Округтің жер көлемі 13057 га. Округ орталығы Кәлпе ауылы. Округке Кәлпе, Қанабек, Қарашеңгел, Айдар ауылдары жатады.
Жеке тұлғалардан 8 айдын ішінде 26, заңды тұлғадан 1 өтініш түсті, мемелекеттік қызмет көрсету «Е Лицензиялау» ақпараттық жүйе арқылы 24 өтініш түсіп, 24 қанағаттандырылды, дәлелді бас тарту болған жоқ. 8 айдын ішінде 38 шешім, 37 негізгі қызмет, 26 жеке құрам бойынша өкім шығарылды. Жеке қабылдауда азамат қабылданды, 2-несие, 4- ауылшаруашылық мәселе, 2- жер мәселесі туралы сұрақтар қойылды. Толығымен қанағаттандырылды.
Округ бойынша 4 ауылда тұрғындармен тұрақты 4 кездесу өткізілді. Айдар ауылында суармалы су, Қанабек ауылында жол жөндеу, Кәлпе ауылында суармалы жүйені жөндеу, Қарашеңгел ауылында жол жөндеу туралы мәселелер көтерілді. Көтерілген мәселелердің бірқатары шешімін тапты. Жеке қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін түскен 24 өтініш бойынша, жер учаскелері бөлініп берілді. 8 айдың ішінде 14 жеке қабылдау жүргізіліп, 34 азамат қабылданды. Оларға ауызша жауап беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оруг әкімшілігінде 9 айда егов мобильд3 қосымшасы арқылы 235 қызмет көсетілді. Оның ішінде 113 электронды цифрлы қолтаңба ашылып,122 түрлі анықтамалар берілді. Одан бөлек 33 отбасы анықтамасы берілді.
2024 жылы ұйымдастырылған аудандық «Мерейлі отбасы» байқауында «Бейсембаевтар »әулеті 2 орын иеленді.
Аудандық ене мен келін "байқауынан Жолбарыс батыр ауылдық округінен Сагимбаевтар отбасы бас жүлде иеленді
Аудандық Асқар тау әке-Зерек бала " байқауынан Жолбарыс батыр ауылдық округінен Телгараевтар отбасы 1- ші орын иеленді.
Бюджеттің орындалуы туралы
2024 жылға 48 765 мың теңге қаражат бөлінген. Бюджет тоғыз ай ішінде 99,8 пайызға орындалды.
2024 жылға жалпы бөлінген 48 765 мың теңгеден тоғыз ай ішінде аппаратты ұстауға 30 835 мың теңге, көше жарықтандыру электрқуатына 2816 мың тенге, ремонтына 800 мың теңге, елді мекенді аббаттандыруға 2069 мың теңге жұмсалды.
2024 жылдың 9 айында бюджет 99,8 % орындалды.
Ауылшаруашылық саласы бойынша
Ауыл шаруашылығы – ауылдың негізгі тіршілік көзі.
Округ көлемінде 13057 га жер бар, оның ішінде егістік жер 2817,5 га, жайылымдық -7038, шабындық -150 га, ауыл тұрғындарының жері 3116 га.
2024 жылдың 01 шілдесіне мал басы:ірі-қара -4900 бас, 6000 бас қой, 850 бас ешкі, 900 бас жылқы, 7 бас түйе бар.
2024 жылдың наурыз айында 1932 га себу алдындағы өндеу жұмыстары, 1555 га ылғал жабу, 1165 га көктемгі жер жырту жұмыстары жүргізілді. Амиакты селитраға 17 шаруа шожалығынан 66 тоннаға сұраныс берілді. 55 шаруа қожалығы қант қызылшасы тұқымына тапсырыс беріп, тұқымын алды. 2024 жылы округте 2 ЖШС, 57 шаруа қожалығы 700 гектар қант қызылшасын, 267 гектар арпа, 214 гектар жоңышқа, 310 гектар жүгері, 189 гектар қытай бұршағы, 19 гектар қүнбағыс, 12 гектар бақша, 14 гектар картоп, 49 гектар көкөніс, 718 гектар жоңышқа екті. Бүгінгі күнде өнім жинау жұмыстары жүргізілуде.
2024 жылы «Кулдыбаев» ШҚ- 21 млн. 100 мың теңгеге ауылшаруашылық техника сатып алды. Соңын ішінде трактор МТЗ-82- 9 млн. 700 мың теңге, тұқымсепкіш 8 млн.теңге, культиватор- 3млн. 400 мың теңге. Өз қаражаты есебінен Бекмурзаев Эльдар «Бекмурзаев» ШҚ 9 млн. 500 мың теңге тұратын МТЗ-82/1 трактор сатып алды. «Кунжариков» шаруа қожалығы 71 млн. 630 мың теңгеге лизингке техника сатып алды. Соның ішінде «YTO» трактор -19 млн 730 мың теңге, қант қызылшасын егуге арналған тұқымсепкіш- 9 млн 500 мын теңге, культиватор- 3 млн 400 теңге, қант қызылшасын жинайтын 2 қатарлы тіркеме комбайн 39 млн теңге. «Ергазин» шаруа қожалығы лизингке 19 млн 730 мың теңге тұратын «Зумлион» тракторын алды. «Калиев А» ШҚ-ғы «Зумлион» трактор 19 млн. 730 теңге, культиватор -3 млн. 400 мың теңге, «Ерболған» шаруа қожалығы «YTO- 1304» трактор -19 млн теңгеге, «Коржумбаев М» «YTO 1304» трактор -19 млн 730 мың теңге, қант қызылшасын егуге арналған тұқымсепкіш - 9млн 500 мын теңге, қант қызылшасын жинайтын 1 қатарлы тіркеме комбайн 19 млн теңгеге сатып алды. Ауылшаруашылық техникасы барлығы 225 млн. 950 мың теңгеге сатып алынды. 8 шаруа қожалығы 23 тонна тыңайтқыш алды.
2024 жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасымен мал өсіруге 3 азамат мамыр айында 2,5 пайыздық несие алуға ниет білдіріп, құжаттарын өткізген. Бірақ осы уақытқа дейін қаражаттарын алмады.
Салық бойынша
2024 жыл. 9 айлық көрсеткіш
|
Салық түрілері |
2024 жылдың 9 айына жоспар (мың теңге) |
Жиналғаны (мың теңге) |
орындалғаны % |
|
Табыс салығы кбк-101202 |
1017 |
2 402 |
236 |
|
ЖТ мүлік салығы кбк -104102 |
310 |
310 |
100 |
|
ЖТ көлік салығы КБК 104402 |
5000 |
5000 |
100 |
|
Жер салығы КБК 104302 |
30 |
10,6 |
35 |
|
Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем 105315 |
50 |
95,1 |
190 |
|
ЗТ көлік салығы 104401 |
250 |
188,2 |
75 |
|
Барлығы |
6657 |
8005,9 |
120 |
Инвестиция тарту бойынша
Округ бойынша 4 тұрғын үй салынып, мемлекеттік тіркеуден өткізілді. Кәлпе ауылы, Р.Бекенов көшесі №10, құны-27 млн, Кәлпе ауылы, Р. Бекенов көшесі № 8, құны 5 млн, Кәлпе ауылы, Р. Бекенов № 8 «а», құны 35 млн. Қанабек ауылы, Д.Сарынов, № 28, құны 5 млн. теңге. Тұрғын үй салуға тартылған инвестиция-72 млн. теңге. Ауылшаруашылық техникасын сатып алу үшін
Көше жарықтандыру:
2024 жылға Кәлпе ауылындағы Қонаев көшесіне 4 574 246 тенге, Поддубский көшесіне 4 574 246 тенге, Рыскулов көшесіне 5 749 050 тенге, Тентек көшесіне 7 331 724 тенге жарық шамдарын орнату үшін жоспарланған. Жобалық- сметалық құжаттары дайын.
Әлеуметтік сала
Округ бойынша 283 зейнеткер, 53 мүмкіншілігі шектеулі жандар мен 55 көп балалы аналар бар.
Ауылдық округте нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша жұмыстар атқарды. 8 айда 28 қоғамдық жұмысшы қабылданды. . «Жастар практикасы» 2 азамат, «Күміс жас» бағдарламасымен 11 азамат 11 шаруа қожалығына тіркелді. «Әлеуметтік жұмыс орындары» бағдарламасымен 40 жұмысшы шару қожалықтарына тіркелді. Кәсіптік оқытуға 7 азамат жіберілді. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға қатысты іс-шараларды іске асырды, комиссия қызметіне қатысты құжаттарды рәсімдеп Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ішінен еңбекке жарамды отбасы мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесті. 8 айда 79 отбасы өтініші қарастырылып 61 өтініш қанағаттандырылды. Округ бойынша жалғызбасты қарттарға, зейнеткерлерге және мүмкіншілігі шектеулі азаматтарға 20 спонсорлық көмек, 15 әкімшілік көмек көрсетілді.
Санитарлық-тазалық жұмыстары
Қаңтар айынан бастап округ аумағында қар тазалау және құм төгу жұмыстары атқарылды. Ағымдағы жылдың 15 наурыз айынан бастап көктемгі санитарлық жұмыстары жоспарлы түрде өткізілуде. Ақпан айынан бастап қоғамдық жұмысқа қабылданған 28 азамат округтің санитарлық тазалық жұмыстарын атқарды. Қоғамдық жұмысшылар күнделікті облыстық маңызы бар Кәлпе-Үштөбе тас жол бойының тазалығы мен Кәлпе-Балпық би кенті, сонымен қатар Кәлпе, Қанабек, Қарашеңгел мен Айдар ауылдарының ішінде төгілген қоқыстарын тазарту, шығару жұмыстарын жасады. Бүгінгі таңда округтегі қураған ағаштарды ретке келтіру, тазалау жұмыстарын жүргізді. 26 сенбілік, 26 «таза бейсенбі» өткізілді.
Әскерге жұмылдыру
25 азаматқа әскери комиссияға зерделеу жұмыстарын жүргізді 2024 жылы 4 азамат әскер қатарына жіберілді.
Аббаттандыру
Округ бойынша 27 қоғамдық жұмысшы тазалық жұмыстарын жүргізуде. Соңғы тоғыз ай ішінде 30 «таза бейсембі», 30 сенбілік өткізілді.
Жолбарыс батыр ауылдық округі бойынша елді мекендерді аббаттандыру мақсатында ағымдағы жылдың наурыз айында 10 дана қарағай көшеттері, 1550 түп шырайгүл отырғызылды.
Кәлпе ауылы бойынша 77 үй Қанабек ауылы бойынша 25 үй орталықтандырылған газ құбырына қосылды. 233 үй көмір түсірді.
Мерекелік іс-шаралар: 2024 жылдың ақпан айында округ бойынша көркем өнерпаздар байқауы өткізілді.
- 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай, Кәлпе, Қанабек ауылдарының мәдениет үйінде мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
-14 наурыз күні Кәлпе ауылында Наурыз мерекесінің бастауы – Көрісу күніне арналған «Наурызнама бастауы- көрісу күні» атты мерекелік іс-шара өткізілді.
Спортттық ойындар ұйымдастырылып, жүлделі орындарға сыйлықтар берілді.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында "Жемқорлыққа жол жоқ" атты дөңгелек үстел өткізілді
2024 жылдың мамыр айында округ бойынша 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай, «Қазақстан-татулық пен бірлік мекені» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
9-мамыр Ұлы Жеңіс күніне арналған «Ардагерлерді ардақтайық» атты мерекелік іс-шара өтті.
12 мамыр Дүниежүзілік аналар күніне орай «Ана-өмірдің шырағы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
1 маусым балалар күніне орай, Кәлпе ауылының Мәдениет үйінде мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, балаларға демеушілік тарапынан сыйлықтар таратылды.
Оркуг бойынша 9 айда 38 іс-шара ұйымдастырылды.
Жолбарыс батыр ауылдық
округінің әкімі Е. Досанаманов
Аббаттандыру: Жолбарыс батыр ауылдық округі бойынша елді мекендерді аббаттандыру мақсатында ағымдағы жылдың наурыз айында 10 дана қарағай көшеттері отырғызылды.
Санитарлық-тазалық жұмыстары Қаңтар айынан бастап округ аумағында қар тазалау және құм төгу жұмыстары атқарылды. Ағымдағы жылдың 15 наурыз айынан бастап көктемгі санитарлық жұмыстары жоспарлы түрде өткізілуде. Ақпан айынан бастап қоғамдық жұмысқа қабылданған 20 азамат округтің санитарлық тазалық жұмыстарын атқарды. Қоғамдық жұмысшылар күнделікті облыстық маңызы бар Кәлпе-Үштөбе тас жол бойының тазалығы мен Кәлпе-Балпық би кенті, сонымен қатар Кәлпе, Қанабек, Қарашеңгел мен Айдар ауылдарының ішінде төгілген қоқыстарын тазарту, шығару жұмыстарын жасады. Бүгінгі таңда округтегі қураған ағаштарды ретке келтіру, тазалау жұмыстарын жүргізді. 12 сенбілік, 12 «таза сәрсенбі» өткізілді.
Мерекелік іс-шаралар: 2024 жылдың ақпан айында округ бойынша көркем өнерпаздар байқауы өткізілді.
- 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай, Кәлпе, Қанабек ауылдарының мәдениет үйінде мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
-14 наурыз күні Кәлпе ауылында Наурыз мерекесінің бастауы – Көрісу күніне арналған «Наурызнама бастауы- көрісу күні» атты мерекелік іс-шара өткізілді.
Спортттық ойындар ұйымдастырылып, жүлделі орындарға сыйлықтар берілді.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында "Жемқорлыққа жол жоқ" атты дөңгелек үстел өткізілді
2024 жылдың мамыр айында округ бойынша 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай, «Қазақстан-татулық пен бірлік мекені» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
9-мамыр Ұлы Жеңіс күніне арналған «Ардагерлерді ардақтайық» атты мерекелік іс-шара өтті.
12 мамыр Дүниежүзілік аналар күніне орай «Ана-өмірдің шырағы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
1 маусым балалар күніне орай, Кәлпе ауылының Мәдениет үйінде мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, балаларға демеушілік тарапынан сыйлықтар таратылды.
17 маусым күні Бейсембаевтар отбасы «Мерейлі отбасы» байқауына қатысып, 2 орын иеленді.