2024 жылдың қорытындысы бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушылар: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) алдыңғы жылғы көрсеткіштен де, 2024 жылғы инфляция деңгейінен де (8,6%) едәуір асатын кірістілікті паш етті. Бұл зейнетақы активтерінің тиімді басқарылуы мен экономикалық жағдайларға бейімделу қабілетін көрсетсе керек. Қол жеткізілген көрсеткіштер портфельді инвестициялау мен әртараптандыру стратегиясын ұтымды таңдау нәтижесі.
2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ҚРҰБ пен ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – 22 736,05 млрд теңге. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған, ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 22 415 млрд теңге[1] болды. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі – 255,81 млрд теңге.
ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 65,24 млрд теңге.
ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі
Ұлттық Банк, БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы ретінде теңгерімді инвестициялық саясатты ұстанады: валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының сан-алуан түрлеріне инвестициялайды.
2025 жылғы 1 қаңтарға МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 41,57%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 8,84%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 4,28%, ҚРҰБ депозиттері - 3,11%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 1,69%, МҚҰ - 1,27%.
2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 59,79%, АҚШ долларымен – зейнетақы активтері портфелінің 40,21%.
Алынған кірістің құрылымын талдаудан бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша түскен кірістер – 1 570,92 млрд теңге, бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалау – 200,58 млрд теңге, шетел валютасын қайта бағалаудан – 578,42 млрд теңге, сыртқы басқарудағы активтер бойынша – 1 039,72 млрд теңге болды. Басқа кірістер – 5,88 млрд теңге.
Инвестициялық қызметтің нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан 2024 жылы есептелген инвестициялық кірістің мөлшері 3,40 трлн теңге. Салымшылардың (алушылардың)
[1] зейнетақы жарналары мен төлемдер шоттарындағы ақшаны есепке алмағанда