Тастөбе ауылдық округі әкімінің аппаратының 2025 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау есебі
Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі өз жұмыстарында барлық мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңы мен мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілерін тікелей басшылыққа алады.
2025 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 47, оның ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы - 47.
«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына сәйкес, Қаратал ауданы әкімінің 2024 жылғы 13 желтоқсандағы № 96-ө н/қ өкімімен бекітілген Қаратал ауданы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы заңнаманы сақтау бойынша 2025 жылға арналған Ішкі мемлекеттік бақылау туралы жоспарына сәйкес жылдық қорытындысы бойынша он бір мекемеге ішкі бақылау іс-шаралары жүргізілді. Олар: «Тастөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ—сі.
Тексеру нәтижесінде мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде бұзылған фактілер анықталып, тиісті ұсыныстар жолданған. Атап айтқанда;
Жыл басынан тексерілген осы мекемеде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттырғандығы туралы курсынан өтпегені анықталды.
2025 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтердің қағидаларының бұзылуының алдын алу және көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу бойынша мемлекеттік органдар тарапынан 2 - дөңгелек үстел өткізілді. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру іс-шараларымен 55 халық қамтылды. Сондай-ақ, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қағидалары мен мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу бойынша 1 мақала жарияланды.
Есептік кезеңде мемлекеттік органдармен мерзімі бұзылған және қызметті алушыларға қызметті көрсетуден негізсіз бас тарту жағдайлары тіркелмеген.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасы бұзылуының анықталған фактілері жоқ.
Халықты хабардар ету үшін мемлекеттік органдарда – қызмет берушілерде стандарттар мен қағидалар, анықтама телефондарының нөмірлері, өтініш бланкілерінің үлгілері орналастырылған стенділер ілінген.
Бұл жұмыстардың тиімділігін бағалаудың шарттарының бірі – қызметті уақтылы әрі сапалы көрсету, азаматтардың қызметке ризашылық деңгейінің артуы болып отыр.
Тастөбе ауылдық округі әкімі
аппаратының бас маманы К. Солтанкулова