«БЕКІТІЛДІ»
Қаратал ауданы әкімдігінің
2026 жылғы №___ қаулысымен
«Қаратал ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту
және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
Үштөбе қаласы 2026 жыл
Қаратал ауданы әкімдігінің
2026 жылғы «___» __________
№___ қаулысына қосымша
«Қаратал ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту
және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕСІ
Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі. Осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
1) Ауданда ішкі саяси тұрақтылықты сақтау, мәдениет және тілдерді дамыту, спорт саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
2) Аудан аумағында бұқаралық спорттың дамуына жағдай жасау;
3) Аудан аумағында ұлттық мәдени құндылықтарды дәріптеу, мемлекеттік тілді дамытуға жағдай жасау.
Құқықтары:
1) Заңнамада белгіленген мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдарынан, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктерден және жеке тұлғалардан құжаттарды, қорытындыларды, материалдарды, мәліметтерді және ақпараттарды сұратып алуға;
2) мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен, мекемелермен және объектілермен өзара іс-қимыл жасауға;
3) мәдениет, спорт саласында кәсіпорындарға ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек көрсетуге;
4) мекеменің мүддесін барлық құзыретті органдарда, мекемелерде, ұйымдарда, сондай-ақ сотта және құқық қорғау органдарында білдіруге;
5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес тұрғындарға сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуге;
6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын іске асыруға;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да құқықтарды жүзеге асыру және басқа да міндеттерді орындауға;
8) мемлекеттік органдардың иелігіндегі ақпараттық деректер банкін пайдалануға.
Міндеттері:
1) Ауданда ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт саласындағы жұмыстарды ұйымдастырады;
2) Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметі актілерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмаларының, облыс әкімі мен аудан әкімінің қаулы, шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;
3) Саяси және стратегиялық жоспарлауды жүзеге асыру, ішкі саясат сұрақтары бойынша мемлекеттік органдар жұмысын үйлестіру, бірыңғай іс-әрекет жоспарын әзірлеу;
4) Ауданда саяси партиялар, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдар, кәсіподақтармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады;
5) Ауданда Қазақстан халқы Кіші Ассамблеясы хатшылығына ақпараттық-ұйымдастырушылық көмек көрсету, аудандағы этномәдени орталықтарымен бірлесе отырып, мемлекеттік саясатты іске асырады;
6) Аудан аумағында дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады. Діни ахуалға зерделеу жұмыстарын жүргізеді. Діни бірлестіктердің қызметіне мониторинг жүргізеді;
7) Әлеуметтік маңызы бар жобаларды орындауға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды тиімді іске асыруды қамтамасыз ету, оның ішінде конкурстық рәсімдер мен жобалардың іске асырылу барысына мониторинг жүргізеді;
8) Аудан аумағында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру аясында арнайы жобалар мен іс - шараларды іске асырады;
9) Қоғамдық-саяси, мәдени-бұқаралық идеалогиялық бағытта шараларды ұйымдастыру, қоғамдық пікір көшбасшылармен жүйелі жұмыс жасайды;
10) Аудандағы мемлекеттік органдар мен мекеменің лауазымды тұлғаларына Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін және мемлекеттік тілді қолдану мен насихаттау жөнінде әдістемелік көмек көрсету, мемлекеттік рәміздерді, тілді насихаттау мен қолдану тәжірибесін талдау, ақпараттарды өңдеу мен жинауды жүзеге асыру, осы саладағы жұмыстарды жетілдіру бойынша ұсыныстар жасайды;
11) Аудан аумағында мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді насихаттау аясында патриоттық, қоғамдық – саяси, мәдени көпшілік шаралар ұйымдастырады;
12) Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру, БАҚ құралдарына, интернет ресурстарға зерделеу жұмыстарын жүргізеді;
13) Жеке тұлғалардың тұрғылықты жерi бойынша және олардың көпшiлiк демалу орындарында спортпен шұғылдануы үшiн инфрақұрылымды жасау бойынша шаралар қабылдайды;
14) Аккредиттелген жергiлiктi спорт федерацияларымен бiрлесiп, спорт түрлерi бойынша аудандық спорттық жарыстарды өткiзеді;
15) Спорт түрлерi бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етеді.
16) Аудан аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етеді;
17) Аудан аумағында аудандық дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiреді;
18) Мемлекеттік көрсетілетін қызмет арқылы спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы, 2-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы, 3-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді;
19) Мынадай бiлiктiлiк санаттарын беру: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi;
20) Спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бiрыңғай өңiрлiк күнтiзбесiн iске асырады;
21) Аудан аумағында спорттық iс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiреді;
22) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нысанда және мерзiмдерде облыстың жергiлiктi атқарушы органына ұсыну үшін аудан аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөнiндегi ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады;
23) Аккредиттелген өңiрлiк және жергiлiктi спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлерi бойынша ауданның құрама командаларының тiзiмдерiн қалыптастырады және бекітеді;
24) Ресми дене шынықтыру және спорт iс-шараларын медициналық қамтамасыз етудi ұйымдастырады;
25) Дене шынықтыру және спорттық iс-шараларын өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiп пен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етеді;
26) Аудан аумағында спорт ғимараттарын салу мәселелерін үйлестіру және олардың халыққа қолжетімді болуын қамтамасыз етеді;
27) Спорт ұйымдарына әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
28) Аудандық мамандандырылмаған балалар-жасөспірімдер спорттық мектебінің қызметін қамтамасыз етеді;
29) Дене шынықтыру мен спортты насихаттауды жүргiзу, денсаулықтарын сақтау және нығайту, аурулардың алдын алу, жұмысқа қабiлеттiлiк пен белсендi ұзақ өмiр сүрудiң жоғары деңгейiне, сондай-ақ iзгiлiк мұраттары мен спорт құндылықтарына қол жеткiзу үшiн дене шынықтыру компоненттерiн практикалық пайдалануда халықтың бiлiм деңгейiн арттыру;
30) Мүгедектерге дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшiн спорт ғимараттарына баруға жағдай жасайды;
31) Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін қайта түлетуге, сақтауға, дамытуға және оны таратуға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырады;
32) Театр, музыка және кино өнері, кітапхана және мұражай ісі, мәдени-демалыс қызмет саласында ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құру, сондай-ақ олардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
33) Жергілікті маңызы бар тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
34) Ауданның мемлекеттік мәдени және спорт ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;
35) Өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;
36) Мүдделі мемлекеттік мекемелермен бірлесіп аудан әкімдігінің мәдениет және өнер саласын дамытуға арналған бағдарламаларын жүзеге асыру шараларын қабылдайды;
37) Мәдениет және өнер мекемелері мен кәсіпорындарының материалдық-техникалық базасының жағдайына, сондай-ақ аудан мәдениеті мен өнері саласының даму жағдайына талдау жасайды;
38) Мемлекеттiк тiлдi және басқа тiлдердi дамытуға бағытталған аудандық деңгейдегi iс-шараларды жүргiзу, тілдерді оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдайлар жасау;
39) Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы маңдайшаны облыстық және аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте орналастыру туралы хабарламаларды «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылдауды және қарауды жүзеге асырады;
40) Бөлімнің құзыретіне жататын ономостика қызметін үйлестіреді. Терминком бекіткен терминдердің халық шаруашылығы мен әлеуметтік салаларында енгізілуін қамтамасыз ету;
41) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аудандық мекемелерде, ведомстволарда, сондай-ақ меншік нысанына байланысты тәуелсіз ұйымдар мен кәсіпорындарда мемлекеттік тілді енгізу бөлігінде Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асыруға;
42) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 75-бабына сәйкес, тілдерді дамыту саласындағы функцияларды жүзеге асыратын бөлім басшысы мен оның бас маманына әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға уәкілетті.
43) Жеке және заңды тұлғалардың келіп түскен өтініштерді белгіленген тәртіпке сәйкес қаралып, өтініш иесіне немесе жоғары тұрған мемлекеттік органға жауап беру;
44) Жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүдделерiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру;
45) Мекеменің құзыреті шегінде аудан әкімі және әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындау және келісу;
46) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
1) Заңнамаға сәйкес бөлім қызметкерлерін және ведомстволық бағыныстағы мекеме, кәсіпорын басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
2) Заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім қызметкерлеріне көтермелеу, материалдық көмек көрсету, шараларын ұйымдастыру және тәртіптік жаза қолдана алады;
3) Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелеріне басшылық жасайды, бөлімге жүктелген тапсырмалардың орындалуына жауапкершілігі артады және міндеттерді жүзеге асырады;
4) Бөлім қызметкерлері арасында функционалдық міндеттер мен өкілеттіктерді бөлуді жүзеге асырады;
5) Мемлекеттік орган өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
6) Мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде Бөлімнің мүддесін қорғайды;
7) Бөлімнің қаржылық қаражаттарын, мүлкін басқарады, банк мекемелерінде есеп-шоттарды ашады және жабады, олар бойынша қаржылық операциялар жүргізуді жүзеге асырады, қаржылық құжаттарға қол қояды, қаржылық және есептілік тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді;
8) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер жүргізіп және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларына тікелей жауапкершілік танытады;
9) Өзіне тікелей бағынысты мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртіптік жауаптылықта болады;
10) Өз құзыреті шегінде заңнамаларға сәйкес басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады;
11) Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
1) «Қаратал ауданының ішкі саясат мәдениет тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қаратал ауданының орталық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2) «Қаратал ауданының Қабылиса жырау атындағы Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.