Үштөбе қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінде қаңтар–желтоқсан аралығында тұрғындармен 52 жеке қабылдау өткізілді. Жалпы жеке және заңды тұлғалардан 75 өтініш келіп түсті, оның ішінде 72 өтініш – жеке тұлғалардан, 3 өтініш – заңды тұлғалардан. Келіп түскен өтініштердің 39-ы оң шешімін тапты.
Сонымен қатар тұрғын үй және жер мәселелері бойынша 47 шешім, 84 өкім шығарылды.
Стандарттар мен регламенттерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетіліп, бұқаралық ақпарат құралдарында 1 мақала, әлеуметтік желілерде 5 жазба және 1 бейнеролик жарияланды.
Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 54 анықтама берілді.
Бюджеттің орындалуы туралы
2026 жылға Үштөбе қаласының бюджеті 298 360,0 мың теңгені құрайды. Жыл басынан бері игерілгені – 153 406,0 мың теңге.
- Санитарлық тазалықты қамтамасыз етуге – 11 311,0 мың теңге бөлінді.
- Елді мекендерді көгалдандыру және абаттандыруға – 138 682,0 мың теңге бөлініп, оның 111 891,0 мың теңгесі игерілді.
- Көшелерді жарықтандыруға – 32 794,0 мың теңге бөлініп, оның 13 797,0 мың теңгесі игерілді.
- Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстауға 2026 жылы қаражат бөлінген жоқ.
Инвестиция бойынша
2026 жылы Үштөбе қалалық округі бойынша бірқатар инвестициялық жобалар іске асырылуда:
- «Достық» ЖК сауда кешенінің құрылысы аяқталу кезеңінде. Жобаның құны – 300 млн теңге. Пайдалануға беру мерзімі – 2026 жылғы 30 маусым.
- «Гелиос» ЖШС жанармай құю станциясының құрылысы жүргізілуде. Жоба құны – 500 млн теңге. Аяқталу мерзімі – 2026 жылғы 31 желтоқсан.
- ЖК «Аким Алмас» көпфункционалды кешенінің құрылысы (құны – 50 млн теңге).
- «Харвест Трейд» ЖШС тарапынан дзюдо залының құрылысы жоспарлануда (құны – 800 млн теңге).
- «КаТК» ЖШС-нің 10 мың басқа арналған бордақылау кешені (құны – 8,9 млрд теңге). 80 жұмыс орны ашылады. Іске асыру мерзімі – 2026–2028 жж.
- «АгроКомплекс Уштобе» ЖШС ұн комбинатын жаңғырту жобасы (құны – 15 млрд теңге), кезең-кезеңімен 2026–2028 жылдары іске асырылады.
Газдандыру бойынша: 6135 тұрғын үйдің 2262-сімен техникалық шарт жасалып, 2171 тұрғын үй газ жүйесіне қосылды.
Әлеуметтік санаттар
- Мүгедектігі бар адамдар – 41
- Көпбалалы отбасылар – 24
- Зейнеткерлер – 401
- Коммуналдық нысандар – 36
- Басқалары – 1662
Кәсіпкерлік
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізілді. 38 сауда нысаны тексерілді.
Денсаулық сақтау саласы
Үштөбе қаласында аудандық орталық емхана орналасқан. Қазіргі таңда 68 дәрігер және 314 орта буын медицина қызметкері жұмыс істейді. Күніне шамамен 500 адам қабылданады.
Мәдениет және спорт
Қалада:
- 2 балалар спорт мектебі
- 1 бокс кешені
- 1 «Панда» спорт кешені
- 1 стадион
- 6 спорт залы
- 15 воркаут алаңы
- 9 спорт алаңы
- 19 балалар ойын алаңы бар
Әлеуметтік сала
- 59 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды
- Қоғамдық жұмыстарға – 47 адам
- Жастар практикасына – 4 адам
- «Күміс жас» жобасына – 23 адам тартылды
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында
- 1200 ағаш отырғызылды
- 850 ағашқа қалыптау жұмыстары жүргізілді
- 400 ағаш қайта отырғызылды
- 3 сенбілік өткізіліп, 200 тонна қоқыс шығарылды
- 450 адам, 5 техника жұмылдырылды
ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша 3 азаматқа ескерту беріліп, 1 азаматқа айыппұл салынды.
Жол және жарықтандыру
- Б.Момышұлы, Чкалова, Қонаев көшелерінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде
- 2026 жылға: Нүгербеков, Б.Момышұлы шағын көшесі, Достық ауылы Жамбыл көшесіне қиыршық тас төсеу жоспарланған
Жарықтандыру:
Құлшықбаев, Кузнецов, Дәулетяров, Бәйсейітова және Достық ауылы Жамбыл көшелеріне жарық шамдары орнатылады.