Қаратал ауданы Ескелді ауылдық округі әкімінің өзіне қарасты аумақты елді мекендерінің 2023 жылы бойынша әлеуметтік –экономикалық дамыту көрсеткіштері
Ескелді ауылдық округі 1995 жылы құрылған. Округке 4 елді мекен кіреді, 1 шілде бойынша жалпы халық саны 3150 адамды құрайды. Ескелді би ауылы округ орталығы болып саналады.
Бюджеттің орындалуы туралы:
«Ескелді ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-сі бойынша бюджеттің жылдық жоспары- 102 млн 055 мың тенгені құрайды, орындалуы 102 млн 048 мың тенге. Орындалу пайызы 99,8.
Ауыл шаруашылық және мал шаруашылығы
Округке тиісті жалпы жер көлемі 16 736 гектар. Жерді пайдаланушы шаруа қожалықтар саны 140. Егістік жер - 3803 гектар, ауыл тұрғындарында 128 га, «Уштобинский» ЖШС-де 1351 га, «Арман Агро Холдинг» 407 га жер бар. Ауыл тұрғындарының жайылым жер көлемңі 3353 га.
Шаруа қожалықтардың еккен егін бойынша:
Күріш -260 га өнімділігі 35 цн, алынған өнім-910 тонна
Соя-300 га өнімділігі 25 цн, алынған өнім-750 тонна
360 га жүгері толығымен жиналып,өнімділігі 120 цн ден 4320 тонна өнім алынды.
21 га қант қызылшасы егілді. Аксенов А-11 га қант қызылшасынан өнімділігі 1 га-дан 30 тонна жинап барлығы 200 тонна қант қызылшасын өткізді. «Уштобинский» ЖШҚ-3 га қант қызылшасынан 20 тонна 640 кг қант қызылшасын өткізді.
Округ бойынша ауылшаруашылық техника саны Трактор- 41 дана, Прицеп – 27 дана,Сеялки–5 дана, Косилка- 12 дана, Погрузчик – 2 дана, Экскаватор – 1 дана, Комбайн – 10 дана, культиватор –2 дана
Жыл басынан 76 млн 950 мың теңгеге 4 ауыл шаруашылық техникасы алынды. Олар: «Байсымбаев М» ш/қ-ғы 1 млн 170 мың тенгеге 3 дана жаңа техника сатып алды. (Погрузчик ПКУ-0,9, ковш, вилы для рулона)
«Уштобинский» ЖШС-гі 1 дана астық комбайнын 75 млн 780 мың тенгеге сатып алды.
Округ бойынша ірі қара 4500 бас, қой мен ешкі - 14500 бас, жылқы – 750 бас. 8720 – құс бар.
Ауыл сыртында мал ұстап отырған шаруашылықтар саны 3.
Суландыру жүйелері бойынша 118 арық жүйесі, ұзындығы 229 шақырым бар. Суландыру жүйелері «Казсушар» теңгерімінде. Ағмыдағы жылы арық жүйелерінің 27 шақырымы тазаланды.
Ауыл халқының табысын арттыру мақсатында «Ауыл аманаты» бағдарламасы іске асырылуда. Аталған бағдарлама шарты бойынша 2,5% 7 жылға дейін несие қарастырылған.
Ескелді ауылдық округі бойынша:
1 – траншта 6 адам 31,2 млн теңгеге құжаттарын тапсырды. «Жетісу» ӘКК (СПК)-не өткізген 6 адамның құжаты 31,2 млн теңгеге оң шешімін тауып қабылданды. 8 адамға – 30,4 млн.теңге берілді.
2-ші транш бойынша 6 адам 40,2 млн теңгеге құжаттарын тапсырды. Округ бойынша 6 адам құажжатарын рәсімдеуге өткізіп оның ішінде 5 адамның құжаты толық болмау себебінен мақұлданбады. 1 адамның құжаты қабылданып қаралу үстінде.
Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін кезекке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша барлығы 70 адам өтініш берген. Оның ішінде
- Ескелді би ауылында-44 өтініш
- Қызылжар ауылында-9 өтініш
- Көкдала ауылында- 6 өтініш
- Қайнар ауылында-11 өтініш. Бүгінгі күнге дейін есептен шығарылғандар 27 өтініш.
Инвестиция бойынша
Ескелді ауылдық округі бойынша 86 млн 950 мың теңге көлемінде инвестиция тартылды. Оның 76 млн 950 мың тенге ауылшаруашылық техникалары,
10 млн Абай Қабыл 50 басқа мал бордақылау алаңы,
10 млн Джелкобаева Ляззат «Адека» кафесі
Салық төлемдері
Ескелді ауылдық округінің дербес бюджетіне бүгінгі күнге 7 млн 269 мың теңге салықтық түсімдер түсті (2023 ж.жоспар – 7 млн 215 мың.теңге).
Нақтырақ айтсақ;
Жеке тұлғаларды көлік құралдарына салынатын салықтың жылдық жоспары 5 млн 100 мың тенге орындалғаны 4 млн 787 мың тенге, орындалу пайызы 93
Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықтың жылдық жоспары 308 мың тенге, орындалғаны 222 мың тенге, орындалу пайызы 72
Жарнамалық салықтың жылдық жоспары 37 мың тенге, орындалғаны 63 мың тенге, орындалу пайызы 170
Жеке табыс салығының жылдық жоспары 1 млн 600 мың тенге, орындалғаны 2 млн 103 мың тенге, орындалу пайызы 131.
Жеке тұлғалардың көлік салығының берешектері (недоимка) бойынша
Ескелді ауылдық округі бойынша 2022 жылға көлік салығын төлемеген жеке тұлғалар саны 14 адам. Соның ішінде 4 жеке тұлғаға 3 рет салық бұйрықтары таратылды. Жалпы тізімдегі 6 жеке тұлға тіркелген мекен жайда тұрмайтындықтан, нақты мекен жайлары белгісіз. 4 жеке тұлға ҚР тыс жерлеріне (Ресей, Корея) тұрақты тұруға көшіп кеткені анықталды. Берешек қарыз 284 мың 642 тенге, Өсімпұлы (пеня) 88 мың тенге. Жұмыстар жалғасуда.
Әскери міндеттілермен атқарылып жатқан жұмыстар:
Әскери міндеттілердің күзгі шақырылымы бойынша 2000-2005 жылғы жасөспірімдер саны-11. Қорғаныс бөліміне бармаған 5 жасөспірімнің 1 жасөспірімі Корея мемлекетіне отбасымен маусымдық жұмысқа кеткен, басқа қалаларға жұмысқа кеткендер-2, студенттер-2. Мед тексеруден өткені - 6 жасөспірім.1 жасөспірім әскер борышын өтеуде.
Әлеуметтік сала.
Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жобасы аясында «Күміс жас» жобасына 5 адам қабылданып жобаны толығымен аяқтады. Округ бойынша жыл басынан 24 тұрғын қоғамдық жұмысқа қабылданды. Бүгінгі таңда 20 адам жұмыс атқаруда. Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы саны – 34.
Құрылыс жұмыстары
Облыстық маңызы бар Талдықорған-Үштөбе тас жол бойындағы «Ескелді би ауылы» стелласын күрделі жөндеу жұмыстарын мердігер ұйым «G-Capital Group» ЖШС-гі 971 936-00 теңге жүргізді.
Көкдала ауылында балалар ойын алаңының құрлысын мердігер ұйым «АТС Вuild» ЖШС-гі 6 млн 706 мың 560 тенгеге ұтып алып, құрлыс жұмыстарын толығымен аяқтады. Бүгінде ойын алаңы қолданысқа берілді.
Облыстық маңызы бар Көкдала ауылына кіре берістегі көпірді күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Тапсырыс беруші «Жетісу облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ. Мердігер ұйым «СК Гранд Канал ӨК» құрлыс аяқтау мерзімі желтоқсан 2023 жыл.
Ескелді би кесенесін күтіп ұстау жұмыстарына (аумақты жинау, екпеге гүл отырғызу, сәндік ағаштарды жасыл желектерді суғару, әктеу, бояу) 850 000-00 тенгеге «Тендер саласы» ЖШС-гі және де кесенеге 1500 дана петуня гүлін егу жұмыстарын 135 000-00 тенгеге «Lyivita» ЖШС-гі, 750 000-00 тг мердігер ұйым «Ргалбекова» ЖШС-гі газон егу жұмыстарын жүргізді.
Округтің көше жарығына жылдық қызмет көрсету үшін 700 000-00 тенгеге «Смета-КZ» ЖШС-нің жұмысы жүргізілуде.
Орталық І. Жансүгіров көшесіне көше жарығын орнату бойынша ұзындығы 2200 метр 63 бағдаршамды медігер ұйым ЖШС «InvestStroiCroun» жүргізеді.
Демеушілер арқылы төменгі Жансүгіров көшесінің
1 шақырымына көше жарығы орнатылды.
Б.Ноғайбаева. Б.Саттарханов, Ш.Уалиханов көшелеріне көше жарығы орнатылды. Мердігер ұйым ЖШС «АГ Электрик»
Қызылжар ауылындағы Рысқұлов, Дуйсенбаев, Горького көшелеріне көше жарығын орнату «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы бойынша жүргізілуде. Мердігер ұйым «Ескелді қала құрлыс» ЖШС-гі. Жоба құны 7 млн 392 мың тенге.
Бүгінгі күні Қызылжар ауылындағы балалар ойын алаңын салу жұмыстары аяқталды. Балалар ойын алаңы Байтурсунов көшесі № 4 «А» мекен жайындағы «Обелиск славы» ескерткішінің алаңында орналасқан. Балалар ойын алаңының мердігер ұйымы «G.Kapital grup» ЖШС-гі. Жоба құны 13 млн 327 мың 888 тенге.
Сонымен қатар, Ескелді би ауылында ветеринарлық пунктінің модульдік кешені орнатылады.
Ескелді ауылдық округі бойынша елді мекендердің аумағындағы 10,5 км автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұстауын «Тендер саласы» ЖШС-гі 345 000 тенгеге жүргізуде.
Білім саласы бойынша
Ескелді ауылдық округінде 2 орта мектеп 1 орталау мектеп және 1 «Айым» балабақша жұмыс істейді. 2023-2024 оқу жылында Қошқарбаев орта мектебінде оқу жылын 258 оқушымен бастады. 1-сыныпқа қабылданған оқушы саны - 22.
Лермонтов орта мектебінде 139 оқушымен бастады. 1-сыныпқа қабылданған оқушы саны -17.
Көкдала орталау мектебінде 72 оқушымен бастады.1-сыныпқа қабылданған оқушы саны – 9
«Айым» балабақшасында - 50 бала тәрбиеленуде.
Жылыту маусымының барысы
Қошқарбаев орта мектебі бойынша- лимит 42 142 т алынғаны 42142 т. қолданғаны 10410 литр қалған сұйық отын- 31732 тонна, жылу температурасы 19 градус.
Лермонтов орта мектебі бойынша- лимит 32438 т алынғаны 31025 т. қолданғаны 7800 литр, қалған сұйық отын-23225 тонна, жылу температурасы 19,21 градус
Көкдала орталау мектебінде пиллет отынынының лимит 70 тонна алынғаны 30 тонна. Қолда бар сұйық отын 690 литр, жылу температурасы 20,21 градус
Мәдениет және спорт саласы.
Ескелді ауылында 1 Мәдениет үйі, 1 кітапхана орналасқан. Кітап қоры-22 280.
Саламатты өмір салтын насихаттау, жастар мен жасөспірімдердің уақытын тиімді өткізу үшін жекпе-жек клубы ашылған. Жаттықтырушылар Сыдыков Назымжан Кайратович пен Сайнов Нусипжан Кенжебекович- Бүгінгі күні клубта округтің 5 жастан жоғары жалпы 50 жастары дүйсенбі- сенбі аралығында күнделікті 3 кезеңнен 0900 -2100 дейін жауынгерлік самбо, Дзюдо, аралас жекпе жек пен Ушу Саньда спорт түрлерінен жаттығуда.
Денсаулық саласы.
Ауылдық округте
1 ауылдық амбулатория (дәрігерлер-7),
1 ФАП бар (2 мед.қызметкер),
1 мед.пунк (1-мед қызметкер) жұмыс істеуде. Жыл басынан округте 33 сәби дүниеге келсе, қайтыс болғандар саны-9 адам. Тағиғи өсім 24. Жүкті әйелдер саны-30.
Қоғамдық тәртіп туралы
2023 жылдың 10 айында 2-мал ұрлығы және де бөтеннің мүлкін ұрлау бойынша 5- қылмыс тіркелді. Тіркелген қылмыстардың 1-мал ұрлығы ашылмады. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекісінің 440 бабы мас күйінде қоғамдық орындарда жүру бойынша 10 хаттама толтырылды. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекісінің 505 бабы, яғни қоқыс лақтыру, белгеленбеген орынға мал жаю, т.б бойынша 41 хаттама толтырылды.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексіне негізделген, азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгіну рәсімдерін барынша жеңілдетуге және олардың қаралуын бақылауды жетілдіруге арналған «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі енгізілген.
«Е-Өтініш» - «бір терезе» қағидаты бойынша жеке және заңды тұлғалардан барлығы 34 өтініш тіркелген, жеке тұлғалардан - 32, заңды тұлағлардан - 2 өтініш.
Сондай-ақ, ақпараттық жүйе өтініш берушімен кері байланыс орнатып, мемлекеттік органдардың жұмысына баға беруге және жұмыс сапасын арттыруға жол ашатын бірегей жүйе. Ресми тәртіппен «Е-Өтініш» жүйесі арқылы арыз-шағымыңызды жолдау проблемалық мәселені мемлекеттік органмен бірге шешудің тиімді тәсілі.
Аудан әкімінің желілік кестесіне сәйкес округке қарасты 4 елді мекендерде ауыл тұрғындарымен 16 кездесу өтті. Кездесудегі көтерілген өзекті мәселелер бүгінгі күні оң шешімін табуда.