасы мүшелерінің әлеуетті қамқоршысымен бірге тұратын барлық адамдарға қамқоршылық белгілеуге жазбаша келісім (егер қамқоршы қамқоршымен бірге тұрады деп болжанған жағдайда) (еркін түрде). Көрсетілетін қызмет алушының әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектелген деп тану туралы, кәмелетке толған қамқоршылық тағайындалатын адамның әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектелген туралы, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының бірінші басшысы туралы туралы (Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының мамаманы өтініш білдірген жағдайда) және жоғарыда аталған 2, 3, 4, 5, 6 тармақшалардағы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорация тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден уәкілетті лауазымды адамдардың электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады. 18 жастан асқан әлеуетті қамқоршысымен бірге тұратын барлық адамдарға қамқоршылық белгілеуге келісім электрондық сұраным портал арқылы жеке кабинетке жолданады. Цифрлық жүйелердегі мәліметтер сәйкес келмеген (болмаған) жағдайда өтінішке тиісті құжаттар қоса ұсыналады. Құжаттарды портал арқылы жолдаған жағдайда құжаттар электрондық көшірме түрінде ұсынылады. |
||
|
10 |
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі белгілену; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 122-бабында бекітілген талаптарға сәйкес келмеуі; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы. |
||
|
11 |
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса), оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
1. Мемлекетті көрсету орындарының мекенжайы мынадай интернет-ресурстарда орналастырылған: 1) Министрліктер – www.enbek.gov.kz. "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі; 2) Мемлекеттік корпорация – www.gov4c.kz. 2. Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсету, өз бетінше жүріп-тұру, бағдарлану қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығына жүгіну арқылы Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жері бойынша жүргізеді. 3. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған кезде портал арқылы электрондық нысанда жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы порталдың "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар. Цифрлық құжаттар қызметі мобильді қосымшада авторизацияланған пайдаланушылар үшін қолжетімді. Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторизациядан өту, бұдан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өту және қажетті құжатты таңдау қажет. |
||
|
|
"Әрекетке қабілетсіз немесе |
|
||
|
|
4-қосымша |
|
||
Мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың цифрлық жүйелеріне сұрау салулар
"Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу" мемлекеттік қызметін көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушының ЖСН бойынша мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың цифрлық жүйелеріне "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы мынадай:
1) ЖТ МДҚ-дан жеке басын куәландыратын;
2) ЖТ МДҚ-дан қорғаншылық немесе қамқоршылық белгіленетін тұлғаның жеке басын куәландыратын;
3) ЖТ МДҚ-дан көрсетілетін қызметті алушының тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы;
4) ЖТ МДҚ-дан көрсетілетін қызметті алушының қамқорлығы белгіленетін адамды тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы;
5) ЖТ МДҚ-дан қорғаншылық немесе қамқоршылық белгіленетін кәмелетке толған адамның әрекетке қабілетсіз не әрекет қабілеті шектеулігі туралы;
6) ЖМЖ МДҚ -дан көрсетілетін қызметті алушының жылжымайтын мүлік туралы мәліметтер;
7) АХАЖ ЦЖ-дан көрсетілетін қызметті алушының неке (ерлі-зайыптылық) жасасуын, бұзылуын тіркеу туралы;
8) ЖТ МДҚ-дан көрсетілетін қызметті алушыны әрекетке қабілетсіз не әрекет қабілеті шектеулі деп тануы фактісінің болмауы туралы;
9) ҚР ДСМ ЦЖ-дан көрсетілетін қызметті алушының психикалық денсаулық орталығында есепте жай-күйі фактісінің болмауы туралы;
10) ҚР ДСМ ЦЖ-дан көрсетілетін 026/е нысаны бойынша дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 026/е нысаны бойынша дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы;
11) ҚР ДСМ ЦЖ-дан көрсетілетін "Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20665 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұрғаны туралы;
12) ЗТ МДҚ-дан арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының басшысы туралы.
Мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымның ЦЖ-дан сұратылатын мәліметтерді растайтын электрондық құжаттар тиісті мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ЭЦҚ-мен, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның, көрсетілетін қызметті берушінің немесе көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын жүзеге асырған ЭЦҚ-мен куәландырылады.
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЦЖ – цифрлық жүйе;
ЦЖ АХАЖ – "АХАЖ тіркеу пункті" цифрлық жүйесі;
ДСМ ЦЖ – "Денсаулық сақтау министрлігі" цифрлық жүйесі;
ЖМЖ МДҚ – "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер базасы
ЖТ МДҚ – "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер базасы;
ЗТ МДҚ – "Заңды тұлғалар" мемлекеттік деректер базасы;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба.
|
|
"Әрекетке қабілетсіз немесе |
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.06.2026 № 276 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының 2-тармағын және 20-бабын басшылыққа ала отырып, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, ауданның және облыстық маңызы бар қаланың халықты әлеуметтік қорғаудың жергілікті атқарушы орган, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № ____ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіз құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен /дәйексіз құжаттарды, атап айтқанда:
1) ________________________________________;
2) ________________________________________;
3) ….
ұсынуыңызға/көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін ұсынылған қажетті материалдардың, объектілердің, деректер мен мәлеметтердің сәйкес келмеуіне (керегін сызу) байланысты ___________________ мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден екі данада жасалды.
______________________________________________________________
Мемлекеттік корпорация қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы)
Орындаушы: ____________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Телефон: ____________________________________________
Алды: ____________________________________________
Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
20__ жылғы "___" _________
|
|
"Әрекетке қабілетсіз немесе |
Қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа
алуға ниет білдірген адамның тұрғын үй-тұрмыстық
жағдайларын тексеру
АКТІСІ
Ескерту. 6-қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.06.2026 № 276 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Тексеру жүргізілген күн
__________________________________________________________________
Тексеру жүргізілді
__________________________________________________________________
(өткізген тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы
тексеру
__________________________________________________________________
Әлеуметтік қорғау жөніндегі уәкілетті органының мекенжайы мен телефоны:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған жылы)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Тұрғылықты жері (тіркелген жері бойынша)
__________________________________________________________________
Білім _____________________________________________________________
__________________________________________________________________
Жұмыс орны
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжат
__________________________________________________________________
тұрғын үй иесінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
__________________________________________________________________
_______________________
Жалпы ауданы _ (шаршы метр) __________тұрғын үй алаңы ________
__________________________________________________________________
(шаршы метр)
Қонақ бөлмелерінің саны _________ тіркелген ______ (тұрақты, уақытша)
Тұрғын үйді абаттандыру _______________________________________
(абаттандырылған, абаттандырылмаған, ішінара ыңғайлы)
__________________________________________________________________
(жалға берілетін тұрғын үй, мемлекеттік / жекешелендірілген тұрғын үй, жеке үй, пәтер)
Санитариялық-гигиеналық жағдайы
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(жақсы, қанағаттанарлық, қанағаттанарлықсыз)
Тұрғын үй туралы қосымша мәліметтер (қамқоршыға арналған жеке бөлменің болуы, т.б)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
|
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) |
Туған күні |
Оқу, жұмыс орны, лауазымы |
Туыстық қатынас |
ескертпе |
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(қолы) (аты-жөні, тегі)
(күні)
Таныстым:
______________________________________________________________
(қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа алуға ниет білдірген адамдардың тегі,
аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), күні, қолы)
|
|
"Әрекетке қабілетсіз немесе |
|
|
7-қосымша |
Қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу туралы бұйрық
____________________________________________ (органның атауы)
№ ____________ 20__ жылғы "___"
"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 119 және 121-баптарына сәйкес, "Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 382 қаулысын басшылыққа ала отырып,
___________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
20__ жылғы "___" ______өтініші және ұсынылған құжаттар негізінде
БҰЙЫРАМЫН:
|
р/с № |
Қорғаншы (қамқоршы) |
Қамқоршы |
Қорғаншылық пен қамқоршылықты ресімдеудің негізі |
|
|
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) |
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған жылы |
|
Басшы ______________________________________________________
(ұйымның атауы)
____________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы)
Мөр орны
|
|
"Әрекетке қабілетсіз немесе |
Дәлелді бас тарту
Ескерту. 8-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.06.2026 № 276 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
____________________
(астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі жергілікті атқарушы орган), сіздің ________ жылғы № __________ өтінішіңізді қарап, "Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу" мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартқаны туралы хабарлайды.
___________________________________________________________________
(Бас тартудың негіздемесі).
Басшы (ұйымның атауы) ______________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы)
Мөр орны
|
|
"Әрекетке қабілетсіз немесе |
|
|
9-қосымша |
Шешім № ____ 20 ____ жылғы "_____" ________
___________________________________________
(органның атауы)
Қорғаншылықты немесе қамқоршылықты тоқтату туралы
Азамат(ша) ____________________________________________________
Жынысы________ туған күні _____ жылғы "_____" ________
Негіздеме _____________________________________________________
(себебін көрсету)
20 ___ жылғы "_____"__________________ бастап қорғаншылық немесе
қамқоршылық тоқтатылсын.
Басшы ________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Маман ________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК