Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасы Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 31 тамыздағы №322 бұйрықпен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен саласында жобаларды кредиттеу қағидаларының аясында құжаттарды қабылдау мерзімі 11 наурызбен 15 сәуір аралығында болатыны туралы хабарлайды.
Кредиттер үміткерлерге мерзімділік, ақылы, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу, нысаналы пайдаланылу қағидаларын сақтаумен АӨК саласында жаңа жобаларды құру немесе әрекет етушілерін кеңейту үшін беріледі.
Қарыз беру талаптары:
1. Қарыз мерзімі – 10 (он) жылға дейін;
2. Қарыздың максималды сомасы – 5 (бес) миллиард теңгеден артық емес;
3. Сыйақының номиналды мөлшерлемесі – жылдық 2,5 (екі жарым) пайыздан артық емес;
4. Қарыздың нысаналы бағыты – АӨК саласында жобаларды жүзеге асыру, олар төмендегідей жаңа жобаларды құруға немесе әрекет етушілерін кеңейтуге бағытталады:
1) тауарлық-сүт фермалары (қуаты 400 бастан басталатын)
2) етті бағыттағы құс фабрикалары (жылына 500 тонна ет)
3) көкөніс қоймасы (1000 тоннадан)
4) заманауи су үнемдеу технологияларын (жауын-шашынды, тамшылап суару) пайдаланатын суарылмалы жер шаруашылығы (картоп және көкөністер, жем өндірісі).
5. Қарыз берушінің қарыз қаражатын және қарызды пайдаланудың жеңілдікті кезеңіндегі сыйақыны қайтару жөніндегі міндеттемелерін жабатын кепілдік қамтамасыз ету болуы тиіс. Өтімді қамтамасыз ету көлемі қарыз сомасының 70%-нан кем болмауы тиіс. Кепілге ұсынылатын мүліктің кепілдік құны өтімділік коэффициентін қолданумен анықталады.
6. Негізгі қарызды өтеу бойынша жеңілдік кезең 24 (жиырма төрт) айдан артық болмауы тиіс.
7. Қарыз қаражатынан құрылыс-монтаждау жұмыстарын қаржыландыруға жол берілмейді.