Бюджеттің орындалуы бойынша 2026 жылы Елтай ауылдық округі әкімінің аппараты ММ-нің жалпы бюджеті 51 млн 525 мың теңге. Тоқсандық бюджеттік қаражатын толықтай игеру бойынша І-тоқсанда бюджеттің орындалу жоспары 13 млн 136 мың теңге, нақты орындалғаны 13 млн 003 мың 076.12 теңге. Орындалу пайызы 99%.
Ауыл шаруашылық және мал шаруашылығы бойынша.
Округте 2026 жылғы санақ бойынша. Мүйізді ірі қара–2500 бас, Мүйізді ұсақ мал –12500 қой 900 бас ешкі, жылқы – 1500 бас, 5500 бас құстар бар. Мәліметтер электрондық шаруашылық кітабына енгізіліп, жандандырылған. Көктемгі дала жұмыстарына «Нұр» және шаруа қожалықтары 14 500 000 «КазАгроқаржы» акционерлік қоғамынан төмен пайызды несие алды және «Төреғали» шаруа қожалығы «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамынан 11 000 000 теңге несие алды. «Нұр» шаруа қожалығы арзандатылған дизель отынын 11 тонна алды. Округ бойынша егістік егуге дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
|
№ |
Дақылдың атауы |
Егілетін алқап(га) |
Жиналатын алқап(га) |
|
1 |
Күздік бидай |
30 |
30 |
|
2 |
Жаздық бидай |
61 |
61 |
|
3 |
Арпа |
60 |
60 |
|
4 |
Қант қызылшасы |
- |
- |
|
5 |
Соя |
170 |
170 |
|
6 |
Бақша |
20 |
20 |
|
7 |
Көкөніс |
69 |
69 |
|
8 |
Картоп |
13 |
13 |
|
9 |
Көпжылдық шөп (га) |
130 |
130 |
|
10 |
Көпжылдық шөп(га) |
145 |
145 |
Дала жұмыстарының барысында
Арзандатылған дизель отынына 2026 жылы 11,500 литр. Сүдігер жоспар 220 га, терең жырту 20 га, орындалған -200 га
Инвестиция тарту бойынша Округ бойынша 2026 жылдың I тоқсанында “Тұрсынбек А” шаруа қожалығы мал бордақылау алаңын ашу мақсатында төмен пайызды несие алу үшін құжаттарын жинастыруда. 2026 жылы «Марғұлан» шаруа қожалығы тамшылатып суғару әдісін іске қосу мақсатында, құбырлар өндіру мини заводты әкеліп, орнатып, кешенді жұмыстар басталуда.
Әлеуметтік сала Округ бойынша 2026 жылдың I тоқсанында «Күміс жас» жобасы бойынша 2 адам, қоғамдық жұмысқа 8 адам тартылды, 2026 жылдың бірінші тоқсанында 5 отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Ауыл тұрғындарына ақпан айында демеушілер тарапынан көп балалы отбасыларға, тұрмысы төмен аз қамтылған отбасыларына 40 тонна көмір тегін таратылды, 70 отбасыға ақшалай 3 миллион теңге көмек көрсетілді.
Санитарлық тазалық. Округ бойынша санитарлық тазалық жұмыстары бойынша қоғамдық орындар, округтің көше бойлары, Талдықорған-Үштөбе трассасының тазалықтары уақытылы жүргізілуде. Округ бойынша 1 тоқсанда 4 сенбілік, өткізіліп, 10 тонна қоқыс шығарылды. Ауыл тұрғындарына санитарлық тазалық нормаларын сақтау бойынша хабарландырулар таратты.
Жылу беру маусымына дайындық жұмыстары бойынша округте 900 тонна қатты отынды қажеттілік етеді. Жылыту маусымына тұрғындар 900 тонна қатты отын түсірді. 1 тоқсан бойынша ауыл тұрғындарында қалғаны 500 тонна қатты отын қолда бар. Тұрмысы төмен 20 отбасыға демеушілер тарапынан 40 т қатты отын таратылды.
(Округ бойынша 16 тұрғын үй бос, үй иелері бар. Тұрмысы төмен отбасылар - 6, жалғыз ілікті азаматшалар – 3.)
Газ жүйесін тарту бойынша Сарыбұлақ ауылына газ жүйесін жүргізу жұмыстары толығымен аяқталды. Қазіргі уақытта 10 үй газга қосылды.
Қаражиде ауылына магистральді құбыр және ауылдың ішкі құбырларын тарту жұмыстары жүргізілуде.
Көше жарығы бойынша. Округ бойынша 2026 жылдың I тоқсанында түнгі жарық беру бойынша толық көше жарық шамдары ауыстырылды. Жарық беру жүйесі қалыпты жағдайда жұмыс жасауда. Істен шыққан шамдарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. 38 шам ауыстырылды.
Салық төлемдері бойынша Округ бойынша 2026 жылдың I тоқсанында салық төлемдері жоспарға сай мерзімді орындалуда. Төлемдерді мерзімді төлеу бойынша жұмыстар атқарылуда.
|
№ |
Салық түрлері |
2026 жылға берілген жоспар, теңге |
Орындалған, теңге |
Орындалу пайызы, % |
|
1 |
Мүлік салығы |
319 000 |
2000 |
0,6 |
|
2 |
Жеке табыс салығы |
4 200 000 |
1 076 000 |
26 |
|
3 |
Көлік салығы(жеке тұлға) |
4 000 000 |
1 840 500 |
46 |
Елтай ауылдық округі бойынша 2026 жылдың басынан еш бір қылмыстар тіркелмеді.
Өткізілген іс-шаралар, жеке қабылдаулар мен жиындар бойынша Округ бойынша 2026 жылдың I тоқсанында ауыл тұрғындарымен барлығы 2 жиын, 12 жеке қабылдау, 2 қоғамдастық жиналыстары өткізілді. Жеке қабылдаудың хаттамалары толық жазылып, «Е-Өтініш» жүйесіне уақытымен тіркелді. Жиындардың хаттамалары толығымен жазылды. Бұқаралық іс-шараларды өткізу барысында 2 мәдени іс-шара ұйымдастырушылықпен өтті.
Келіп түскен құжаттар мен құжат айналымы бойынша
Округ бойынша 2026 жылдың I тоқсанында кірістер саны 24 хат, шығыстар саны 67 хат, электронды хаттар бойынша кірістер -60 хат, шығыс - 34 хат уақытылы тіркелді.
Жоспар бойынша Проблемалық мәселелер мен тәуекелдер
10 Қаражиде ауылының газ жүйесінің құрлысын аяқтап қолданысқа беру.