Ауылдық округ әкімі Уалиев Талғат Рапықұлы 2026 жылғы 01 наурызда сайланды.
Округтің аумағы 22800 га құрайды.
Округке 2 елді мекен кіреді, жалпы халық саны - 1305 адам.
Көпбірлік ауылы округ орталығы болып саналады, округ орталығында 908 адам, Қарақұм ауылында 397 адам тұрады.
Округте 26 шаруашылық субъектісі бар.
Ауылшаруашылық маңыздағы жерлер 22800 га құрайды, оның ішінде 4058 га – шаруа қожалығының жерлері, 2300 га - жайылым.
Ауылдар ауыз сумен және электр жүйелерімен толық жабдықталған. Құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес, аудан орталығымен байланысқан тас жолдың ұзындығы 185 шақырым (қатты жабынмен).
Көпбірлік және Қарақұм ауылдарында 1 пошта бөлімшесі жұмыс жасайды, сондай-ақ ауылдық мәдениет үйі Қарақұм ауылында, А.Байтұрсынов атындағы орта мектеп Көпбірлік ауылында, Алғазы орта мектебі Қарақұм ауылында, Көпбірлік ауылында Блокты-модульдік Спорт кешені іске қосылып қазіргі таңда 10 адам жұмыспен қамтылған жұмыс жасауда.
1 мешіт, 1 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 1 медпункт, 1 кітапхана, 1 өрт сөндіру бекеті, Қызылбалық ауылдық әкімдігі, 6 дүкен, 8 шаруа қожалығы бар.
Ауылдық округте 2 шағын орталық бар: Көпбірлік ауылында - 1, Қарақұм ауылында - 1, қамтылған барлық балалар саны – 50.
Көпбірлік ауылындағы А.Байтұрсынов атындағы орта мектебінде (1979 жылы салынған) 210 оқушы, Алғазы орта мектебінде (1973 жылы салынған) 80 оқушы оқиды.
Мекенжай: Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Көпбірлік ауылы, Жетінші көше 2
Қабылдау бөлмесі 8 728 34 5 02 84
Анықтама үшін 8 728 34 5 02 84
Сайтқа жауапты маман 8728 34 5 02 84
Email akimat.kyzylbalyk@zhetysu.gov.kz
Өтініш жазу eOtinish




