Тастөбе ауылдық округі бойынша 2026 жылдың I тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
Тастөбе ауылдық округінің 1977 жылы құрылған. Округтің құрамына 3 елдің мекен кіреді. 2026 жылғы 1 қаңтардағы халық саны 1037 адамды құрайды. Ауылдық округ бойынша 223 ШҚ, 14 жеке кәсіпкер, 2 Жауапкершілігі шектеулі серіктестік тіркелген. Округтегі негізгі күн-көріс, егін шаруашылығы және мал шаруашылығы.
Аббаттандыру және көгалдандыру.
2026 жылдың 1 тоқсанына 3 елді мекенге, 3 сенбілік, 3 «таза сәрсенбі» өткізіп, 15 тонна күл-қоқыс шығарды. Көше бойында жабайы өсіп кеткен, көлік жүруіне, электр сымдарына кедергі келтіретін ағаштар кесілді. Қоғамдық жұмысшылар күнделікті облыстық маңызы бар Үштөбе – Кәлпе – Көксу ауданымен шектесетін тас жол бойының тазалығы және үш елді мекеннің тазалық жұмыстарын жүргізді.
Жаңадан салынған мәдениет үйінің маңайна 10 түп туя,100 түп егілді.
Салықтар
(2 млн 30 мың, берешек-0),Табыс салығы- 545 млн.теңге, Мұлік салығы-32 мың теңге, Көлік салығы-1млн.447млн мың теңге ,жер малығы 6 мың теңге:
|
Салық түрлері |
2026 жылдың 1тоқсанына жоспар |
Жиналганы (мың теңге) |
Орындалғаны |
|
Табыс салығы (101202) |
545 |
1277,1 |
234,3 |
|
ЖТ мүлік салығы (104102) |
32 |
37,9 |
118,4 |
|
Көлік салығы (104402) |
1447 |
2062,2 |
142,5 |
|
Жер салығы (104302) |
6 |
0 |
0 |
|
Барлығы |
2030 |
3377,2 |
166,3 |
Округ бойынша жалпы салық түсімдері жоспары: 2млн 030 мың теңге. Нақты жиналғаны – 3млн. 377мың 200 теңге. Орындалған- 166,3%.
Инвестиция
Жалпы Инвестиция сомасы 800 млн.т инвестиция жоспары. Казіргі таңда орындалғаны 200 млн. теңге Ш/қ «Қанат», «Байбек» откорм баздарын салды.
Бұқаралық іс-шараларды өткізу.
2026 жылдың наурыз айында 5 отбасына тұрмысы төмен, көп балалы отбасыларына азық түлік берілді.
Ораза кезінде қатымханада 20 күнде, әр күні 120-150 тұрғынға ауызашар берілді.
Наурызнама бағдарламасымен округте Наурыз мерекесі, Алғыс айту және Көрісу, Тазару күндері өткізілді.
Бюджет
Жыл басынан 2026 жылға бюджеттік бағдарламаларды міндеттемелер және төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары жасалды, округ әкімімен бекітіліп бөлінген қаржыны мемлекеттік сатып алу сайытына мерзімімен енгізілді.
"Тастөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің 2026 жылға арналған мемлекеттік сатып алу жоспарын уақытылы орындалды. «Тастөбе ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің 2026 жылдың бөлінген бюджеті - 48 млн. 216мың теңге. 1 тоқсанына бюджеттің орындалуы 5млн 18мың теңге, орындалғаны 100 пайыз.
Ауыл шаруашылығы
Егін шаруашылығы: Округ бойынша егін шаруашылығымен 111ШҚ, 1-ЖШС айналысады. Ауыл шаруашылық жер көлемі барлығы 4753 га. Оның ішінде 1894,2 га. суармалы, Шабындық 445 га. 7173 Жайылым. Округтің ауылшаруашылық техникалар саны 41, 5 - комбайн, 50 - трактор, 2 – погрузчик, соқа -18, тіркеме-28, сепкіш-4, пресс-8 өзгеде техникалар тіркелген. Округ бойынша 3 тасарық орналасқан жалпы ұзындығы 21,9 шақырымды құрайды.
Мал шаруашылығы: мал шаруашылығымен 10 Ш/Қ, 1 ЖШС Тастөбе «Агро Фуд» айналысады
Округтегі мал басының жалпы саны 2026 жылдың 01 қаңтарға МІҚ-5632, МҰМ- 2677, Жылқы-1374, құс- 3288. Округте 4 мал дәрігері жұмыс атқаруда.
Білім беру саласы бойынша
Округ бойынша Ж.Жамбыл атындағы 624 орынды 1 орта мектеп бар, онда 203 окушы білім алуда. Мектеп алды даярлық топта 22 бала, шағын орталықта 50 бала тәрбиеленуде. Мектепте 115 компьютер, 3 интерактивті тақталар бар.
Мұғалімдер 31, тех персонал 16 адамды құрайды.
Бірлік, Бесағаш ауылдарына 44 бала тасымалданады.
Үйден оқитындар 4 бала
Денсаулық сақтау
Округ бойынша 1 фельдшерлік пункт жұмыс жасайды. Фельшерлік пункт 1986 жылы салынып қолданысқа еңгізілген, халыққа 4 медициналық мамандар қызмет көрсетуде. Бірлік, Бесағаш ауылдарында медициналық бөлімшелер жоқ. Елді мекен тұрғындары Тастөбе ауылында қаралады.
Мәдениет және спорт саласы
Ауылда 1 кітапхана бар, мәдениет үй ғимаратында орналасқан, кітап қоры 10200 дана. Мектеп қабырғасында 1 спорт зал және спорттық алаң бар. Тастөбе ауылына қарасты шағын футбол алаңы бар. Округ бойынша Орынтаев Адилет Талғатұлы спорт нұсқаушысы жұмыс атқарады. Спорт кешені жұмыс атқаруда.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек
Округте 2026 жылдың 1 қаңтарына Атаулы әлеуметтік көмек 3 отбасына тағайындалды. Округте 14 мүгедек, 93 зейнеткер бар. Әскери есеп бойынша 9 азамат шақырылып, ата-ананаларымен зерделеу өткізілді, 1азамат әскери борышын өтеуге кетті. «Е-өтініш» (3 өтініш) бағдарламаларына уақытылы тіркелді және қолданыстағы заңнама аясында, келген өтініштерді мерзімінде орындалды. Мемлекеттік орган әзірлейтін құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің шешім-7, 41 өкімнің жобалары әзірленді. Мемлекеттік «Күміс жоба» (1 адам) «Қоғамдық жұмыс» (23 адам) жобаларды ұйымдастырылды.
Қоғамдық тәртіп сақтау
2018 жылы тұрғын үймен қосарланған полиция пункті салынған. Осы учаскелік пункте учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Солтанов Тұрлыбек Касенович қызмет атқаруда. 2026 жылы 1 тоқсан округ бойынша қылмыс тіркелген жоқ. Әкімшілік құқық бұзушылық кодекісінің 408 бабы бойынша 6 хаттама толтырылды.
Аудан әкімінің желілік кестесіне сәйкес округке қарасты 3 елді мекендерде ауыл тұрғындарымен 3 кездесу өтті. Кездесудегі көтерілген өзекті мәселелер бүгінгі күні оң шешімін табуда.
Тстөбе ауылдық округінің 2026–2027 жылдарға арналған
жұмыс жоспары
2.Тастөбе ауылына Е.Өнімдінов көшелеріне және басқа да көшелерге көше жарықтандыру шамдарын орнату.
2024–2027 жылдар аралығында:
Аталған барлық жұмыстар ауылдың даму жоспарына енгізілген.
Округ әкімі Е. Нургалиев