
Ауыл шаруашылық саласында мемлекеттiк саясатты жүзеге асырады. Ауданының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастырады. Агроөнеркәсiптiк кешенді тұрақты экономикалық және әлеуметтік дамытуды қамтамасыз етеді. Бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімін және оның қайта өңдеу өнімдерін өндірудің экономикалық жағдайларын жасайды. Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
- қаладағы жер қатынастарын реттеу саласында бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізу;
- Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі айқындаған шеңберде жер заңнамасы саласындағы негізгі бағыттар мен басымдықтарды жоспарлау және іске асыру.