Мансап

Еңбек жолын 1999 жылы Алматы қаласында математика мұғалiмi болып бастады.

2000 — 2002 жылдары ҚР Мемлекеттiк кiрiстер министрлiгi Сараптама және болжау департаментiнiң жетекшi, бас маманы, бөлiм бастығы лауазымдарын атқарды.

2002 — 2008 жылдары — ҚР Кедендiк бақылау агенттiгi Кедендiк кiрiстер департаментiнiң бөлiм бастығы, басқарма бастығының орынбасары.

2008 — 2009 жылдары — ҚР Премьер-Министрi Кеңсесi Әлеуметтiк-экономикалық бөлiмiнiң бас сарапшысы.

2009 — 2015 жылдары — Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi Tсеп комитетi бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары, бөлiм меңгерушiсi.

2015 жылғы желтоқсаннан бастап ҚР Президент Әкiмшiлiгi Мемлекеттiк бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлiмiнiң инспекторы лауазымында болды.

2017 жылғы қазанда конкурс бойынша «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметiнiң кадр резервiне алынды.

2018 жылғы 18 сәуiрден бастап — Ақмола облысы Егiндiкөл ауданының әкiмi.