Тұтынушының назарына

Техникалық шарттарды беру тәртібі

Тұтынушының назарына
Жылумен жабдықтау желілеріне қосылуға арналған техникалық шарттарды құрылыс/реконструкциялау жобаларын әзірлеу кезінде беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы «Цифрлық үкіметтің» веб-порталы немесе Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесі (МҚК АЦЖ) арқылы жүзеге асырылады.
Өтінім беруші қызметті өзінің жеке электрондық цифрлық қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдалана отырып, МҚК АЦЖ порталы арқылы дербес береді.
МҚК АЖЖ порталына кіру сілтемесі: https://gov.ggk.kz.
МҚК АЦЖ порталында техникалық ақаулар туындаған жағдайда, өтініш беруші жүгіне алады:
– МҚК АЖЖ порталының техникалық қолдау қызметіне;
– сәулет және қала құрылысы мәселелері жөніндегі жергілікті уәкілетті органға;
– мемлекеттік қызметтердің бірыңғай байланыс орталығының 1414 нөміріне.
Дата публикации
31 июля 2026