2026 жылғы 1 қаңтардан бастап БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері ЖТС-тан босатылады

2025 жылғы 18 шілдеде Мемлекет басшысы жаңа Салық кодексіне қол қойды. Бұл құжатқа сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) зейнетақы төлемдері мен тұрғын үй/емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) жеке табыс салығынан (ЖТС) босатылады, Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын тұлғаларға төленетін төлемдерден басқа.

Қазіргі жағдай қандай?

Қолданыстағы Салық кодексіне сәйкес, зейнетақы төлемдері мен БЗТ табыс ретінде есептеліп, 10% мөлшерлемемен ЖТС ұсталады. Яғни, зейнетақы жарналары салық салынғанға дейін жеке зейнетақы шоттарына аударылады, ал ЖТС төлемдер кезінде ұсталады. ЖТС міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) және ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптасқан барлық зейнетақы төлемдерінен жиынтық түрде ұсталады. Бұл ретте түзету сомалары мен салықтық шегерімдер ескеріледі.

Тұрғын үй/емделуге арналған БЗТ пайдалану кезінде де ЖТС ұсталады. Бұл жағдайда салық төлеудің екі тәсілі қарастырылған:
– бірден БЗТ алу кезінде;
– немесе зейнеткерлікке шыққанға дейін кейінге қалдыру арқылы.

2026 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетақы төлемдері мен БЗТ-дан ЖТС есептеу, ұстау және төлеу қолданыстағы тәртіппен жүзеге асырылады.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап не өзгереді?

Барлық зейнетақы төлемдерінен ЖТС ұсталмайды, егер төлем алушы Қазақстан Республикасының резиденті болмаса деген жағдайдан басқа.
БЗТ-дан да ЖТС ұсталмайды.

Сондай-ақ 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап тұрғын үй/емделуге арналған БЗТ-дан зейнетке шыққанға дейін кейінге қалдырылған ЖТС бойынша есептелген міндеттемелер алынып тасталады, бірақ бұрын бюджетке төленген салықтар қайтарылмайды.


Тағы қандай өзгерістер бар?

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап өзіне пайдасына жасалған ерікті зейнетақы жарналарына қатысты табысқа салық салу кезінде қолданылатын салықтық шегерімдер жойылады.

Алайда, жұмыс берушінің қызметкердің пайдасына БЖЗҚ-ға аударған ерікті зейнетақы жарналары жеке тұлғаның табысы болып саналмайды (тиісінше, оларға ЖТС салынбайды). Сонымен бірге, жұмыс беруші үшін бұл шығындар корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шегерімге жатады. Яғни, бұл жағдайда салықтық жеңілдікті де қызметкер, де жұмыс беруші алады.


📽 Тақырып бойынша бейне түсіндірме мына сілтеме арқылы қолжетімді:
https://youtu.be/NsF7BNcEFrE?si=1-Jg52Swdra2jOET


📌 БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ негізінде құрылған. Қордың құрылтайшысы және акционері — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі.
БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін сенімді басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес, БЖЗҚ:
– міндетті зейнетақы жарналары,
– жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары,
– міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары,
– ерікті зейнетақы жарналары,
– сондай-ақ кепілдік берілген салым бойынша талап етілмеген өтем сомасы есебінен қалыптасқан ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, есепке алуды және төлемдерді жүзеге асырады.

Сонымен қатар, қор:
– мақсатты активтер мен талаптарды есепке алады,
– мақсатты жинақтарды есепке алып,
– оларды «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында алушылардың банк шоттарына төлеуді және қайтару есебін жүргізеді.

Толығырақ ақпарат: www.enpf.kz

Дата публикации
04 августа 2025