Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 287 бұйрығы. Қазақстан
Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 30 маусымда № 32993 болып
тіркелді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 12-бабы 5) тармақшасының
жиырмасыншы абзацына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы"
Қазақстан Республикасы Заңының сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 10-бабына
1. Қоса беріліп отырған Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың
жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық
көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру
құралдарымен, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, қамтамасыз ету қағидалары
бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің
Әлеуметтік қызметтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік
тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік
тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың және 1) 2
көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды ) тармақшаларында
қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми
жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Т. Дуйсенова