Тастөбе ауылдық округі әкімі аппаратының 2025 жылдың 12 айлық атқарылған жұмыстарының есебі
Тастөбе ауылдық округінің 1977 жылы құрылған. Округтің құрамына 3 елдің мекен кіреді.2025 жылғы 1 қаңтардағы халық саны 1069 адамды құрайды. Ауылдық округ бойынша 119 ШҚ, 14 жеке кәсіпкер, 2 Жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 1 кооператив тіркелген. Округтегі негізгі күн-көріс, егін шаруашылығы және мал шаруашылығы.
Инвестиция бойынша:
Тастөбе ауылдық округі бойынша 2025 жылға инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында бүгінгі күнгеЖШС – «Тастөбе Агро Фуд» 169 басМІҚ алып инвестиция ретінде тіркеуге тұрды, инвестиция көлемі 245млн 950 мың теңге болды. Шаруа қожалығы «Нугубеков К» 1 дана Беларусь тракторын алды, бағасы 9 млн.730 мың теңге, «Аманат » шаруа қожалығы 20 млн 30 мын теңгеге 1 дана трактор, «Сарсекулов С » 23 млн теңге трактор жабдықтары мен алды. Инвестиция көлемі 805млн.600 мың теңге құрды.
|
2025 жылға жоспар (млн теңге) |
2025 жылға қортындысы (млн теңге) |
Орындалған пайыз |
Онын ішінде |
||||
|
Комерциялық нысандар (млн теңге) |
Жеке үй құрылысы (млн теңге) |
Техника(млн теңге) |
Басқа (млн теңге) |
|
|||
|
600 млн теңге |
805,6 |
134,3 |
0 |
289,1 |
29,7 |
486,8 |
|
Құрылыс жұмыстары туралы:
Тастөбе ауылы, Қарымбай әулие көшесінің бойынша орналасқан Ұлы Отан Соғысының жауынгерлер ескерткішіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Тастөбе ауылында Б.Тұрысбаев, Ш.Халықов көшелеріне ЖШС «Аякс – 78» 38 млн орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бірлік ауылына Атамекен көшесіне ЖШС «Адал Сапа Жетісу» қиыршық тас төселді 3 млн. 564 мың 960 тг қаражат жұмсалды. Мәдениет үйі салынып іске қосылды . Тастөбе ауылында 10 үй салынуда. Ш.Халықов көшесіне түнгі жарық қосылды. Бесағаш ауылына ойын алаңы салынуда.
Салық төлемдері туралы:
2025 жылы 12айлық есеп бойынша
|
Тастөбе ауылдық округі |
Жоспар 2025 |
Түсім 31.12.2025ж. |
% |
|
Жеке тұлғалардан алынатын жеке табыс салығы101202 |
2000 |
1779,4 |
89 |
|
Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық 104102 |
90 |
111 |
123.3 |
|
Елді мекендердің жерлеріне алынатын жер салығы 104302 |
10 |
11,5 |
115 |
|
Жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық 104402 |
2100 |
2990.5 |
142,4 |
|
Барлығы: |
4200 |
4892 |
116.5 |
Ауыл шаруашылығы:
Егін шаруашылығы:Тастөбе ауылдық округі бойынша көктемгі дала жұмыстарына ауыл шаруашылығы техникасы Тракторлар саны – 50 дана, соқа -22, тырма – 15, комбайн -5, арычник -3, сеялка -4, культиватор – 3.
|
Жүгері |
Қант қызылшасы |
Арпа |
Май бұршақ |
Картоп |
Көкөніс |
Бахча |
Бір жылдық шөп |
Биылғы және былтырғы шөп |
күнбағыс |
|
854 |
5 |
20 |
423 |
61 |
51 |
9 |
266 |
388 |
50 |
Дизель отыны 2025 жылғы көктемгі және күзгі дала жұмыстарына шаруа қожалықтар арзандатылған дизель отынына ГосАгро кz.-47,3 тоннаға өтінім берілді. ЖШС «Тастөбе АгроФуд» 26,3 тонна дизель отынына өтінім берді. «Житкеев» ШҚ- 4,9 тонна. «Полеков » ШҚ -3,2 тонна. «МаксатАгро» ШҚ - 12,9 тонна. Ресей тыңайтқышқа 193,4 тонна өтінім берілді, 193 гектар жерге 860 тонна органикалық тыңайтқыш. Округ бойынша «Кең дала» көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын несиелеу бағдарламасы аясында «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы арқылы қаржыландыру жобасына 3 шаруа қожалығы өтініш 13 млн. 900 мың беріп толықтай алынды. Егілген егін көлемі -2126 гектар :
Мал шаруашылығы: Мал шаруашылығымен 10 Ш/Қ, 1 ЖШС Тастөбе «Агро Фуд» айналысады. Округтегі мал басының жалпы саны 2025 жылдың МІҚ-5294, МҰМ- 3350, Жылқы- 1454, құс-3000. Округте 4 мал дәрігері жұмыс атқаруда.
Ауыл шаруашылық малдарының (төлдердің)бірдейлендіру жүйесіне кіруі бақылауда, МҰМ- 3600 бас сырғаланды, МІҚ-550 бас АШМБ базасына кіргізілді, қазіргі уақытта өзге аймақтардан жеткізілген малдар жоқ, сатылатын малдарға қажетті құжаттар форма 1 беріледі. Аусыл вакцина: МІҚ - 620, МҰМ - 3990 басқа егілді, над дерматит МІҚ-4685 басқа егілді. Сібір жарасы: МІҚ-4850, МҰМ-3100, жылқы-1100. Пастереллезге МІҚ-2950, МҰМ-1400, жылқы – 500. Қарсанға МІҚ-3300. Ит құтыру - 140
Аббаттандыру және көгалдандыру:
Округ бойынша «Таза Қазақстан» экология акция аясында санитарлық тазалық 3 елді мекенге, 16 сенбілік, 16 «таза сәрсенбі» өткізілді, 300 тонна күл-қоқыс шығарды. Көше бойында жабайы өсіп кеткен, көлік жүруіне, электр сымдарына кедергі келтіретін ағаштар кесілді. Қоғамдық жұмысшылар күнделікті облыстық маңызы бар Үштөбе – Кәлпе – Көксу ауданымен шектесетін тас жол бойының тазалығын және үш елді мекеннің тазалық жұмыстарын жүргізуде. 50 түп шырша егіліп 700 ден астам ағаштар әктелді. 150 түп егілді.
Бюджет:
Жыл басынан 2025 жылға бюджеттік бағдарламаларды міндеттемелер және төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары жасалды, округ әкімімен бекітіліп бөлінген қаржыны мемлекеттік сатып алу сайытына мерзімімен енгізілді. "Тастөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің 2025 жылға арналған мемлекеттік сатып алу жоспарын уақытылы орындалды. «Тастөбе ауылдық округі әкіміаппараты» ММ-нің 2025 жылға бөлінген бюджеті - 59 млн. 866 мың теңге. Жылдық бюджеттің орындалуы 57 млн 828 мың теңге орындалғаны 96,6 пайыз құрды.
Білім беру саласы бойынша
Округ бойынша Ж.Жамбыл атындағы 624 орынды 1 орта мектеп бар, онда 206 окушы білім алуда. Мектеп алды даярлық топта 24 бала, шағын орталықта 50 бала тәрбиеленуде. Мектепте 115 компьютер, 3 интерактивті тақталар бар. Мұғалімдер 33, техникалық персенал 15 адамды құрайды. Бірлік, Бесағаш ауылдарына 58 бала тасымалданады. Үйден оқитындар 3 бала. 2024-2025 оқу жылдары аралығында - 10 оқушы мектеп бітіріп.10 оқушы ҰБТ-қатысты. 7 бала тегін (гарант) оқуға түсті. Жамбыл атындағы ОМ күрделі жөндеу 5-ші сәуірден басталды. Күрделі жөндеу жұмыстарын «НҰР ШАПАҒАТ ҚҰРЫЛЫС» ЖШС компаниясы жүргізіп жатыр. Қыркүйек айында Жамбыл орта мектебі қолданысқа берілді.
Денсаулық сақтау саласы
Округ бойынша 1 фельдшерлік пункт жұмыс жасайды. Фельшерлік пункт 1986 жылы салынып қолданысқа еңгізілген, халыққа 4 медициналық мамандар қызмет көрсетуде. Бірлік, Бесағаш ауылдарында медициналық бөлімшелер жоқ. Елді мекен тұрғындары Тастөбе ауылында қаралады. Ауыл тұрғындарына тұмауға қарсы 116 адамға вакцына салынды, 0 – 6 жасқа дейігі балаларға екпелер салынуда.
Мәдениет және спорт саласы
Ауылда 1 кітапхана бар, әкімшілік ғимаратында орналасқан, кітап қоры 10200 дана. Мектеп қабырғасында 1 спорт зал және спорттық алаң бар. Тастөбе ауылына қарасты шағын футбол алаңы бар. Округ бойынша Шаймерден Қыдыралі Серікұлы спорт нұсқаушысы жұмыс атқарады. Спорт кешені жұмыс атқаруда.
Әскери міндеттілермен атқарылып жатқан жұмыстар:
2025 жылдың 2000-2005 жылдары туылған азаматтарды күзгі айлары аралығындағы әскер қатарына Тастөбе ауылдық округі бойынша зерделеуге 21 азамат шақырылды.Оның 21 азаматқа хабарлама таратылылды, 2 азамат әскерге кетті.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік сала
Округте еңбекке жарамды халықтың саны 510. Балалар саны 366. 2025 жылдың 1 қаңтарына Атаулы әлеуметтік көмек 5 отбасына тағайындалды. Округте 15 мүгедек, 93 зейнеткер бар. 50 балаға жаңы жылдық шырша мерекесіне 100 теңгеге сыйлықтар таратылды, 2004 жылға түлектері ауыл тұрғындарына жаңа жылдық мереке өткізді, қымбат сыйлықтар берілді.
Округ бойынша жұмыссыз 61 азамат тіркелген, оның 52 адам жұмыспен қамтылды. Мемлекеттік «Күміс жоба» орындалғаны (2 адам) «Қоғамдық жұмыс» (23 адам) жобаларды ұйымдастырылды. 2025 жылы қысқа мерзімді қайта даярлау бойынша жоспар 6 адам, орындалғаны 2 адам оқыды. Округ бойынша 2025 жылы 23 адам қоғамдақ жұмысқа тартылды, 2 азамат жастар практикасында жұмыс жасады.
Жеке және заңды тұлғалдардың өтініштерін «Е-лицензирование» ақпараттық жүйесіне бойынша сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу" мемлекеттік қызметі бойынша 42 өтініш тіркелді. Ақпараттық жүйені күнделікті бақылау, жұмыстары жүргізілуде. «Е-өтініш» (21 өтініш) бағдарламаларынауақытылы тіркелді және қолданыстағы заңнама аясында, келген өтініштерді мерзімінде орындалды. қандастар тізімін құру және ақпарат жинақталды (450 адам, 94 отбасы бар).
Сумен жабдықтау
Округ бойынша су жүйелерінің жалпы 20,8 шақырым су жүйесін жүргізілді. 2023 жылдың маусым айында су жүйелерін жүргізу жұмыстары аяқталады. Округте 1064 адам, 226 жеке тұрғын үй бар. Қазіргі таңда 147үй су жүйесіне қосылған.
Газбен жабдықтау
Округте 1058 адам, 226 жеке тұрғын үй бар. Тұрғындар арасында газ жүйесіне қосылу бойынша үгіт насихат жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда 91 үй газға қосылған, 91 үй техникалық құжаттарын жасатты.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, яғни «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» бойынша 60 қызмет көрсетіліп, 45 ЭЦҚ кілті ашылды.
Қоғамдық тәртіп сақтау
2018 жылы тұрғын үймен қосарланған полиция пункті салынған. Осы учаскелік пункте учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Солтанов Турлыбек Касенұлы қызмет атқаруда. 2025 жылы 11 ай мерзімінде округ бойынша қылмыс тіркелген жоқ. Әкімшілік құқық бұзушылық кодекісінің 408 бабы бойынша 8 хаттама толтырылды.
Аудан әкімінің желілік кестесіне сәйкес округке қарасты 3 елді мекендерде ауыл тұрғындарымен 3 кездесу өтті. Кездесудегі көтерілген өзекті мәселелер бүгінгі күні оң шешімін табуда.
Тастөбе ауылдық округінің 2026–2027 жылдарға арналған
жұмыс жоспары
2.Тастөбе ауылына Е.Өнімдінов көшелеріне және басқа да көшелерге көше жарықтандыру шамдарын орнату.
Әлеуметтік нысандарды жөндеу және қайта жаңғырту
2024–2027 жылдар аралығында.
2.Бірлік ауылдарында ойын алаңдарын салу.
3.Е.Өнімдінов, М.Досымбеков көшелеріне орташа жөндеу жұмыс жүргізу.