Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру қағидаларын, сондай-ақ олардың сипаттамасын бекіту туралы

Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру,
омырауға тағатын белгілерді беру қағидаларын, сондай-ақ олардың сипаттамасын
бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының
2014 жылғы 29 шілдедегі № 300 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет
министрлігінде 2014 жылы 5 тамызда № 9675 тіркелді.
Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт
министрінің 29.04.2020 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-
бабының 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а.
28.07.2022 № 211 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен
соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Қоса беріліп отырған Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын
беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру қағидалары, сондай-ақ
олардың сипаттамасы бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің
29.04.2020 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен
соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Стратегиялық даму департаменті (Д.Ү. Қамзебаева) заңнамада белгіленген
тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік
тіркеуге ұсынуды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік
тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет"
ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес дене шынықтыру және спорт саласындағы
кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Спорт және
дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Е.Б. Қанағатовқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен
соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Спорт және дене шынықтыру
істері агенттігінің төрағасы
Т. Есентаев

Дата публикации
20 мая 2026