Округтің жер көлемі 13057 га. Округ орталығы Кәлпе ауылы. Округке Кәлпе, Қанабек, Қарашеңгел, Айдар ауылдары жатады. Атаулы елді мекендерде 594 аула бар. Жалпы тұрғындар саны 2909 адамды құрайды. Кәлпе ауылы бойынша 368 аула, 1728 тұрғын, Қанабек ауылы бойынша 149 аула, 794 тұрғын, Қарашеңгел ауылында 51 аула, 266 тұрғын, Айдар ауылында 30 аула, 121 тұрғын бар.
Орталығы Кәлпе ауылы мен Үштөбе қаласының ара қашықтығы 16 шақырым.
Округ бойынша 1 ауылдық әкімі аппараты,1 учаскелік полиция пункті, 1 ауылдық ветеринарлық пункті, 3 мектеп, 1 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 1 ФАП, 1ФП, 2 пошта торабы, 1 Қазақтелеком, 3 мешіт, 2 Мәдениет үйі, 1 ФОК, 1 үстел теннис залы халыққа қызмет көрсетуде. Бұл мекемелерде 71 мұғалім, 1 дәрігер, 11 медбике қызметкер, 4 ветеринарлық қызметкер, 1 учаскелік полиция инспекторы, 2 Қазпошта қызметкері және 3 имам жұмыс атқарады. ФОК пен Теннис залында 19 адам жұмыс жасайды. Әкім аппаратында 6 мемлекет қызметкері, 5 техникалық қызметкер жұмыс атқаруда. 2025 жылдың ішінде жеке тұлғалардан 47, заңды тұлғадан 12 өтініш түсті, мемелекеттік қызмет көрсету «Е Лицензиялау» ақпараттық жүйе арқылы 26 өтініш түсіп, 26 қанағаттандырылды, дәлелді бас тарту болған жоқ. 12 айдын ішінде 54 шешім, 71 негізгі қызмет, 27 жеке құрам бойынша өкім шығарылды. 59 жеке қабылдау жүргізіліп, 91 азамат қабылданды. Қарастырылған сұрақтар: әлеуметтік, ауылшаруашылық, жер т.б. Оларға ауызша жауап берілді.
Округ бойынша 4 ауылда тұрғындармен тұрақты 4 кездесу өткізілді. Айдар ауылында суармалы су, Айдар ауылына газ жүргізу мәселесі. Қанабек ауылында ағаш кесу мәселесі Қарашеңгел ауылында жанбай қалған жарық шамдарды ауыстыру мәселелері көтерілді. Айдар ауылына газ жүргізу үшін жер бөлініп, мемлекеттік тіркеуден өткізілді. Қарашеңгел ауылына газ жүргізу үшін жұмыстар ұйымдастырылып, жер бөлу туралы шешім шығарылды.
Округ әкімшілігінде 12 айда егов мобильді қосымшасы арқылы 192 қызмет көрсетілді. Оның ішінде 147 электронды цифрлы қолтаңба ашылып, 45 әр түрлі анықтамалар берілді. Одан бөлек 147 отбасы мүшелері туралы т.б анықтамасы берілді.
Жолбарыс батыр ауылдық округіне қарасты Кәлпе ауылындағы «Соғыстан қайтпаған жауынгерлерге арналған» ескерткішке жөндеу жұмыстары жасалды. Ұтып алған мердігер «Атланта» ЖК.
Жолбарыс батыр ауылдық округіне қарасты Қанабек ауылында фельдшерлік амбуллатория ғимаратының құрылыс жұмыстары аяқталып, желтоқсан айында қолданысқа берілді.
Кәлпе ауылында үстел теннисі мен біріктірілген бокс залы ғимаратының құрылысы аяқталып, іске қосылды.
Ауылшаруашылық саласы бойынша
Ауыл шаруашылығы – ауылдың негізгі тіршілік көзі.
Округ көлемінде 13057 га жер бар, оның ішінде егістік жер 2817,5 га, жайылымдық -7038, шабындық -150 га, ауыл тұрғындарының жері 3116 га.
2025 жылдың 01 шілдесіне мал басы:ірі-қара -4450 бас, 5900 бас қой, 850 бас ешкі, 950 бас жылқы, 7 бас түйе, 4100 құс бар.
2025 жылы көктемгі дала жұмыстары жүргізіліп, 650 гектар ылғал жабылды, 440 гектар жер тырмаланды, 1365 гектар көктемгі жер жырту жұмыстары жүргізілді. Амиакты селитраға 24 шаруа шожалығынан 66 тоннаға сұраныс берілді. Арзандатылған дизель отыны 6900 литр алынды. 82 га арпа егіліп 1722 ц, 458 га жүгеріден 5462 ц ,126 га соя жиналып 3150 ц, 12 га күнбағыстан 240 ц өнім алынды. 416 га қант қызылшасы егілген. Өнімді жинау жұмыстары 25 қазаннан кестеге сәйкес басталып, өткізу жұмыстары аяқталды. Барлығы 18 058 740 тонна өнім жиналды. Сонымен қатар 2 га бақша, 61 га картоп, 59 га көкөніс, 10 га суданка, 362 га бірінші жылғы жоңышқа, 401 га көпжылдық жоңышқа жиналды.
Ауылшаруашылық санағы онлайн және офлайн түрінде жүргізілді.
2024 жылы 3 азамат «Ауыл аманаты» бағдарламасымен несие алуға құжаттарын өткізіп, 2025 жылы Ж. Аупбаева 5 млн. 600 мың теңге несие алды, 5 миллион теңгеге 10 ірі қара мал сатып алып, 600 мың теңгеге жем-шөп алды. 1 азамат несие алудан бас тартты, 1 азамат құжаттарын рәсімдеуде.
Бюджет
2025 жылдың 12 айына төлем бойынша жоспар 106142 мың теңге.
Игерілгені 106131 мың теңге. Игеру пайызы 99,99
Жоспар бойынша округ аппаратын ұстау үшін 12 айға 45134 мың теңге. Игерілгені 45125 мың теңге. Игерілу пайызы 99,98
Елді мекендердің көшелерін жарықтандыруға және жөндеу жұмыстарына 28398 мың теңге қаражат жұмсалды, соның ішінде көше жарығына 5 460 мың теңге жұмсалды. Елді мекенді абаттандыру мен көгалдандыруға 21381 мың теңге жұмсалды.
Салық бойынша
|
Салық түрі |
2025 жылға жылдық жоспар (мың теңге) |
Нақты түскені (мың теңге) |
Орындалу % |
|
Табыс салығы КБК-101202 |
3 000 |
6745 |
224 |
|
ЖТ мүлік салығы КБК-104102 |
300 |
300,5 |
100 |
|
ЖТ көлік салығы КБК-104402 |
5 500 |
9230 |
167 |
|
Жер салығы КБК -104302 |
30 |
30 |
100 |
|
ЗТ көлік салығы КБК- 104401 |
200 |
200 |
100 |
|
Барлығы |
9030 |
16505,5 |
182 |
Инвестиция тарту бойынша
2025 жылы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ы арқылы 16 шаруа қожалығы 19 ауылшаруашылық техникасын лизингке алып, қолдануда. Инвестиция құны 336 млн. 020 мың. теңге. Жоспар 100 пайызға орындалды.
|
№ |
ШҚ атауы |
Техника маркасы |
Техника құны, (теңге) |
ескерту |
|
1 |
Молжигитова |
Зумлион |
21 млн.530 мың |
Стат тіркелді |
|
2 |
Молжигитова |
Зумлион |
15 млн.830мың |
Стат тіркелді |
|
3 |
Маулен |
МТЗ 82/1 |
11 млн. 280 мың |
Стат тіркелді |
|
4 |
Зарина |
МТЗ-922 |
11млн. 980 мың |
Стат тіркелді |
|
5 |
Егемендік |
фронтальный погрузчик |
14 млн.250 мың |
Стат тіркелді |
|
6 |
Мухамад |
МТЗ-82 |
9 млн.730 мың |
Стат тіркелді |
|
7 |
Малайсары |
МТЗ-82 |
9 млн.730 мың |
Стат тіркелді |
|
8 |
Омар |
ЮТО-904 |
14 млн. 330 мың |
Стат тіркелді |
|
9 |
Нұр-Әділ |
ЮТО-1304 |
20 млн.030 мың |
Стат тіркелді |
|
10 |
Бегимова |
ЮТО-904 |
14 млн. 330 мың |
Стат тіркелді |
|
11 |
ТОО «Гладиус Каратал |
JINMA -1304 (з) |
105млн. |
Стат тіркелді |
|
12 |
Ергазин |
YTO –Х904 |
14 млн.330 мың |
Стат тіркелді |
|
13 |
Асанов |
Ловол 1304 |
20 млн.030 |
Стат тіркелді |
|
14 |
Бутинбаев |
ЮТО-1304 |
20 млн.030 мың |
Стат тіркелді |
|
15 |
Азимбай |
YTO –Х904, рулон |
14 млн. 330 мың 8 млн. теңге |
Стат тіркелді |
|
16 |
Елдар |
МТЗ 82/1 |
11 млн. 280 мың |
Стат тіркелді |
|
|
Барлығы |
|
336 млн. 020 мың |
|
Әлеуметтік сала
Ауылдық округте нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша жұмыстар атқарды. 12 айда 30 қоғамдық жұмысшы қабылданды. «Жастар практикасы» 1 азамат, «Күміс жас» бағдарламасымен 7 азамат 7 шаруа қожалығына жұмысқа алынды. «Әлеуметтік жұмыс орындары» бағдарламасымен 45 жұмысшы шаруа қожалықтарына тіркелді. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға қатысты іс-шараларды іске асырылды, комиссия қызметіне қатысты құжаттарды рәсімдеп, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ішінен еңбекке жарамды отбасы мүшелерін жұмыспен қамтуға бағыт-бағдар беріп көмек көрсетілді. Бүгінгі күнде 23 отбасының өтініші қарастырылып 16 өтініш қанағаттандырылды. Округ бойынша жалғызбасты қарттарға, зейнеткерлерге және мүмкіншілігі шектеулі азаматтарға 7 демеушілік көмек, 6 әкімшілік көмек көрсетілді. Округте 53 мүгедек және 268 зейнеткер тұрады.
Білім беру
Қанабек орта мектебінде «Тұмар Building» ЖШС-гі күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, бүгінгі күнде шағын футбол алаңының табаны құйылып, қоршаудың қадалары қойылды. Сынып бөлмелердің есіктері ауыстырылды. Жұмыс толығымен аяқталды.Округ мектептерінде барлығы 373 оқушы білім алуда. Кәлпе орта мектебі бойынша: 107 бала, Қанабек орта мектебі бойынша-60 бала, Қарашеңгел орта мектебі бойынша – 23 бала ыстықтамақпен қамтылған.
Санитарлық-тазалық жұмыстары
Қаңтар айынан бастап округ аумағында қар тазалау және құм төгу жұмыстары атқарылды. Ағымдағы жылдың 15 наурыз айынан бастап көктемгі санитарлық жұмыстары жоспарлы түрде өткізілуде. Ақпан айынан бастап қоғамдық жұмысқа 30 азамат қабылданған болатын, жыл аяғына дейін 2 азамат округтің санитарлық тазалық жұмыстарын атқарды. Қоғамдық жұмысшылар күнделікті облыстық маңызы бар Кәлпе-Үштөбе тас жол бойының тазалығы мен Кәлпе-Балпық би кенті, сонымен қатар Кәлпе, Қанабек, Қарашеңгел мен Айдар ауылдарының аумағында тазалық жұмыстары тұрақты атқарылады. Ауыл тұрғындары мен округ аумағындағы мекемелердің, нысандардың қызметкерлері мен жұмысшылары қатыстырылған жоспарлы сенбілік, тазалық күндері ұйымдастырылды.
Әскерге жұмылдыру
Мерзімді әскери шақыру бойынша Жолбарыс батыр ауылдық округінде тізім бойынша 26 азамат бар. Оның 16 – студент, анықтамалары толық қорғаныс бөліміне өткізілді. Бабикен Данияр 3- ші топтағы мүгедек. Құжатын қорғаныс бөліміне өткізді.Қайрат Ернар мекен-жайын Ескелді ауданына ауыстырған.Талғат Ерасыл Жарасұлы мекен-жайын Талдықорған қаласына ауыстырған.Бейсен Балғын мекен-жайын Талдықорған қаласына ауыстырған.Серік Әділет Берікұлы мен Исакер Есіл Динрасулұлы сот шешімімен қылмыстық жауапқа тартылған.Кенжебек Аңсар анасымен Алматы қаласына көшіп кетті. Разайман Әділет Фархатұлы қазан айында, Исқали Алихан Арманұлы әскер қатарына аттанды. Шоберебаев Мирас Кенжебекұлы мен Иманғали Ердос Ерғалиұлының ата-аналары балаларын әскерге жіберуге қарсылық білдіруде.2025 жылы 6 азамат әскер қатарына жұмылдырылып, жоспар 100 пайызға орындалды.
Аббаттандыру
Кәлпе ауылы бойынша 150 үй Қанабек ауылы бойынша 60 үй орталықтандырылған газ құбырына қосылды. Округ бойынша, орталық аллея, Жолбарыс батыр кесенесіне, мәдениет үйіне жалпы 85 түп қарағай ағашы мен 35 тал арша ағаштары отырғызылды. Сонымен қатар 3000 дана шырайгүл (петуния) гүлдері отырғызылды. Қураған ағаштардан тазарту жұмыстары жүргізілді. Кәлпе ауылының Б.Қасенов, Жылқыбай көшелеріне, Қарашеңгел ауылы, Тарақ би көшесіне қиыршық тас төселді (бөлінген қаражат 9 млн 428 мың теңге болатын,соңғы маслихат шешімімен 651 мың теңге бөлініп, 10079 мың теңгеге үш көшеге қиыршық тас төселді). Сонымен қатар Қарашеңгел ауылындағы Жамбыл көшесіне асфальт төселді, (ұзындығы 1290 м,) Кәлпе ауылы, Д.Қонаев көшесіне жарықтандыру жүргізіліп, 11 шам орнатылды. Кәлпе ауылының кіре берісіндегі «Кемел Тоқаев » алма бағының шығыс бетінде, Үштөбе-Мұқыры тас жолының екі жағына 20 түп Шренк шыршасы отырғызылды. Әкімшіліктің қаржысы есебінен. Құны 300 мың теңге. 35 түп туя ағашы 10 қазанда Қанабек, Кәлпе , Қарашеңгел ауылына отырғызылды.
Мәдениет саласы
Аудандық «Көркемөнерпаздар» байқауынан Кәлпе мәдениет үйі жүлделі 1-ші орынды иеленді. Қаратал ауданында Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай және есірткіге қарсы профилактикалық айлық аясында «Нашақорлыққа жол жоқ» атты веложарыс ұйымдастырылды. Аталған шарада ауылымыздың екі азаматы, Мырзахметов Ербол жүлделі 1-ші және Шалдыбай Мерей ауылымыздың намысын қорғап 3- ші орынды иеленді.
2025 жылдың 01 маусымынан Кәлпе, Қарашеңгел, Қанабек мешіттерінде имани сауат ашу сабақтары өтуде. Оқып жатқан кітабы Мүфтият баспасының «Имандылық әліппесі» кітабы.
2025 жылдың ақпан айында округ бойынша көркем өнерпаздар байқауы өткізілді.
- 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай, Кәлпе, Қанабек ауылдарының мәдениет үйінде мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
-22 наурыз күні Кәлпе, Қанабек ауылдарында Наурыз мерекесінің бастауы – Көрісу күніне арналған «Наурызнама бастауы- көрісу күні» атты мерекелік іс-шара өткізілді.
-Шілде айында Мерейлі отбасы конкурсына Телғараевтар жанұясы қатысып, 3 орынды иеленді.
-Тамыз айында «Ауылым-алтын бесігім» атты фестиваль мерекелік шара өтті.
-Қарттар күніне мерекелік іс-шара өткізілді
- 16 желтоқсан -Тәуелсіздік күніне орай мәдениет қызметкерлері концерт ұйымдастырды.
- 30 желтоқсан күні округтегі Мәдениет үйлерінде Жаңа Жыл мерекесіне орай іс-шара өткізілді.
-Округ бойынша 12 айда 32 іс-шара ұйымдастырылды.