Бюджет
|
Ескелді а/о |
Жылдық жоспар |
Түсім І тоқсан |
% |
|
Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы 101202 |
12 300 000 |
3 914 255 |
31,8 |
|
Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық 104102 |
334 мың |
10 158 |
3 |
|
Жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық 104402 |
8 000 000 |
7 981 083 |
74,7 |
|
Сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін төлем 105430 |
118 мың |
||
|
Барлығы |
20 752 000 |
11 905 496 |
57,3 |
2026 жылдың І тоқсанына бюджеттің игерілуі
2026 жылдың І тоқсанына бюджеттік қаражатын толықтай игеру бойынша уақытыл іс-шараларды іске асыруды бақылауға алу барысында барысында жылдық бюджеттің орындалу жоспары- 15 млн 636 мың теңге, нақты орындалғаны 15 млн 529 мың теңге, орындалу пайызы 99,3
Орта және шағын кәсіпкерлік
Округте шағын және орта кәсіпорындар саны 148 бірлікті құрайды, оның ішінде 1 ЖШС, 136 жеке шаруа қожалығы, 10 жеке кәсіпкерлерде 386 адам жұмыспен қамтылған. Сондай ақ 8 дүкен, 3 қоғамдық тамақтану объектісі бар.
Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушы азаматар бойынша Ескелді ауылдық округі бойынша әскерге шақырылушылардың жалпы саны – 23 адам.
Әскери міндеттілерге жазбаша хабарламалардың уақытылы жеткізілуі және бекітілген жоспардың орындалуы қатаң бақылауға алынған. Сонымен қатар, жастар мен жасөспірімдер арасында патриоттық тәрбие беру мақсатында бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес жұмыстар күшейтіліп, арнайы іс-шаралар мен кездесулер ұйымдастырылуда.
Ауыл шаруашылығы
Округтер бөлінісіндегі көктемгі дала жұмыстарына «Уштобинский» ЖШС 2026 жылға 102 тонна дизель отыны мен 300 тонна аммоний сульфатына өтінім берді. Жеткізуші Теміртау қаласынан «Карнет» АҚ. Қазіргі уақытта 1300 га жер жыртылды.
Егіс жоспары: Уштобинский ЖШС: Арпа-150 га, күнбағыс-500га, жүгері-500га, күріш-140га. Шаруа қожалықтары: Арпа-100га,жүгері-150га, майбұршақ-200га, қант қызылша-5 га, бақша дақылдары-70га, қартоп-20 га.
Әрбір шаруашылыққа өнімді белгіленген уақытында тапсырудың маңыздылығы, тасымалдау кестесін сақтаудың қажеттілігі түсіндірілді. Сонымен қатар, туындаған сұрақтарға жауап беріліп, ұсыныстар қарастырылды.
Ауыл шаруашылығы техникалары бойынша
Шаруа қожалықтардың көктемге техниканың дайындығы:
Трактор - 30 дана. Прицеп – 11 дана. Сеялки – 9 дана. Косилка- 9 дана. Мини трактор – 4 дана. Соқа-10
«Уштобинский» ЖШС техниканың дайындығы:
Трактор -21 дана. Комбайн – 9 дана. Сеялки – 6 дана. Культиватор – 2 дана. Жатка – 4 дана. Погрузчик-1 дана, соқа-6 дана, мола-4 дана.
ЖШС «Уштобинский» техниканың дайындығы:
Трактор -14 дана. Комбайн – 6 дана. Сеялки – 6 дана. Культиватор – 2 дана. Жатка – 4 дана.
2026 жылдың 1 қаңтарына мал басы
М.І.Қ -4400 бас, оның ішінде аналық - 1300 бас, Ұ.М.М-12200 бас, жылқы-800 бас, ешкі-5200 бас, шошқа-20, барлық түрдегі құстар 3800 .
Жануарлар арасында жұқпалы аурулардың алдын алу
Жануарлар арасында жұқпалы аурулардың алдын алу барысында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде:
Ірі қара малға аусылға қарсы вакцина — 3600 бас
ІҚМ нодулярлы дерматитке қарсы вакцина 3700 бас
ІКМ малдан бруцеллезге қан алу — 850 бас
Иттердің эхинококкозға қарсы дегельминтизация 400 бас
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық санитарлық тазалау акциясы
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық санитарлық тазалау акциясы аясында жоспарға сәйкес кең ауқымды шаралар жүйелі түрде өткізіліп келеді.
Округте «Таза Қазақстан» акциясын өз деңгейінде ұйымдастыру жұмыстары жалғасуда. Жол жиектерін тазалау, қоқыс үйінділерін шығару, маршрут бойынша тазылық жұмыстарын округке бөлінген қоғамдық жұмысшылар күнделікті белсенді атқаруда. Бүгінгі күнге апта аралығын 1 сенбілік және 1 таза сәрсенбілік шарасы ұйымдастырылып, аумақтан апта ішінде 2,5 тонна қоқыс шығарылып, анықталған қоқыс үйінділері жойылды. Сонымен қатар округтегі ашақтардың діңдері әктелді. Атқарылған жұмыстар туралы ақпарат ресми сайт парақшаларға уақытылы жариялануда. Аталған жұмыстар алдағы уақытта жалғасын табады.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек
Округте қоғамдық жұмысқа 19 жұмыссыз адамдар тартылған. Адамдармен жұмыс жасау, санитарлық тазалау бойынша жұмыстарды бөлу, орындалған жұмыстардың барысын бақылау, жұмыс уақытының есебі айсайын жүргізілуді қадағалануда.
Субсидияланатын жұмыс орындарына жұмыссыздарды орналастыру жұмыстары ұйымдастырылып, жұмыссыздық деңгейін төмендету бойынша жоспардың орындалуы қатаң қадағалануда.
Аталған бағытта тұрғындар арасында жұмысқа орналастыру бойынша белсенді іс-шаралар жүргізіліп, нәтижесінде:
«Күміс жас» бағдарламасы бойынша 3 адамға, Жастар тәжірибесі бағдарламасы бойынша 2 адам, Кәсіби оқыту бағдарламасы бойынша 5 адамға өтінім жіберілді.
Жұмысқа орналастыру және оқыту жұмыстары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатын болады.
Халықпен тұрақты кездесуді бойынша
Бекітілген кестеге сәйкес 4 елді мекенде ауыл тұрғындарымен 4 кездесу өткізіп, азаматты жеке мәселелері бойынша қабылданды. Көтерілген өзекті мәселелерді шешу жөніндегі іс-қимыл жоспарын жасап орындалуын бақылауда ұсталды.
Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша округтің жоспарлары құрылып жоспарға сәйкес іс-шаралар атқарылды. Төтенше жағдайлардың, азаматтық қорғау жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету барысында құзырлы мекемелерге 18 ақпарат хат жолдап, әлеуметтік желілерге 48 ескертпе хабарландырулар мен 3 мақала жариялады. ТЖБ мамандарымен бірлесе отырып төтенше жағдайлардың алдын алуы мақсатында су тоспаларына және бас арықтарына гидротехникалық тексеру жұмыстары жүргізіліп, тексеру актілері жасалынуын ұйымдастырды. Сонымен қатар өрт қауіпсіздік ережелерінің талаптарына сәйкес тұрғын үйлердің өрт қауіпсіздік жағдайын күшейту мақсатында, жылыту пешінің қалпын, электр бұйымдарының жағдайын, газ жабдықтарын және аумақты ұстау жағдайы бойынша үйді-үй аралап ұсыныс түбіртектерін таратуды ұйысдастырды. Жыл басынан 11 рет өрт болған орынға барып, өртенген құрғақ шөптерді сөндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар Көгдала ауылын қардан еріген тасқын судан қорғау мақсатында аппарат мамандарымен еріктілер бір апта бойы тәулік бойы кезекшілікке тұруды күндіз де, түнде де су деңгейін бақылап, қауіпті аймақтарды үнемі тексеруді ұйымдастырды. Су басу қаупі бар жерлерге барып, арналардың жағдайын қарап, қажет болған жағдайда шұғыл шаралар қабылдады. Арнайы техника – трактордың көмегімен арықтар тереңдетуді, судың өткізу мүмкіндігін арттыруды ұйымдастыруды қадағалады.
Мәдени іс-шараларды өткізу бойынша
Бұқаралық спорт, мәдени іс-шараларды өткізу барысында 4- мәдени іс-шара мен 25 ақпараттық танымдық іс-шаралар өткізіуді ұйымдастырды.
Жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтініштері бойынша
Жыл басынан жеке тұлғадан 18, заңды тұлғадан-1 өтініш түсті. Заңға сәйкес өтініштердің мерзімдері мен қаралу тәртібі сақталынып, екі тілде жауаптары берілуде. Мерзімі бұзылған өтініштер жоқ. Жеке қабылдауға 12 азамат қабылданып, мәселелері оң шешімін табуда.
2026 жылға басылымға жазылу туралы
2026 жылға басылымға жазылу жоспар-235дана, орындалғаны 148, орындалу пайызы 63% (Бастау-92, Вестник Жетісу-11, Қаратал-37, Егемен Казакстан-2, Жетысу-2,Алатау-2, Каз правда-1, Қазақстан дәуірі-1)
Жаңалықтарды сайт парақшаларына уақытылы жариялау туралы Округ бойынша 2026 жылға арналған медиа жоспарға сәйкес өткізілген іс-шаралар мен жағымды жаңалықтар округтің ресми әлеуметтік желі парақшаларында (Facebook, Instagram және басқа да ақпараттық платформаларда) тұрақты түрде жарияланып, олардың дер кезінде орналастырылуы бақылауға алынған.
Өткізілген мәдени-көпшілік, әлеуметтік және қоғамдық маңызы бар іс-шаралар туралы ақпараттар фото-бейнематериалдармен бірге уақытылы жарияланып, тұрғындарға кеңінен жеткізілуде.
Алдағы уақытта да медиа жоспардың орындалуы тұрақты бақылауда болып, өткізілетін барлық іс-шаралар мен атқарылған жұмыстар туралы ақпараттар әлеуметтік желілерде жедел түрде жарияланып отырады.
D, E санаттары бойынша
Қаратал ауданының көші-қон бөліміне округ аумағында тұрмайтын, 15–20 жыл бұрын көшіп кеткен, алайда әлі күнге дейін D, E санаттары бойынша тізімде тұрған азаматтарды есептен шығару туралы ресми хат жолданды. Аталған тізімде барлығы 22 адам көрсетілген.