Тастөбе ауылдық округі бойынша 2025 жылдың I тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
Тастөбе ауылдық округінің 1977 жылы құрылған. Округтің құрамына 3 елдің мекен кіреді.
2024 жылғы 1 қаңтардағы халық саны 1059 адамды құрайды
Ауылдық округ бойынша 115 ШҚ, 14 жеке кәсіпкер, 2 Жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 1 кооператив тіркелген.
Округтегі негізгі күн-көріс, егін шаруашылығы және мал шаруашылығы.
Аббаттандыру және көгалдандыру.
2024 жылдың 1 тоқсанына 3 елді мекенге, 3 сенбілік, 3 «таза сәрсенбі» өткізіп, 10 тонна күл-қоқыс шығарды. Көше бойында жабайы өсіп кеткен, көлік жүруіне, электр сымдарына кедергі келтіретін ағаштар кесілді. Қоғамдық жұмысшылар күнделікті облыстық маңызы бар Үштөбе – Кәлпе – Көксу ауданымен шектесетін тас жол бойының тазалығы және үш елді мекеннің тазалық жұмыстарын жүргізді. 25 дана көшет егілді, ҰОС ардагерлеріне арналған ескерткішке ағымды жұмыстар жүргізілді.
https://www.instagram.com/p/C1HYdU8iRpQ/?igsh=eGd4dHpvcGJ6bXJ3
https://www.instagram.com/p/C1GXilDCIyG/?igsh=MTNyOGpneW5rYjduaw==
https://www.instagram.com/p/C0vUztXCQgi/?igsh=NTAwYzk5eXU1MnQ5
https://www.instagram.com/p/C0vUztXCQgi/?igsh=NTAwYzk5eXU1MnQ5
Салықтар
(2млн 100 мың, берешек-0),Табыс салығы-2000000 мың теңге, Мұлік салығы-90000 мың теңге, Көлік салығы-2100000 мың теңге:
|
Салық түрлері |
2024 жылдың 1тоқсанына жоспар |
Жиналганы (мың теңге) |
Орындалғаны |
|
Табыс салығы (101202) |
244 |
345,2 |
141,5 |
|
ЖТ мүлік салығы (104102) |
25 |
32,3 |
129,2 |
|
Көлік салығы (104402) |
898 |
1446,8 |
161,1 |
|
Жер салығы (104302) |
2 |
6,1 |
6,1 |
|
Барлығы |
1169 |
1830 |
156,6 |
Округ бойынша жалпы салық түсімдері жоспары: 1 169 000 мың. Нақты жиналғаны – 1830000 теңге. Орындалған- 156,5%.
Инвестиция.
Жалпы Инвестиция сомасы 600 000 000 млн теңгеге инвестиция.
Бұқаралық іс-шараларды өткізу.
2025 жылдың наурыз айында 7 отбасына тұрмысы төмен, көп балалы отбасыларына азық түлік берілді. 100 тұрғынға ауызашар берілді. Наурызнама бағдарламасымен округте Наурыз мерекесі, Алғыс айту және көрісу, тазару күндері өткізілді.
Бюджет
Жыл басынан 2025 жылға бюджеттікбағдарламаларды міндеттемелер және төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары жасалды, округ әкімімен бекітіліп бөлінген қаржыны мемлекеттік сатып алу сайытына мерзімімен енгізілді.
"Тастөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің 2025 жылға арналған мемлекеттік сатып алу жоспарын уақытылы орындалды. «Тастөбе ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің 2025 жылдың 1 тоқсанына бөлінген бюджеті - 12 781 милион теңге қаражат құрады, 12 781 млн теңге игерілді. 2025 жылдың 1тоқсанына бюджеттің орындалуы 100 пайыз.
Ауыл шаруашылығы
Егін шаруашылығы: Округ бойынша егін шаруашылығымен 98 ШҚ, 2-ЖШС айналысады. Ауыл шаруашылық жер көлемі барлығы 9535 га. Оның ішінде 1894 га. суармалы, Шабындық 445 га. 7173 Жайылым. Округтің ауылшаруашылық техникалар түрі 5 - комбайн, 50 - трактор, 2 – погрузчик, соқа -18, тіркеме-28, сепкіш-4, пресс-8 өзгеде техникалар тіркелген. Округ бойынша 3 тасарық орналасқан жалпы ұзындығы 21,9 шақырымды құрайды.
Мал шаруашылығы: мал шаруашылығымен 10 Ш/Қ, 1 ЖШС Тастөбе «Агро Фуд» және 1 кооператив сүт жинаумен айналысады
Округтегі мал басының жалпы саны 2024 жылдың 01 қаңтарға МІҚ-5029, МҰМ- 3350, Жылқы-1450, құс- 2900. Округте 4 мал дәрігері жұмыс атқаруда.
Білім беру саласы бойынша
Округ бойынша Ж.Жамбыл атындағы 624 орынды 1 орта мектеп бар, онда 206 окушы білім алуда. Мектеп алды даярлық топта 24 бала, шағын орталықта 50 бала тәрбиеленуде. Мектепте 115 компьютер, 3 интерактивті тақталар бар.
Мұғалімдер 33, тех персетал 15 адамды құрайды.
Бірлік, Бесағаш ауылдарына 58 бала тасымалданады.
Үйден оқитындар 3 бала
Денсаулық сақтау
Округ бойынша 1 фельдшерлік пункт жұмыс жасайды.
Фельшерлік пункт 1986 жылы салынып қолданысқа еңгізілген, халыққа 4 медициналық мамандар қызмет көрсетуде. Бірлік, Бесағаш ауылдарында медициналық бөлімшелер жоқ. Елді мекен тұрғындары Тастөбе ауылында қаралады.
Мәдениет және спорт саласы
Ауылда 1 кітапхана бар, әкімшілік ғимаратында орналасқан, кітап қоры 10200 дана. Мектеп қабырғасында 1 спорт зал және спорттық алаң бар. Тастөбе ауылына қарасты шағын футбол алаңы бар. Округ бойынша Орынтаев Адилет Талғатұлы спорт нұсқаушысы жұмыс атқарады.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек
Округте еңбекке жарамды халықтың саны 510. Балалар саны 366. 2024 жылдың 1 қаңтарына Атаулы әлеуметтік көмек 5 отбасына тағайындалды. Округте 15 мүгедек, 93 зейнеткер бар. Әскери есеп бойынша 9 азамат шақырылып, ата-ананаларымен зерделеу өткізілді,4 азамат студент,екі азамат аулдық округінде тұрмайды іздеуге берілді.Жеке және заңды тұлғалдардың өтініштерін «Е-лицензирование» (1 өтініш). «Е-өтініш» (14 өтініш) бағдарламаларынауақытылы тіркелді және қолданыстағы заңнама аясында, келген өтініштерді мерзімінде орындалды. Мемлекеттік орган әзірлейтін құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің 5шешім мен 37 -өкімнің жобалары әзірленді. Мемлекеттік «Күміс жоба» (6 адам) «Алғашқы жұмыс орны» (2 адам) «Жастар практикасы» (1 адам) «Қоғамдық жұмыс» (22 адам) жобаларды ұйымдастырылды.
Қоғамдық тәртіп сақтау
2018 жылы тұрғын үймен қосарланған полиция пункті салынған. Осы учаскелік пункте учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Мыңбай Алмас қызмет атқаруда. 2025 жылы округ бойынша қылмыс тіркелген жоқ.