«Жылыту орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлерімен өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік сатып алу және материалдық құндылықтарды қабылдау кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы

№6 ХАТТАМА

 «Жылыту орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлерімен өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік сатып алу және материалдық құндылықтарды қабылдау кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы

 

Үштөбе қаласы                                                              15 маусым 2026 жыл

 

Төраға: Бокенбаев Т.Р. – «Жылыту орталығы» ЖШС директоры

Хатшы: Тайсерикова А.Т. – техникалық бөлім инженері, комплаенс офицер

Қатысушылар: Қазандық шаруашылықтың мамандары

                                                          Күн тәртібі:

  1. Тауарлық-материалдық құндылықтарды қабылдау кезінде заң талаптарын сақтау.
  2. Қызметтік міндеттерді орындау барысында мүдделер қақтығысының алдын алу.
  3. Қазандықтағы ішкі бақылау шараларын жетілдіру.

Тыңдалды:

          Күн тәртібіндегі мәселе бойынша қазандықтың бас есепшісі қазандықтың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін сатып алынатын материалдар мен жабдықтарды қабылдау кезінде ашықтық пен заңдылық қағидаттарын сақтау қажеттігін атап өтті.

      Жиналыс барысында қызметкерлерге тауарлық-материалдық құндылықтарды қабылдау, есепке алу және пайдалану кезінде жалған құжаттарды рәсімдеуге, нақты орындалмаған жұмыстарды қабылдауға және қызметтік қкілеттіктерді жеке мүдде үшін пайдалануға жол бермеу қажеттегі түсіндірілді. Сондай-ақ мүдделер қақтығысының туындауына себеп болатын жағдайларды дер кезінде анықтау және болдырмау мәселелері қарастырылды.

Қаулы етілді:

  • Тауарлық-материалдық құндылықтарды қабылдау кезінде белгіленген рәсімдер қатаң сақталсын.
  • Материалдарды қабылдау және есептен шығару құжаттарының дұрыстығына жауапты тұлғалардың бақылауы күшейтілсін.
  • Мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда басшылыққа дереу хабарлау қамтамасыз етілсін.
  • Қазандықтағы ішкі бақылау тетіктерінің сақталуына тұрақты мониторинг жүргізілсін.
  • Осы хаттаманың орындалуын бақылау қазандық мастері Р.Б.Мысықовқа жүктелсін.

 

Жиын төрағасы                                                   Бокенбаев Т.Р.

 

Хатшы                                                                   Тайсерикова А.Т.

 

Дата публикации
15 июня 2026