Жолбарыс батыр ауылдық округі мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтің 5 түрін көрсетеді.

Бүгінгі таңда,Жолбарыс батыр ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтің 5 түрін көрсетеді:

 

«Сауда-саттық (Конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу»

«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»

«Елдімекеншегінде объект салу үшінжеручаскесін беру»

«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»

«Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату» 

Заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдар мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда қамтамасыз етуге міндетті, бұл өз кезегінде мемлекеттік органдардың ішкі бизнес-үдерістерін автоматтандыруға, сондай-ақ мемлекттік органдар мен азаматтардың өзара іс-қимылының ең тиімді нысаны ретінде электрондық мемлекеттік қызметтерді дамытуға ықпал етеді.

Округ аумағындағы қалыптастыру процесін автоматтандыру үшін @Egov.kz порталы енгізілген. Мемлекеттік қызметтерді ұсынудың автоматтандырылған түрінің артықшылықтары – олардың қолжетімділігі және бенефициарлардың қолайлылығында.

Дата публикации
17 апреля 2024