Қаратал ауданының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Қаратал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер 7 669 877 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер 571 123 мың теңге;

салықтық емес түсімдер 8 076 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 7 732 мың теңге;

трансферттер түсімі 7 082 946 мың теңге, оның ішінде:

ағымдағы нысаналы трансферттер 2 274 583 мың теңге;

нысаналы даму трансферттер 898 586 мың теңге;

субвенциялар 3 909 777 мың теңге;

2) шығындар 7 728 003 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу 66 776 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер 87 510 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу 20 734 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 124 902 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 124 902 мың теңге.

Қаратал ауданының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы
Дата публикации
14 декабря 2020