Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022
жылғы 15 сәуірдегі № 123 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет
министрлігінде 2022 жылғы 15 сәуірде № 27595 болып тіркелді.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10
1) тармақшасына және "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан -бабының
Республикасы Заңының 43-2-бабының сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 3-тармағына
1. Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидалары
осы бұйрыққа сәйкес бекітілсін. 1-қосымшаға
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік
тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік
тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың
1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер
ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А.Ә. Сарбасовқа жүктелсін.
4. Осы бұйрыққа сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер 2-қосымшаға
министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен
соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т. Дуйсенова