
Қаратал ауданының аумағында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік құрылыс саясатын жүргізеді.
Тұрғын үй құрылысы бойынша бюджеттік бағдарламаларға сәйкес аудандық объектілерді салу, реконструкциялау және күрделі жөндеу бойынша жылдық және перспективтік бағдарламаларды әзірлейді.
Инженерлік инфрақұрылым объектілерін салу, реконструкциялау және күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады және үйлестіреді.
Аудан аумағында сәулет және қала құрылысы қызметін жүзеге асырады.
Аудан аумақтары мен елді мекендерде қала құрылысын жоспарлау, ұйымдастыру және дамыту қызметін жүзеге асырады.
Заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген аудан аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемасын (қалалық жоспарлау жобасын), ауылдық елдi мекендердiң бас жоспарларын iске асыру жөніндегi қызметтi үйлестiреді.
Заңнамада белгіленген тәртіппен салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізеді.