Ескелді ауылдық округі бойынша ағымдағы жылдың I-тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Ескелді ауылдық округі бойынша ағымдағы жылдың I-тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат.

 

     Бюджеттің орындалуы бойынша Ескелді ауылдық округі әкімінің аппараты ММ-нің жылдық жалпы бюджеті 47 млн 420 мың теңге. Тоқсандық бюджеттік қаражатын толықтай игеру бойынша І-тоқсанда бюджеттің орындалу жоспары- 14 млн 781 мың тенге, нақты орындалғаны 14 млн723 мың тенге, орындалу пайызы 99,6 (4-20 формасы қосымшада)

         Көктемгі дала жұмыстарының барысында  округ бойынша 1000 га себу алдындағы өңдеу, 1300 га  көктемгі жер жырту жұмыстары жүргізілді. Жұмыстар жалғасуда. Сондай-ақ, биылғы егіс жұмыстарына 144 дана ауыл шаруашылығы техникасы, яғни 64 трактор, 11 соқа, 10 дана дәнсепкіш, 6 дана комбайн, 2 дана қопсытқыш техникаларын жұмылдыру жоспарланған. «Уштобинский» ЖШС-гі 90 тонна жағар май мен 300 тонна тыңайтқышқа өтінім беріп, 175 тонна сульфат амония тыңайтқышын алды.

Бүгінгі күні сырғаланған төлдер ұсақ мал-700 бас,бұзау-400 бас. Жұқпалы ауруларды алдын алуы бойынша МІҚ-ға «Аусыл»    4130 дана, «Сібір жарасы» - 500 дана, «Аусыл» Ұ.М.М-3975 бас, ит құтырығына вакцина-400 дана екпе салынды. Ірі қара малдың нодулярлық дерматитіне  қарсы 4150 дана екпе салынды. 

 Округ бойынша пайдаланылмайтын 1619 га жайылымдық жерлерді ауыл тұрғындарына қайтару мақсатында, бүгінгі күні округтің жайылымдық жерлерінің шекарасын анықтау үшін жерлердің картасына тапсырыс берілді.

Суғарым суға келісім шартқа отырған ш/қ саны-9 және «Уштобинский» ЖШС-гі.  Жұмыстар жалғасуда.

Тұрғындардың жер үлестерін қайтарып беру бойынша «Уштобинский» ЖШС-мен жиын 26-28 ақпан күндері жиын өткізіліп, заң аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі күні өз үлестерін алып жер учаскесіне меншік құқығын алушылар саны-39 адам, меншік құқығын сататын мұрагерлер -14 адам, ЖШС-нен шығып, жеке шаруа қожалығын құруға ниет білдіргендер саны-                         16 адам. Жалпы тікелей пай үлескерлері-41 адам, мұрагер пай үлескерлері-                      28 адам, 200 га жер. Тікелей пай үлестері бар тұрғындарға 36 га егістік жерлер                      30-31 наурыз күні таратылатын болады.  Қорғаушы-заңгер Цой Валерий Дмитриевич заң аясында тұрғындардың құжаттарын заңдастыру жұмыстарын жүргізуде.

  Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін кезекке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша барлығы 70 адам өтініш берген. Оның ішінде, Ескелді би ауылында-44, Қызылжар ауылында-9, Көкдала ауылында- 6, Қайнар ауылында-11 өтініш бар. Бүгінгі күнге дейін есептен шығарылғандар  27 өтініш. Жұмыстар жалғасуда.

 Инвестиция  бойынша құжаттары толығымен заңдастырылып, аудандық архитектура, сәулет және қала құрылысы бөлімінде келісімде жатыр. Келісімнен кейін аудандық статистика бөліміне 01 наурыз күні инвест жоба ретінде құжаттары тапсырылады. Жоба құны 100 млн тенге.  ЖК «Адека» иесі  Джелкобаева Лязат Алгунбаевна.

Салық төлемдері

Ескелді ауылдық округінің бюджетіне бүгінгі күнге 7 млн 269 мың теңге салықтық түсімдер түсті (2023 ж.жоспар – 7 млн 215 мың.теңге). 

Жеке тұлғаларды көлік құралдарына салынатын салықтың жылдық жоспары 5 млн 100 мың тенге орындалғаны 4 млн 787 мың тенге, орындалу пайызы 93

Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықтың жылдық жоспары 308 мың тенге, орындалғаны                               222 мың тенге, орындалу  пайызы 72

Жарнамалық салықтың жылдық жоспары 37 мың тенге,  орындалғаны 63 мың тенге, орындалу  пайызы 170

Жеке табыс салығының жылдық жоспары 1 млн 600 мың тенге, орындалғаны 2 млн 103 мың тенге, орындалу пайызы 131.

Жеке тұлғалардың көлік салығының берешектері (недоимка) бойынша

Ескелді ауылдық округі бойынша 2022 жылға көлік салығын  төлемеген жеке тұлғалар саны 14 адам. Соның ішінде 4 жеке тұлғаға 3 рет салық бұйрықтары таратылды. Жалпы тізімдегі 6 жеке тұлға тіркелген мекен жайда тұрмайтындықтан, нақты мекен жайлары белгісіз. 4 жеке тұлға ҚР тыс жерлеріне (Ресей, Корея) тұрақты тұруға көшіп кеткені анықталды. Берешек қарыз               284 мың 642 тенге, Өсімпұлы (пеня) 88 мың тенге.

Әскери міндеттілермен атқарылып жатқан жұмыстар:

Әскери міндеттілердің күзгі шақырылымы бойынша               2000-2005 жылғы жасөспірімдер саны-11. Қорғаныс бөліміне бармаған 5 жасөспірімнің 1 жасөспірімі Корея мемлекетіне отбасымен маусымдық жұмысқа кеткен, басқа қалаларға жұмысқа кеткендер-2, студенттер-2. Мед тексеруден өткені - 6 жасөспірім.1 жасөспірім әскер борышын өтеуде.

Әлеуметтік сала. Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жобасы аясында «Күміс жас» жобасына 5 адам қабылданып жобаны толығымен аяқтады.  Округ бойынша жыл басынан 24 тұрғын қоғамдық жұмысқа қабылданды. Бүгінгі таңда 20 адам жұмыс атқаруда. Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы саны – 34.

         «Е-Өтініш» - «бір терезе» қағидаты бойынша жеке және заңды тұлғалардан барлығы 34 өтініш тіркелген, жеке тұлғалардан - 32, заңды тұлағлардан - 2 өтініш .

          Сондай-ақ, ақпараттық жүйе өтініш берушімен кері байланыс орнатып, мемлекеттік органдардың жұмысына баға беруге және жұмыс сапасын арттыруға жол ашатын бірегей жүйе. Ресми тәртіппен «Е-Өтініш» жүйесі арқылы арыз-шағымыңызды жолдау проблемалық мәселені мемлекеттік органмен бірге шешудің тиімді тәсілі.

          Аудан әкімінің желілік кестесіне сәйкес округке қарасты 4 елді мекендерде ауыл тұрғындарымен 16 кездесу өтті. Кездесудегі көтерілген өзекті мәселелер бүгінгі күні оң шешімін табуда.

Дата публикации
19 апреля 2024