
Халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыру мақсатында халықты әлеуметтік қорғау саласын дамыту және жетілдіруге ықпал ету мемлекеттік саясатын іске асыру бойынша жергілікті мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асырады.
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатын іске асыру, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қызметтер мен әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру және үйлестіру, қолданыстағы заңнамаға сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету болып табылады.
"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246 Заңының 2-бабы 1-тармағы негізінде жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246 "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңының 2 тармағының 2 тармақшасына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмайды: 1) табысы аз болып табылмайтын адамдарға (отбасыларға); 2) Осы баптың 6 – тармағында аталған адамдарды қоспағанда, еңбекке қабілетті мүшесі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан отбасына-жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан күннен бастап алты ай ішінде беріледі; 3) алушының кінәсінен бұрын жасалған әлеуметтік келісімшарт бұзылған және (немесе) әлеуметтік келісімшартта көзделген міндеттемелер орындалмаған жағдайларда адамға (отбасына) – атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш жасаудың алдындағы алты ай ішінде; 4) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін көрінеу жалған мәліметтер және (немесе) дәйексіз құжаттар ұсынған адамдарға (отбасыларға) – олар ұсынылған күннен бастап алты ай ішінде; 5) учаскелік комиссияның материалдық жағдайын тексеру нәтижелері бойынша дайындалған қорытындысына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек көрсетуді қажет етпейтін адамдарға (отбасыларға) тағайындалмайды
"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 Бұйрығының (бұдан әрі - қағидалар) 4 – тармағына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адам (отбасы) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі туралы ақпарат алу үшін тұрғылықты жері бойынша Орталыққа, ал тұрғылықты жері бойынша Орталық болмаған жағдайда-кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жүгінеді. Тұрақты тұратын жері бойынша тіркеу болмаған кезде тұрғылықты жері бір елді мекен шегінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш жасалған күннің алдындағы алты ай ішінде уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркелумен расталады.