№ 1 қосымша
Үштөбе қалалық округі бойынша ағымдағы жылдың I-тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат.
Ауыл шаруашылық және мал шаруашылығы бойынша. Округке тиісті жалпы жер көлемі 4736,7 гектар. Жерді пайдаланушы шаруа қожалықтар саны 105. Егістік жер – 1917 гектар, қалалық округ тұрғындарында 263 га, «Опытное» АШӨК-де 1683 га жер бар. Ауыл тұрғындарының жайылым жер көлемі баланс бойынша -676 га, нақты -572 га.
Көктемгі дала жұмыстарының барысында қалалық округте жоспар бойынша жаздық бидай 101 га, арпа-530 га, күріш-400, жүгері-645 га, қант қызылшасы 60 га, май бұршақ-150 га, бақша-65 га, картофель- 405 га, көкөніс-615 га, көп жылдық шөп (биылғы) 478 га, көп жылдық шөп (былтырғы) 443 га. Округ бойынша 1210 га себу алдындағы өңдеу, 540 га көктемгі жер жырту жұмыстары жүргізілді. Жұмыстар жалғасуда. Сондай-ақ, биылғы егіс жұмыстарына 74 дана ауыл шаруашылығы техникасы, яғни 34 трактор, 14 соқа, 6 дана дәнсепкіш, 9 тырма, 9 тегістегіш техникаларын жұмылдырылды. «Опытное» АШӨК-ві 59 тонна жағар майға өтінім беріп, оның 10 тоннасын алды және 120 тонна сульфат амонияға «Теміртау» ЖШС-мен келісім шартқа отырып ақшасы аударылды, Егетін дәнді дақылдары; жүгері-270 га, күріш-300 га, арпа 407 га, 521 былтырғы көп жылдық шөп-438 га, а биылғы шөп 185 га. Барлығы 1683 га. Ш/Қ мен тұрғындар жүгері-375 га, картоп-405 га, майлы бұршақ-150 га, бақша дақылдары-65 га, көкеніс-615 га, арпа-123 га, көп жылдық шөп-456 га егеді.
Қант қызылшасын Югай Н.Б.- 9 га, Ли Е.Н.-21 га, Пак А.Н.-5 га, Асанов С. (Бакбергенов)-9 га, Литвинов Д. 5 га, Ибо оглы Омар- 2 га егу жоспарлауда. Барлығы 51 га Округ бойынша барлығы: 7400 бас оның ішінде: МІҚ малы- 3200 бас (сиыр- 650), ҰМҚ-3200 бас (саулық қой-1250 бас), ешкі -500 бас (аналығы-50 бас), Жылқы-300 бас, (бие 80 бас), шошқа-200 бас, (мегжиендер 50 бас) құс- 20 290 (несушки-17950). Бүгінгі күні сырғаланған төлдер ұсақ мал-520 бас, бұзау-110 бас. Жұқпалы ауруларды алдын алуы бойынша Бруцеллезге 1000 бас МІҚ малынан қан алынды. 350 бас МІҚ малды туберкулизацияланды. Сібір жарасына қарсы 360 бас МІҚ малы егілді. Аусылға қарсы МІҚ малы-3710 бас, ҰМҚ- 975 бас егілді. Құтырмаға қарсы 370 бас иттер егілді. Дегельментизацияға 370 бас егілді.
Үштөбе қалалық округінде пайдаланылмай жатқан жайылымдық немесе егістік жерлер жоқ.
Суғарым суға келісім шартқа отырған ш/қ саны-15. Жұмыстар жалғасуда.
Шаруа қожалықтардың жер үлестерін анықтау (көшіп кеткен, қайтыс болған азаматтардың) жерлері бойынша бүгінгі күнге-9 оның ішінде (сатып алу-сату шарты-1, сатып алу-сату шарты толық заңдастырылып бітпеген-1, мұрагерлік құқығын алғандар-3, мұрагерлік құқығын алмағандар-4.
№2 қосымша
2024 жылдың ІІ тоқсанның
ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
|
№ р/с |
Атқарылатын жұмыс |
Өткізілетін мерзімі |
|
1 |
Шаруа қожалықтарының көктемгі егістікке дайындық жұмыстары (жер жырту, тырмалау, техникасының дайындығы) туралы күнделікті ауыл шаруашылық бөліміне мәлімет беру. |
Сәуір
|
|
2 |
Ауыл шаруашылық мал ауыруларының алдын алу мақсатында, егу, бірдейлендіру жұмыстарының жүргізілуін бақылау. |
Тұрақты |
|
3 |
Егілген егістіктің көлемі, өсімі туралы мәліметті ауыл шаруашылық бөліміне беру. |
Сәуір, мамыр. |
|
4 |
Қаратал ирригация мекемесімен келісім шартқа отырған шаруа қожалықтары мен тұрғындардың суғарым суына төлемдерінің уақытылы жүргізілуін бақылау. |
Апта сайын |
|
5 |
Учаске бойынша жұмыс. Түскен арыздарды қарау және жауап беру. |
Тұрақты |
|
6 |
Қаратал ирригаця мекемесімен суғарым суына келісім шартқа отыруға шаруа қожалықтары мен қала тұрғындарымен жұмыс жүргізу. |
Сәуір |
|
7 |
Иесіз қараусыз қалған, егістікке түскен бос жүрген ауыл шаруашылығы жануарларын уақытша ұстау қоражайы (загон) Қаратал ауданының Үштөбе қаласы әкімінің аппараты ММ-сімен шаруа қожалытың иесі арасында өзара ынтымақтастығы туралы меморандум ұйымдастыру 3 жақты келісім шарт жасау. |
Сәуір |
|
8 |
Егілген егістіктің көлемі, өсімі туралы мәліметті ауыл шаруашылық бөліміне беру. |
мамыр, маусым |
|
9 |
Жаңадан құрылған шаруа қожалықтарын электронды шаруашылық кітабына енгізу және жұмысын тоқтатқан шаруа қожалықтарын электронды шаруашылық кітабынан шығару
|
Тұрақты |
Округ әкімі Қ.Оңғаров