Местное сообщество

Қаратал ауданы Ескелді ауылдық округінің жергілікті  қоғамдастық  жиылысының  № 5 ХАТТАМАСЫ

 

Ескелді би  ауылы                                                                    18 тамыз 2023 жыл

                                                                                                    Сағат 10-00                                                                            

 

Төраға: Хасханов Р

Хатшы: Атибекова М                                                      

Қатысқандар- ауылдық округ әкімі Т. Балшенов, округ мамандары мен  жергілікті қоғамдастықтың мүшелігіне сайланған 17 адам.

                

Күн  тәртібінде:

Жаңадан жергілікті қоғамдастықтың мүшелерін тағайындау, жергілікті қоғамдастықтың басым міндеттері мен жергілікті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелері туралы

 

 ТЫҢДАЛДЫ: Балшенов Талгат Жаканович- округ әкімі. Өз сөзінде  2001 жылдың 23 қаңтарындағы «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» № 148 Заңының 39-3 бабының   5 тармақшасына сәйкес, жергілікті қоғамдық келісім кеңесінің кезектен тыс  жиналысын өткізу үшін  Сіздерді жинап отырмын.   Жергілікті қоғамдастық жиынының күн тәртібіндегі қаралатын мәселе жаңадан жергілікті қоғамдастықтың мүшелерін тағайындау, жергілікті қоғамдастықтың басым міндеттері мен жергілікті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелері туралы. Қаратал ауданы маслихатының 2021 жылғы 11 қазандағы «Қаратал ауданының аумағында жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» № 15-46 шешіміне сәйкес жиналыс мүшелерінің кемінде он пайызының бастамасы бойынша, тоқсанында кемінде бір рет жиналысқа шақырылуы мүмкін делінген. ЖҚ мүшелерінің өздерінің өтініштері бойынша мына азаматтар тізімнен алынды. Олар. Л.Котова, Шариф-оглы Батима, Хамиева Тамара, Тактарова Галина, Смагулов Курман, Дюсенбаева Рысты, Шин Михайл, Огай Сергей. Алып қосарларыңыз, ұсыныстарыңыз бар ма? Жоқ болса сіздерге жаңадан тізім берілді. Сол тізімдегі азаматтар жергілікті қоғамдастықтың жаңа мүшелеріне тағайындалсын деген ұсыныс түсті. Жаңа жергілікті қоғамдастықтың мүшелерімен таныстырып өтейін. Тізім қосымшада.  Басқа да ұсыныстарыңыз бар ма. Ендеше осы аталған 17 адам ауылдық округтің жергілікті қоғамдастық мүшелері болып бекітілсін.

ТЫҢДАЛДЫ: Хасханов Руслан Хасбулатович- ЖҚ төрағасы.

Саламатсыздар ма құрметті жиынға қатысушылар.  Өздеріңізге мәлім жергілікті қоғамдастыққа өз еріктерімен мүшелікке кірген 17 адам тағайындалды. Жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері бір ауыздан келісімдерін

  ТЫҢДАЛДЫ: Желкобаева Галия Жекетаевна - ЖҚ мүшесі. Мен келісемін. Толығымен қолдаймын.

ТЫҢДАЛДЫ: Балшенов Талгат Жаканович- округ әкімі. Өз сөзінде округтегі атқарылып жатқан жұмыстарды (жол жөндеу, көше жарығы, балалар ойын алаңын салу, газ тарту жұмыстары) баяндап, округтегі өзекті басым мәселелерді талқылады.

 

Ескелді ауылдық округінің жергілікті  қоғамдастық  жиылысы

ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. Жергілікті қоғамдастықтың мүшелері 17 адаммен келісіліп, бекітілсін.
  2. Жергілікті қоғамдастық жиынында көтерілген басым міндеттер мен жергілікті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелері назарға алынсын.

 

 

               Төраға                                                    Р. Хасханов

  

         

                 Хатшы                                                    М. Атибекова

 

 

 

 

 

"Қаратал ауданының Ескелді ауылдық округі" мемлекеттік мекемесінің Жаңадан жергілікті қоғамдастықтың мүшелерін тағайындау
Дата публикации
18 марта 2024