Қаратал аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы «Қаратал ауданының Үштөбе қаласы мен ауылдық округтерінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеттері туралы» № 16-57 шешімін іске асыру туралы

 

          2024 жылғы 10 қаңтар                                   03

 

Қаратал аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы «Қаратал ауданының Үштөбе қаласы мен ауылдық округтерінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеттері туралы» № 16-57 шешімін іске асыру туралы

 

 

              Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-1-бабының                                               2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының                                      1-тармағының 1) тармақшасын негізге ала отырып, және де Қаратал аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы «Қаратал ауданының Үштөбе қаласы мен ауылдық округтерінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеттері туралы»                          № 16-57 шешімін жүзеге асыру мақсатында                                                                                                       Ескелді ауылдық округінің  әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

  1. 2024-2026 жылдарға арналған Ескелді ауылдық округінің бюджеті тиісінше осы шешімнің 1 және 2-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер 47 420 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер 8 920 мың теңге;

салықтық емес түсімдер 0 теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;

трансферттер түсімі 38 500 мың теңге; 

2) шығындар 47 420 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу 0 теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу 0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу 0 теңге; 

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 0 теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 0 теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі 0 теңге;

қарыздарды өтеу 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 0 теңге.

  1. «Қаратал ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ-не Ескелді ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалар мен бір жылға бөлінген мөлшер шегінде бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) міндеттемелер және төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарлары берілсін.
  2. «Қаратал ауданының Ескелді ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-не заңда белгіленген тәртіппен тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) мемлекеттік сатып алудың конкурстық процедуралардың уақытында өткізілуін қамтамасыз етсін.
  3. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
  4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме жүктеймін.

 

 

Ескелді ауылдық округінің әкімі                                         Т. Балшенов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
29 марта 2024