Қаратал ауданы «Жолбарыс батыр ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің 2024 жылдың 1 тоқсанда әлеуметтік - экономикалық даму мақсатында атқарған жұмыстары туралы ақпарат.
Округтің жер көлемі 13057 га. Округ орталығы Кәлпе ауылы. Округке Кәлпе, Қанабек, Қарашеңгел, Айдар ауылдары жатады. Атаулы елді мекендерде 594 аула бар. Жалпы тұрғындар саны - 2900 адамды құрайды. Кәлпе ауылы бойынша 369 аула, 1677 тұрғын, Қанабек ауылы бойынша 150 аула, 819 тұрғын, Қарашеңгелде 45 аула, 277 тұрғын, Айдарда 30 аула, 127 тұрғын бар.
Орталығы Кәлпе ауылы мен Үштөбе қаласының ара қашықтығы 16 шақырым.
Округ бойынша 1 әкімшілік, 3 мектеп, 1 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 1 ФАП, 1ФП, 2 пошта торабы, 1 –Қазақтелеком, 3 мешіт, халыққа қызмет көрсетуде. Бұл мекемелерде 71 мұғалім, 1 дәрігер, 11 медбике қызметкер, 2 Қазпошта қызметкері және 3 имам жұмыс атқарады. Әкім аппаратында 6 мемлекет қызметкері, 5 техникалық қызметкер жұмыс атқаруда.
І- тоқсанда жерге байланысты жеке тұлғалардан 6 өтініш түсті, мемелекеттік қызмет көрсету «Е Лицензиялау» ақпараттық жүйе арқылы 6 өтініш түсіп, 6 қанағаттандырылды, дәлелді бас тарту болған жоқ. І тоқсанда 17 шешім, 22 негізгі қызмет, 12 жеке құрам бойынша өкім шығарылды. Жеке қабылдауда 8 азамат қабылданды, 2-несие, 4- ауылшаруашылық мәселе, 2- жер мәселесі туралы сұрақтар қойылды. Толығымен қанағаттандырылды.
Округ бойынша 4 ауылда тұрғындармен тұрақты 4 кездесу өткізілді. Айдар ауылында суармалы су, Қанабек ауылында жол жөндеу, Кәлпе ауылында суармалы жүйені жөндеу, Қарашеңгел ауылында жол жөндеу туралы мәселелер көтерілді. Көтерілген мәселелердің бірқатары шешімін тапты. Жеке қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін 1-тоқсанда түскен 6 өтініш бойынша, жер учаскелері бөлініп берілді. 1 -тоқсанда жеке қабылдау жүргізіліп, 20 азамат қабылданды. Оларға ауызша жауап беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жеке және заңды тұлғалардан 11 өтініш қабылданып, қанағаттандырылды.
Әлеуметтік сала бойынша.
Округ бойынша 1 тоқсанда 26 отбасы атаулы әлеуметтік көмекке жүгінген болатын. Оның 18 өтініші қанағаттандырылды. Округ бойынша 265 зейнеткер, 53 мүмкіншілігі шектеулі жандар мен 55 көп балалы аналар бар.
Ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы
Ауыл шаруашылығы – ауылдың негізгі тіршілік көзі.
Округ көлемінде 13057 га жер бар, оның ішінде егістік жер 2817,5 га, жайылымдық -7038, шабындық -150 га, ауыл тұрғындарының жері 3116 га
Округте 2024 жылдың 01 қаңтарына 4900 ірі-қара, 5000 ұсақ мал, 700 жылқы бар. 2024 жылдың наурыз айында себу алдындағы өндеу жұмыстары-1932 га, ылғал жабу 1555, көктемгі жер жырту -1165 га жоспарланған. Амиакты селитраға 17 шаруа шожалығынан 66 тоннаға, 55 шаруа қожалығы қант қызылшасы тұқымына тапсырыс беріп, тұқымын алды.
Инвестициялық тарту жұмыстары туралы:
2024 жылдың 1-тоқсанында «Кулдыбаев Д» шаруа қожалығы 9 млн.700 мың теңгеге МТЗ-82 трактор, 8 млн. теңгеге тұқымсепкіш, 3 млн. 400 мың теңгеге культиватор, «Ергазин А» шқ -ғы 20 млн. теңгеге ЮТО тракторын лизингке сатып алды. «Бекмурзаев Е» шқ өз қаражатына 9 млн. 500 мың теңгеге МТЗ-82 /1 тракторын сатып алды. Округ бойынша 2 тұрғын үй іске қосылды, құны 55 млн.теңге. Инвестиция барлығы 105 млн. 600 мың теңгеге тартылды.
Салықтар бойынша
2024 жылдың 1- тоқсанында Округ бойынша заңды тұлғаларға салынатын көлік құралдары салығы, жеке тұлғаларға салынатын мүлік және көлік құралдары салықтары түрлеріне қатысты іс-шаралар іске асырылып, жеке тұлғалардың мүлкiне салынатын салық бойынша 40 000 теңге, жеке тұлғаларға салынатын көлік құралдары салығы бойынша 2 140 800 теңге, салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша 508 200 теңге, жер салығы бойынша 1 600 теңге жиналып бюджетке өткізілді.
Бюджеттің орындалуы туралы;
2024 жылдың 1 тоқсанында 15 млн. 021 мың теңгені игеру жоспарланған. Игерілгені 14 млн. 623 мың теңге. Игерілмегені 398 мың теңге. Бюджет 1 тоқсанда 97,3 пайызға орындалды.
Аббаттандыру: Жолбарыс батыр ауылдық округі бойынша елді мекендерді аббаттандыру мақсатында ағымдағы жылдың наурыз айында 10 дана қарағай көшеттері отырғызылды.
Санитарлық-тазалық жұмыстары; Қаңтар айынан бастап округ аумағында қар тазалау және құм төгу жұмыстары атқарылды. Ағымдағы жылдың 15 наурыз айынан бастап көктемгі санитарлық жұмыстары жоспарлы түрде өткізілуде. Ақпан айынан бастап қоғамдық жұмысқа қабылданған 20 азамат округтің санитарлық тазалық жұмыстарын атқарды. Қоғамдық жұмысшылар күнделікті облыстық маңызы бар Кәлпе-Үштөбе тас жол бойының тазалығы мен Кәлпе-Балпық би кенті, сонымен қатар Кәлпе, Қанабек, Қарашеңгел мен Айдар ауылдарының ішінде төгілген қоқыстарын тазарту, шығару жұмыстарын жасады. Бүгінгі таңда округтегі қураған ағаштарды ретке келтіру, тазалау жұмыстарын жүргізді.
Мерекелік іс-шаралар: 2024 жылдың ақпан айында округ бойынша көркем өнерпаздар байқауы өткізілді.
- 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай, Кәлпе, Қанабек ауылдарының мәдениет үйінде мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
14 наурыз күні Кәлпе ауылында Наурыз мерекесінің бастауы – Көрісу күніне арналған «Наурызнама бастауы- көрісу күні» атты мерекелік іс-шара өткізілді.
Спортттық ойындар ұйымдастырылып, жүлделі орындарға сыйлықтар берілді.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында "Жемқорлыққа жол жоқ" атты дөңгелек үстел өткізілді.