2026 жылға арналған Қаратал ауданы әкімінің аппаратының, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының және аудандық бөлімдердің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған тәуекелдерді жою жөніндегі ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
|
№ |
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі |
Ұсынымдар / іс-шаралар |
Орындалу мерзімі |
Аяқталу нысаны |
Жауапты орындаушылар |
|
1 |
Мемлекеттік қызмет көрсету барысында заңнама талаптарының бұзылу тәуекелі |
Мемлекеттік қызметтер бойынша тәуекелдер картасын әзірлеу және әр қызмет бойынша бақылау парақтарын енгізу. Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнама талаптарын түсіндіру бойынша семинарлар өткізу және жауапты мамандардың біліктілігін арттыру |
2026 жылғы 1 қазан дейін |
Тәуекелдер картасы, бақылау парақтары, семинар хаттамалары, сертификаттар |
Аудан әкімі аппараты, барлық бөлімдер мен ауылдық округтер |
|
2 |
Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде адам факторының әсер ету тәуекелі
|
Мемлекеттік қызметтердің 100% электрондық форматта көрсетілу мүмкіндігін талдау және ұсыныстар енгізу
|
2026 жылғы 15 шілде
|
Талдау анықтамасы, уәкілетті органға енгізілген ұсыныстар |
Аудан әкімі аппараты |
|
3 |
Жер қатынастары саласында шешім қабылдау кезінде ашықтықтың жеткіліксіз болуы |
Жер учаскелерін беру, жалдау мерзімін ұзарту және нысаналы мақсатын өзгерту бойынша қабылданған шешімдерді тоқсан сайын ресми интернет-ресурстарда жариялау |
Тоқсан сайын
|
Ресми интернет-ресурстардағы жарияланымдар, скриншоттар, мониторинг анықтамасы |
Ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі/ Ауылдық округ әкімдері |
|
4 |
Мемлекеттік сатып алу рәсімдерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау мүмкіндігі |
Мемлекеттік сатып алу заңнамасының талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу және сатып алу рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету |
Тоқсан сайын |
Семинар хаттамалары, түсіндіру материалдары, мониторинг қорытындысы |
Барлық бөлімдер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары |
|
5 |
Кадрлық рәсімдер барысында мүдделер қақтығысының туындау тәуекелі |
Басшылық құрам мен жауапты мамандардан мүдделер қақтығысының жоқтығы туралы жыл сайынғы декларациялық растау алу. Мүдделер қақтығысын анықтау және алдын алу бойынша тұрақты мониторинг жүргізу |
Тоқсан сайын |
Растау парақтары, мониторинг қорытындысы, анықтама |
Аудан әкімі аппараты, барлық мемлекеттік мекемелер |
|
6 |
Ашықтық деңгейінің жеткіліксіздігі |
Азаматтар үшін «Ашық есік күндерін» ұйымдастырып, мемлекеттік қызмет көрсету және жер қатынастары мәселелері бойынша жеке қабылдаулар өткізу |
Тоқсан сайын |
Фотоесеп, қатысушылар тізімі, БАҚ-та және әлеуметтік желілерде жарияланған ақпарат |
Бөлімдер мен ауылдық округтер |