2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі 23,34 трлн теңгені құрады. Бұл бір жыл ішінде 4,10 трлн теңгеге немесе 21,3% өсім көрсеткенін білдіреді.
Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен жинақтар 2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 22,25 трлн теңгеге жетіп, 12 айда 19,9% артты.
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтарының көлемі 666,33 млрд теңгені құрады (жылдық өсім – 10,7%).
Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша ең жоғары жылдық өсім тіркелді – 37,5%, ал 2025 жылғы 1 маусымдағы жинақтар көлемі 8,45 млрд теңгені құрады.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілген жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖЖ) есебінен жинақтар көлемі 2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 418,45 млрд теңгені құрады.
Жинақтардың өсуі зейнетақы жарналары мен инвестициялық табыстың түсімі есебінен қамтамасыз етіледі. Соңғы бір жыл ішінде салымшылардың жеке және шартты зейнетақы шоттарына 1 301,01 млрд теңге жарна түсті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,4%-ға немесе 220,26 млрд теңгеге артық.
2025 жылғы 1 маусымға дейінгі кезеңде:
МЗЖ бойынша жеке зейнетақы шоттарына – 1 070,38 млрд теңге (жылдық өсім – 12,1%),
МКЗЖ бойынша – 57,24 млрд теңге (жылдық өсім – 21,1%),
ЕЗЖ бойынша – 1,21 млрд теңге жарна түсті.
МЗЖЖ бойынша 2025 жылдың алғашқы 5 айында 172,18 млрд теңге аударылды.
2025 жылдың алғашқы 5 айында барлық түрдегі төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар көлемі – 646,05 млрд теңге болды. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 75,9%-ға немесе 278,68 млрд теңгеге жоғары.
Біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) – тұрғын үй жағдайын жақсарту мен емделуге арналған төлемдер 374,68 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 41,25%-ға артты.
Зейнет жасына жетуге байланысты төлемдер 2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 98,08 млрд теңгені құрап, жыл ішінде 22,21%-ға өсті.
Орташа айлық кесте бойынша төлем сомасы – 35 668 теңге.
Сондай-ақ, 2025 жылғы 1 қаңтардан 1 маусымға дейін:
Мұрагерлік бойынша төлемдер – 28,96 млрд теңге
ҚР-дан тысқары тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер – 15,24 млрд теңге
Мүгедектік бойынша төлемдер – 1,32 млрд теңге
Жерлеуге арналған төлемдер – 4,48 млрд теңге
Сақтандыру ұйымдарына аударылған сома – 123,29 млрд теңге
2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы жалпы зейнетақы шоттарының саны – 17,59 млн (жыл ішінде өсім – 1,45 млн шот немесе 9%).
Оның ішінде:
МЗЖ есебінен – 11,17 млн шот
МКЗЖ есебінен – 736,94 мың шот
ЕЗЖ есебінен – 450,31 мың шот
Жұмыс берушінің міндетті жарналары (МЗЖЖ) бойынша деректерді есепке алатын шартты зейнетақы шоттарының саны – 5,04 млн.
Актуалды статистикалық ақпарат www.enpf.kz сайтындағы «Статистика және талдау» бөлімінде жарияланады.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «МЖЗҚ» АҚ базасында құрылған. Қордың құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті атынан ҚР Үкіметі.
БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды ҚР Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына сәйкес, БЖЗҚ:
Міндетті зейнетақы жарналарын;
Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын;
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын;
Ерікті зейнетақы жарналарын тартады және есепке алады;
Сондай-ақ талап етілмеген кепілдік өтем сомасынан қалыптасқан ЕЗЖ-ны есепке алады;
Зейнетақы төлемдерін жүзеге асырады.
Сонымен қатар, Қор:
Мақсатты активтер мен талаптарды есепке алады;
«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында мақсатты жинақтарды арнайы есепшоттарға есептеп, төлемдер жасайды және қайтарылған сомаларды есепке алады.
(Толығырақ www.enpf.kz сайтында)