Тастөбе ауылдық округі бойынша 2024 жылдың I тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
Тастөбе ауылдық округінің 1977 жылы құрылған. Округтің құрамына 3 елдің мекен кіреді.
2024 жылғы 1 қаңтардағы халық саны 1059 адамды құрайды
Ауылдық округ бойынша 110 ШҚ, 3 жеке кәсіпкер, 1 Жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 1 кооператив тіркелген.
Округтегі негізгі күн-көріс, егін шаруашылығы және мал шаруашылығы.
Аббаттандыру және көгалдандыру.
2024 жылдың 1 тоқсанына 3 елді мекенге, 3 сенбілік, 3 «таза сәрсенбі» өткізіп, 10 тонна күл-қоқыс шығарды. Көше бойында жабайы өсіп кеткен, көлік жүруіне, электр сымдарына кедергі келтіретін ағаштар кесілді. Қоғамдық жұмысшылар күнделікті облыстық маңызы бар Үштөбе – Кәлпе – Көксу ауданымен шектесетін тас жол бойының тазалығы және үш елді мекеннің тазалық жұмыстарын жүргізді.
Салықтар
2 млн 753 мың, берешек-0),Табыс салығы-600000 мың теңге, Мұлік салығы-113000 мың теңге, Көлік салығы-200000 мың теңге:
|
Салық түрлері |
2024 жылдың 1тоқсанына жоспар |
Жиналганы (мың теңге) |
Орындалғаны |
|
Табыс салығы (101202) |
100 |
244 |
244 |
|
ЖТ мүлік салығы (104102) |
20 |
25,2 |
126,0 |
|
Көлік салығы (104402) |
250 |
898,8 |
359,5 |
|
Жер салығы (104302) |
0 |
0,5 |
0,5 |
|
Сыртқы жарнама (105430) |
2 |
0 |
0 |
|
Барлығы |
372 |
1168 |
313,9 |
Округ бойынша жалпы салық түсімдері жоспары: 2 753 000 мың. Нақты жиналғаны – 1168000 теңге. Орындалған- 42 %.
Инвестиция.
Жалпы Инвестиция сомасы 15 000 000 млн теңгеге инвестиция тартылды
Бұқаралық іс-шараларды өткізу.
2024 жылдың наурыз айында 7 отбасына тұрмысы төмен, көп балалы отбасыларына азық түлік берілді. 100 тұрғынға ауызашар берілді. Наурызнама бағдарламасымен округте Наурыз мерекесі, Алғыс айту және көрісу, тазару күндері өткізілді.
Бюджет
Жыл басынан 2024 жылға бюджеттік бағдарламаларды міндеттемелер және төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары жасалды, округ әкімімен бекітіліп бөлінген қаржыны мемлекеттік сатып алу сайытына мерзімімен енгізілді.
"Тастөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің 2024 жылға арналған мемлекеттік сатып алу жоспарын уақытылы орындалды. «Тастөбе ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің 2024 жылдың 1 тоқсанына бөлінген бюджеті - 37 594 милион теңге қаражат құрады, 12 111 млн теңге игерілді. 2024 жылдың 1 тоқсанына бюджеттің орындалуы 40 пайыз.
Ауыл шаруашылығы
Егін шаруашылығы: Округ бойынша егін шаруашылығымен 98 ШҚ, 1-ЖШС айналысады. Ауыл шаруашылық жер көлемі барлығы 7317 га. Оның ішінде 2000 га. суармалы, Шабындық 1522 га. 1695 Жайылым. Округтің ауылшаруашылық техникалар саны 41, 4 - комбайн, 35 - трактор, 2 – погрузчик, соқа -18, тіркеме-28, сепкіш-4, пресс-8 өзгеде техникалар тіркелген. Округ бойынша 3 тасарық орналасқан жалпы ұзындығы 21,9 шақырымды құрайды.
Мал шаруашылығы: мал шаруашылығымен 10 Ш/Қ, 1 ЖШС Тастөбе «Агро Фуд» және 1 кооператив сүт жинаумен айналысады
Округтегі мал басының жалпы саны 2024 жылдың 01 қаңтарға МІҚ-5200, МҰМ- 2200, Жылқы-1150, құс- 5910. Округте 4 мал дәрігері жұмыс атқаруда.
Білім беру саласы бойынша
Округ бойынша Ж.Жамбыл атындағы 624 орынды 1 орта мектеп бар, онда 206 окушы білім алуда. Мектеп алды даярлық топта 24 бала, шағын орталықта 50 бала тәрбиеленуде. Мектепте 115 компьютер, 3 интерактивті тақталар бар.
Мұғалімдер 33, тех персетал 15 адамды құрайды.
Бірлік, Бесағаш ауылдарына 58 бала тасымалданады.
Үйден оқитындар 3 бала
Денсаулық сақтау
Округ бойынша 1 фельдшерлік пункт жұмыс жасайды.
Фельшерлік пункт 1986 жылы салынып қолданысқа еңгізілген, халыққа 4 медициналық мамандар қызмет көрсетуде. Бірлік, Бесағаш ауылдарында медициналық бөлімшелер жоқ. Елді мекен тұрғындары Тастөбе ауылында қаралады.
Мәдениет және спорт саласы
Ауылда 1 кітапхана бар, әкімшілік ғимаратында орналасқан, кітап қоры 10200 дана. Мектеп қабырғасында 1 спорт зал және спорттық алаң бар. Тастөбе ауылына қарасты шағын футбол алаңы бар. Округ бойынша Орынтаев Адилет Талғатұлы
спорт нұсқаушысы жұмыс атқарады.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек
Округте еңбекке жарамды халықтың саны 510. Балалар саны 366. 2024 жылдың 1 қаңтарына Атаулы әлеуметтік көмек 5 отбасына тағайындалды. Округте 15 мүгедек, 72 зейнеткер бар. Әскери есеп бойынша 6 азамат шақырылып, ата-ананаларымен зерделеу өткізілді,4 азамат студент, екі азамат аулдық округінде тұрмайды іздеуге берілді. Жеке және заңды тұлғалдардың өтініштерін «Е-лицензирование» (8 өтініш). «Е-өтініш» (6 өтініш) бағдарламаларына уақытылы тіркелді және қолданыстағы заңнама аясында, келген өтініштерді мерзімінде орындалды. Оралмандар тізімін құру және ақпарат жинақталды (450 адам, 94 отбасы бар). Мемлекеттік орган әзірлейтін құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің 5 шешім мен 37 - өкімнің жобалары әзірленді. Мемлекеттік «Күміс жоба» (6 адам) «Алғашқы жұмыс орны» (2 адам) «Жастар практикасы» (1 адам) «Қоғамдық жұмыс» (20 адам) жобаларды ұйымдастырылды.
Қоғамдық тәртіп сақтау
2018 жылы тұрғын үймен қосарланған полиция пункті салынған. Осы учаскелік пункте учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Мыңбай Алмас қызмет атқаруда. 2024 жылы округ бойынша 1 қылмыс тіркеліп, ашылды.