«Қаратал ауданы Ескелді ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің І-тоқсанда атқарылған жұмыстар туралы АҚПАРАТ

 

 

«Қаратал ауданы Ескелді ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің

І-тоқсанда атқарылған жұмыстар туралы

АҚПАРАТ

 

 

Бюджет

Салық бойынша 01.04.2025 жылға  

  • Жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықтың І-тоқсанға жоспары 2 849 000 теңге, орындалғаны 4 484 393  теңге, орындалу пайызы 157
  • Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықтың І-тоқсанға жоспары 16 мың теңге, орындалғаны 9 914 теңге, орындалу пайызы 61
  • Жарнамалық салықтың І-тоқсанға жоспары 22 мың теңге, орындалғаны 36 920 теңге, орындалу пайызы 167,8
  • Жеке табыс салығының І-тоқсанға жоспары- 2 395 000 теңгеден 2 405 455 теңге орындалды, орындалу пайызы (Салық түсімдерінің № 2-19 нысаны қосымшада)

Ескелді а/о

І тоқсанға жоспар

Түсім 01.04.2025

%

Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы 101202

2 395 млн

2 405 455

 

100

Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық 104102

16 мың

9 914

61

Жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық 104402

2 849 мың

4 484 393

157

Сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін төлем 105430

22мың

36 920

167

Барлығы

5 282 000

6 939 382

131

2025 жылдың соңына дейінгі жоспар

  • Жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықтың жылдық жоспары 7 200 000 теңге
  • Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықтың жылдық жоспары 280 мың теңге
  • Жарнамалық салықтың жылдық жоспары 90 мың теңг
  • Жеке табыс салығының жылдық жоспары-6 000 000 теңге

Жоспарға сәйкес салықтың түсімін 100 пайызға жеткізу.

 

2025 жылдың І тоқсанына бюджеттің игерілуі

2025 жылдық бюджеттік қаражатын толықтай игеру бойынша уақытыл іс-шараларды іске асыруды бақылауға алу барысында барысында  1-тоқсанға бюджеттің орындалу жоспары- 12 млн 861 мың теңге, нақты орындалғаны 12 млн 842 мың теңге, орындалу пайызы 99,8 (4-20 нысаны қосымшада)                                                          

 

Орта және шағын кәсіпкерлік

Округте шағын және орта кәсіпорындар саны 148 бірлікті құрайды, оның ішінде 1 ЖШС, 136 жеке шаруа қожалығы, 10 жеке кәсіпкерлерде 386 адам жұмыспен қамтылған.  Сондай ақ 8 дүкен, 3 қоғамдық тамақтану объектісі бар.

2025 жылдың соңына дейінгі жоспар

2025 жылы Ескелді би ауылынан 1 «Улыбаева Р» кафесі, 2 шаруа қожалығы ашылады. 6 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. 

 

Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушы азаматар бойынша             

Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушы азаматарды есепке алуды жүргізді. 1997-2007 ж.т 25 әскерге шақырушылдарды комиссияға жеткізуді ұйымдастырды. (жоспар бойынша 29 азамат) бармағаны 4 азамат                                корей мемлекетінде. Әр айдың аяғында қорғаныс бөліміне әскери міндеттілер жайында 3 есеп берілді.

Ауыл шаруашылығы

Барлығы 14 382  гектар ауыл шаруашылығы жерлері бар, оның ішінде жайылымдар - 8136 гектар, суармалы жерлер - 6246 гектар.

Шаруа қожалықтардың 01.04.2025 жылға еккен егін бойынша:

Көктемгі дала жұмыстары басталып, қазіргі уақытта 530га жер өңделіп, 75га арпа егілді.

2025 жылғы жоспар

Округ бойынша  қант қылшасы 55га, күріш  330га, картоп 200га, май бұршақ 350га, көкөніс 100га,  жүгері 300га, арпа 150га, көп жылдық шөп 350га отырғызу жоспарда.

Ауыл шаруашылығы техникалары бойынша

101 ауыл шаруашылығы техникасы тіркелген,оның ішінде трактор-41, прцеп-9, сепкіш-14, косилка-9, мини трактор-4, погрузчик-1, комбайн-7, соқа-10, жатка-4. ШҚ «Аксенов А» «Каз АгроФинанс»-тан 1 бір қатарлы қызылша жинайтын комбайн, 1 сепкіш, 1 пресс, 1 трактор сатып алды. Округтегі Ш/Қ және ЖШС техникалары саны: 101

 

 Ш/Қ техникалары:                        ЖШС «Уштобинский» техникалары:

Трактор

27

Прицеп

9

Сепкіш

8

Косилка

9

Мини трактор

4

Погрузчик

1

Комбайн

1

Соқа

10

Барлығы:

69

Трактор

14

Комбайн

6

Сепкіш

6

Культиватор

2

Жатка

4

Барлығы:

32

 

 

 

 

 

 

 

2025 жылдың 1 қаңтарына мал басы

М.І.Қ -3500 бас, оның ішінде  аналық  - 2100 бас, Ұ.М.М-12300 бас, жылқы-660 бас, ешкі-1400 бас, шошқа-42, барлық түрдегі құстар 6750 .

2025 жылдың соңына дейінгі жоспар

Мал басы М.І.Қ - 5500 бас, оның ішінде  аналық  - 3000 бас, Ұ.М.М-13000 бас, жылқы-850 бас, ешкі-1600 басқа жеткізу жопарда.

 

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық санитарлық тазалау акциясы

Облыстың елді мекендерін көктемгі-күзгі санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру екі айлығын өткізу туралы «Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясы аясында жоспар құрылып жоспарға сәйкес 12 іс-шара атқарылды. Бекітілген әкімшілік аумақты аббаттандыру және көктемгі санитарлық тазарту айлығы кезінде 3 сенбілік және 3 таза сәрсенбілік өткізіліп, стихиялық қоқыс қалдықтарын шығаруды ұйымдастырылды. Шығарылған қоқыс-46 тонна.

Округ бойынша жеке тұрғын үйлер мен сауда тұрмыстық қызмет көрсету орындарының қасбеттерін жаңарту бойынша, кемшіліктерді жою қажет екендігі туралы тұрғындарға ескертулер тарату үшін 6 рейд шаралары жүргізіліп 8 ескертпе қағаздары таратылды.

2025 жылдың соңына дейінгі жоспар

Жыл соңына дейін 30 ға жуық сенбілік жұмыстарын үйымдастырып округте абаттандыру көгалдандыру жұмыстарын жүргізу. Сонымен қатар Округ бойынша жеке тұрғын үйлер мен сауда тұрмыстық қызмет көрсету орындарының қасбеттерін жаңарту бойынша рейдтік шараларын ұйымдастыру.

 

Сумен жабдықтау және су бұру

Ескелді би ауылы мен Қызылжар ауылы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген.

Округ бойынша су жүйелерінің жалпы ұзындығы 17 км. Суға қосылған абоненттер саны 723 үйдің 134 (18,5 %) қосылған. Округте 2 су қысымды мұнара жұмыс жасайды. Біреуі Ескелді би ауылында, екіншісі Көкдала ауылында орналасқан.

Орталық сумен 3 мектеп, 1 балабақша, 1 дәрігерлік амбулатория , 1 мешіт, 1- әкімшілік аппараты, 1- қызмет үйімен бірлескен полиция пункті, 1 ЖШС,                 4 сауда орны мен 1 тойхана  қосылған.

 

Электржүйесі, жылу беру және газ тарту жұмыстары бойынша

2025-2026 жылдарға жылу беру мауысына дайындық туралы Қатты және сұйық отынмен жылытылатын тұрғын үйлердің саны 725 түтін. Көмірге қажеттілік 4020 тонна.

Қошқарбаев орта мектебі бойынша- лимит 42142 л. (температура режимі сыныптарда +22, дәлізде+20 градус)

Лермонтов орта мектебі бойынша- лимит 32438 л. (температура режимі сыныптарда +22, дәлізде+20-22 градус)

Көкдала орталау мектебінде ПИЛЛЕТ отынынының лимит 70 тонна. Солярка 698 л. (температура режимі сыныптарда +20 дәлізде+19 градус)

Округтегі: Ескелді, Қызылжар, Көкдала, Қайнар ауылдарының тұрғындары тұрғын үйлеріне қатты отында пайдаланады.

 

 

Газ жүйесі бойынша

Округ тұрғындары арасында газ жүйесіне қосылу бойынша үгіт насихат жұмыстары жүргізіліп, бүгінгі күнге 107 адамнан газбен жабдықтау желілеріне қосылуға техникалық шарттар беруге өтініштері қабылданды. Жұмыстар жалғасуда.

        Көлік және коммуникация

Автомобиль жолдарының ұзындығы-70 шақырымды құрайды. Оның ішінде қатты жабынды-67 шақырым, топырақты-3 шақырым. Ауылдың ішкі жолдарының ұзындығы-44,3 шақырым.

 

Округтегі жолдарға жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша

2025 жылдың соңына дейінгі жоспар

Округте күрделі жөндеу жұмыстарын қажет ететін көшелер бар: тегістеу, қиыршық тас төсеу, сондай-ақ асфальттау.

- Ескелді ауылы Қошқарбаева көшесіне қиыршық тас төсеу; (сметалық құжаттамасы бар) 2 755 535-00 тенге

- Қызылжар ауылы Жұмабаева көшесіне қиыршық тас төсеу; (сметалық құжаттамасы бар) 3 797 296-00 тенге

- Көкдала ауылы 2-проездге қиыршық тас төсеу; (сметалық құжаттамасы бар) 1 799 331 тенге

  • Білім беру

Округ бойынша 3 мектеп жұмыс істейді, оның ішінде типтік – 2, бейімделген-1.

  1. Ескелді би ауылындағы Р. Қошқарбаев атындағы орта мектеп 1968 жылы салынған, ғимарат- типтік, жобалық қуаты 640 орындық. Мектепте:  20  балаға 2 топ мектепалды даярлық тобы бар ( қазақ тобы -7 бала, орыс тобы-13 бала). Жылыту түрі-автономды.  1-11 сыныптардағы оқушы саны- 258.
  2. Қызылжар ауылындағы Лермонтов атындағы орта мектеп 2013 жылы салынған. типтік ғимарат, жобалық қуаты 180 орындық. Мектепте: 25  балаға 1 топтық қысқа мерзімді ( 3 сағаттық) шағын орталық  және 14 балаға 1топ мектепалды даярлық тобы бар. ( Орыс тобы).  Жылыту түрі-автономды. 1-11 сыныптарда оқушылар саны- 143 оқушы.
  3. Көкдала ауылындағы МДШО бар Көкдала орталау мектебі 1984 жылы салынған. Жобалық қуаты 150 орындық. Мектепте: 25 балаға 1 топтық шағын орталық және 11 балаға 2 топ мектепалды даярлық тобы бар. Жылыту түрі-автономды ПИЛЛЕТ қатты отын және қосымша сұйық отын солярка. 1-9 сыныптардағы оқушылар саны- 74.

Округте барлық оқушылардың саны -475.

Қайнар ауылында мектеп жоқ болғандықтан, Ескелді би  ауылына                            21  оқушы тасымалданып оқиды.  Ауыл арасының қашықтық 5 шақырым.

50 орындық "Айым" мемлекеттік балабақша жұмыс істейді. Қамтылған бала саны- 50.

Округте 3-6  жас аралығында мектепке дейін балалардың саны -218, оның  100%  мектепке дейінгі білім алумен қамтылған.

 

 Инвестиция бойынша

2024-2026 жылдары жүзеге асырылатын  инвестжобалар орындау бойынша ЖК «Адека» иесі  Джелкобаева Лязат Агунбаевна кафе құрлысын жүргізу және оған қызмет көрсетуге жоба құны 100 млн тенге болатын инвест жоба аяқталды. Сонымен қатар Атимов Берікбол округ аумағынан 1 га жерге "Биогумус компост" органикалық тыңайтқыш өндіру шаруашылығын ашып,                 30 млн тенгеге кеңейту жұмыстарын жүргізіп жатыр.

 

Денсаулық сақтау

Округте 1 дәрігерлік амбулатория, 2 ФАП бар.

  1. 2017 жылы салынған Ескелді ауылының дәрігерлік амбулаториясы. 1 дәрігер және 6 мед дәрігер жұмыс жасайды.
  2. 1970 жылы салынған Қызылжар ауылының фельдшерлік-акушерлік пункті. ФАП-та 2 мед дәрігер жұмыс жасайды. Ғимарат заманауи талаптарға сай емес. Бүгінгі күнге Қызылжар ауылы А. Байтұрсынов көшесі № 11 мекен-жайына «Фельдшерлік-амбулаториялық ғимарат» (ФАП) құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Мердігер ұйым «ТУНАС» ЖШС-гі. Тапсырыс беруші «Жетісу обылысының құрылыс басқармасы» ММ. Жоба құны 186 469 690.80 млн. тенге. ФАП құрлысына 2500 шаршы метр жер телімі бөлінген.
  3. 2008 жылы салынған Көкдала ауылының фельдшерлік-акушерлік пункті, типтік, 1 мед дәрігер жұмыс істейді.
  4. 101 халқы бар Қайнар ауылында медициналық мекеме жоқ. Ауыл тұрғындарға Ескелді ауылындағы дәрігерлік амбулаторияда қызмет көрсетіледі. Ауылға медициналық пункт қажет.

2025 жылдың соңына дейінгі жоспар

Қызылжар ауылы А. Байтұрсынов көшесі № 11 мекен-жайына «Фельдшерлік-амбулаториялық ғимарат» (ФАП) құрылыс жұмыстары                      2024-жылдың қыркүйек айында басталды, 2025 жылы аяқтау жоспарлануда. Мердігер ұйым «ТУНАС» тапсырыс беруші «Жетісу обылысының құрылыс басқармасы» ММ. Жоба құны 186 469 690.80 млн тенге.

 

Мәдениет, спорт, туризм 

2025 жылдын наурыз айында Көкдала ауылына воркаут орнатылды. Округте І.Жансүгіров көшесі № 5Б мекен-жайында блокты-модульдік мәдениет үйі, Жансүгіров көшесі № 5А мекен-жайында блокты-модульдік дене-шынықтыру сауықтыру кешені бар. Округте 1 ауылдық кітапхана бар, кітап қоры 22 286  кітап. Мектеп ішінде 2 спорт зал бар,

2025 жылдың соңына дейінгі жоспар

  • Қызылжар ауылына спорт алаңын орнатуға сметалық құжаттама бойынша-10 255 280-00 (сметалық құжаттамасы бар)
  • Ескелді би ауылына воркаут орнатуға-2 225 568-00 (сметалық құжаттамасы бар)
  • Көкдала орталау мектебінің спорт ойын алаңын қоршау жұмыстарын жүргізу

(сметалық құжаттамасы жоқ)

 

 

 

Жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек

Округте қоғамдық жұмысқа 28 жұмыссыз адамдар тартылған. Адамдармен жұмыс жасау, санитарлық тазалау бойынша жұмыстарды бөлу, орындалған жұмыстардың барысын бақылау, жұмыс уақытының есебі айсайын жүргізілуді қадағалануда.

«Күміс жас» жобасына 5 шаруа қожалығы қатысу үшін тапсырыс берілді. Кәсіпкерлік оқуға 6 адам жіберілді.

2025 жылыдың І тоқсанында атаулы әлеуметтік көмек 27 отбасына тағайындалды.

Шаруа қожалықтарының басшыларымен тығыз жұмыстар жасалып, 1 тоқсанда 3 адам жұмысқа орналастырылуын ұйымдастырылды.

2025 жылдың соңына дейінгі жоспар

Қоғамдық жұмысқа 45 адам, жастар практикасына 2 адам, жеке шаруа қожалықтарына 20 адам жұмысқа орналастыру жоспарда.

 

Халықпен тұрақты кездесуді бойынша бекітілген кестеге сәйкес  12-13 ақпан күні 4 елді мекенде ауыл тұрғындарымен 4 кездесу өткізіп, азаматты жеке мәселелері бойынша қабылданды. Көтерілген өзекті мәселелерді шешу жөніндегі іс-қимыл жоспарын жасап орындалуын бақылауда ұсталды.                           Атап айтсақ;

      Көкдала ауылы бойынша тұрғындардан 2 сұрақ, қоғамдық қабылдауда 3 сұрақ /Оң шешімін тапты/

 Қайнар ауылы бойынша 1 сұрақ, қоғамдық қабылдауда 2 сұрақ /Оң шешімін тапты/

     Ескелді би ауылы бойынша 3 сұрақ жеке қабылдауда  3 сұрақ                                      /Оң шешімін тапты/ 

Қызылжар ауылы бойынша 3 сұрақ жеке қабылдауда 3 сұрақ                                      /Оң шешімін тапты/

2025 жылдың соңына дейінгі жоспар

Елді мекенде ауыл тұрғындарымен 8 кездесу өткізіп, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, жұмыстар жүргізу.

 

Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша округтің жоспарлары құрылып жоспарға сәйкес іс-шаралар атқарылды. Төтенше жағдайлардың, азаматтық қорғау жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету барысында құзырлы мекемелерге 19 ақпарат хат жолдап, әлеуметтік желілерге 29 ескертпе хабарландырулар мен 1 мақала жариялады.  ТЖБ мамандарымен бірлесе отырып төтенше жағдайлардың  алдын алуы мақсатында  су тоспаларына және бас арықтарына гидротехникалық тексеру жұмыстары жүргізіліп, тексеру актілері жасалынуын ұйымдастырды. Сонымен қатар өрт қауіпсіздік ережелерінің талаптарына сәйкес тұрғын үйлердің өрт қауіпсіздік жағдайын күшейту мақсатында, жылыту пешінің қалпын, электр бұйымдарының жағдайын, газ жабдықтарын және аумақты ұстау жағдайы бойынша үйді-үй аралап ұсыныс түбіртектерін таратуды ұйысдастырды. Жыл басынан 5 рет өрт болған орынға барып, өртенген құрғақ шөптерді сөндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар Көгдала ауылын қардан еріген тасқын судан қорғау мақсатында аппарат мамандарымен еріктілер бір апта бойы тәулік бойы кезекшілікке тұруды күндіз де, түнде де су деңгейін бақылап, қауіпті аймақтарды үнемі тексеруді ұйымдастырды. Су басу қаупі бар жерлерге барып, арналардың жағдайын қарап, қажет болған жағдайда шұғыл шаралар қабылдады. Арнайы техника – трактордың көмегімен арықтар тереңдетуді, судың өткізу мүмкіндігін арттыруды ұйымдастыруды қадағалады.

2025 жылдың соңына дейінгі жоспар

Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша жоспарға сәйкес іс-шаралар ұйымдастырып, жұмыстар атқару.

 

Сала аралық бағдарламалар

Сыбайлас жемқорлық, қылмыс және құқық бұзушылық, адам саудасы, дін мәселелері бойынша іс-шаралар мен рейдтік жұмыстар жүргізіп, пробация қызметінің есебінде тұрған және  бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған 1 азаматты тұрақты және қоғамдық жұмысқа орналастыру бойынша жұмыстар ұйымдастырылды.

 

2025 жылдың соңына дейінгі жоспар

Сыбайлас жемқорлық, қылмыс және құқық бұзушылық, адам саудасы, дін мәселелері бойынша жоспарға сәйкес іс-шаралар ұйымдастырып, жұмыстар атқару.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
09 апреля 2025